Біз – әрқашан біргеміз! (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

 Біз – әрқашан біргеміз! (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Адамгершілік»
Сабақ тақырыбы: Біз – әрқашан біргеміз!
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.1 Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін түсіндіру және өз нұсқасын ұсыну.
3.1.2.2 Түрлі көзқарастар жағдайында сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастырады;
• ұжымдық шешім қабылдайды.

1. Құмырсқалар туралы бейнежазба (ұжымда)
Оқушыларға құмырсқалар туралы бейнежазбаны көру ұсынылады. Көрер алдында оқушыларға бейнежазбаны көру барысында байқаған құндылықтар/немесе сұрақтар/немесе ойлар жазатын стикерлер таратылады.

2. «Менің пікірім» стратегиясы (жұпта, ұжымда)
- Бейнежазбаны көріп болғаннан кейін, алдымен жұбымен, кейін ұжымда өз жазбаларымен бөліседі.
- Бейнежазбаның негізгі ойын талқыланады. Оқушылар өз стикерлерін «кері байланыс ағашына» жабыстырады.
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Ұжым деген не?
-Біздің сыныпты ұжым деп айтуға бола ма?
-Сыныпты кім басқарады?

3. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Сыныптың өзін-өзі басқару ережелерін құрастыру;
- Сыныпта ұжымдық шешімді қабылдау жолдарын айқындау.
4. «Шыбықтар» практикалық көрсетілім (топта)
Мұғалім 4-топқа бір қорап шырпыдан (сіріңке) таратады. Шырпыны қолдануда қауіпсіздік ережесімен таныстырады. Мынадай жағдаят беріледі:
-қораптан барлық шырпының шиін алып шығып, барлығын бірге ұстап сындырып көр;
- шырпының бір бас шиін алып сындырып көр;
- мұғалім «Сыпырғыш» аңызын айтып береді.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Неге шырпының бірнеше шиін қосып сындырғаннан, бір бас шиін сындыру оңай?
- «Бірге болу» деген нені білдіреді?
- Сендер бірге не істейсіңдер?

5. Мәселелік жағдайды шешу (топта)
• 4-топқа арналған мәселелік жағдайлар таратылады.
• Оқушылар топта мәселені шешіп, ортақ бір шешімге келулері тиіс.
• Әрбір топтың шешімі талқылауға түседі.
Бағалау критерийлері:
• Бірге шешім қабылдай алады.

6. «Елсіз арал» ойыны
-«Елсіз арал» ойыны арқылы әр топқа «аралда» өзін – өзі ұстау ережесін құрастыру ұсынылады. Ұсынылған ережелер арқылы мұғалім оқушылармен бірлесе сыныптың ережесін құрастырады. Оқушылар артығын алып, толықтырулар енгізіп, ұжымды түрде ортақ бір шешім қабылдайды.
- «Өзін-өзі басқару», «ұжымдық шешім», «ымыраға келу», «өзара құрмет» ұғымдары талданады. Оқушылар күнделікті өмір дағдыларынан мысалдар келтіріп, дәлелдейді..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 895



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?