Денсаулық туралы шығарма, эссе
Денсаулық туралы эссе
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда. Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Қажетті сілтемелер:
-
Денсаулық зор байлық туралы шығарма
-
Денсаулықты сақтау – өз қолымызды екенін ұмытпайық атты эссе
-
Салауатты өмір салтын ұстанамыз атты шығарма
-
Денсаулық – адам өміріндегі үлкен байлық туралы эссе
Дені сау болған керемет!
Адам әр нәрсенің бағасын басынан өткізген кезде ғана біледі...
Мен де сондай жанның бірімін. Есімді білгеннен кейін, 11жасымда мен кенеттен қатты қысылып дәрігерге көріндім. Содан мендегі аурудың туылғаннан бері бар екендігі анықталды. Сол уақыттан бері ата-анам мені барлық жерге көрсетіп, емдетіп келеді. Бұл ауру мені тез есейтті, ауруым жаныма батқанда денсаулықтың бағасын, өмірдің қадірін түсінгендей боламын. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп санаймын.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл ауруды да жеңіп шығамын, себебі, ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым және ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі.
Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар жасауды әдетке айналдырдым. Өзімнен үлкен апамның киімдерін үтіктеуге, өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімнің сабағын дайындауға көмектесемін. Сонымен, менде бос уақыт мүлде болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын.
Мен өз сыныптас құрбыларыма да ризамын, олармен уақыт өткізу өте көңілді. Сырласасын, білмеген ойларыңды бөлісесін, кейбір істерге кеңес бере отырып, өзің үйренесің. Ондай күндері біреуге "көмегім тиді-ау" деп, кешке дейін қуанып жүресің. Мұсылман ұл-қыздарының бойындағы әдептілік пен әдемілік өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын қасиет. Мен бұл қасиеттіліктің үнемі сақталуын қадағалап отыратын ұстаздарға да рахмет айтар едім. Сабаққа келгеннен, үйге кеткенге дейін өздерінің жіті бақылауында қадағалап отыратын ұстаздарымыз біздің болашағымыз үшін көп алаңдайды.
Кейде кейбір замандастарыма ренжитін кездерім де болады. Олар сырт келбеттерін әрлеп, шаштарын жайып өзіне жарасымсыз қылықтармен әуестенеді. Ол қылықтары өздеріне ерсі екенін біле-тұра, еркеліктен істейтіндері көп. Ата-аналарының сөзін сөйлейтіндігін білетін олар болмашы нәрсеге ата-аналарын ара-шашы етіп жүрген жерлерің шулатып жүреді. Ондайлар көбіне баршылық отбасынан болады. Шегу, ішу т.б. жат әрекеттерге де баратын солар деп ойлаймын. Бұндай жастарымыз өзіне ғана зиян келтірмей отбасына, жүрген ортасына да қауіпті. Себебі, олар өз орталарына өзгелерді тартуға бейім болады. Мен бұндайларға жиіркене қарап, өзіме сабақ аламын. Және өзімнің құрбыларыма да сабақ болсын деп ескертіп жүремін.
Біздің Қазақстан кең байтақ. Шығысы мен батысы, солтүстігі мен оңтүстігі ат шаптырым, көз жетпес қияда. Егер сен саяхатқа шығып, демалысыңды қызықты өткізгің келсе Қазақстанды арала. Кейде мен теледидардағы басқа елдерді аралап, тұрмыс-салт, әдет-ғұрпымен таныстырып жүрген жиһанкездерді көргенде, мен де өз елімді өзге елдерге осылай етіп көрсетсем деген ой қиялымды жетелеп кетеді. Өз елімнің табиғатың, емдік қасиеті бар түрлі шипалы жерлерін мақтанышпен көрсетер едім. Түрлі өсімдіктерінен емдік дәрілер жасар едім.
Өз елін сүйген адам - оның көркеюіне үлесін қосары сөзсіз. Ата-анасын сүйген адам - болашағы үшін күресе білетін адам. Достарың сүйген адам – адамдық қасиеттілігі мол адам. Менің бойымда осының бәрі бар. Мен өз келешегім үшін, денсаулығым үшін күресе білемін, өз басымды ғана емес өзгелерді де түрлі жаман қасиеттерден алшақ жүруден сақтандырамын.
Есірткі есірудің белгісі,
Біле-тұра әуестенер көп кісі.
Ондай кезде теріс болар оң ісі,
Құмарлықпен, жамандыққа бармайық,
Жат қылықтан, бойымызды сақтайық.
Ата-ананың сенімін ақтайық.
Денсаулық ұранын ұстанайық,
Қуаттылық ұстанымы бізге лайық.
Есірткісіз көшін бастап тұрайық,
Бейбіт күннің әнін шырқап жүрейік!
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дуние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. "Денсаулық - зор байлық" – деген сөз бекер айтылмаса керек. Дені сау адам қоғамның белсенді бір мүшесі. Менің алдыма қойған мақсатым көп... Оған жету үшін үнемі күресу керек. Күресу үшін денсаулық керек. Бұл ауруды да жеңіп шығамын, себебі, ата-анам, бауырларым, туыстарым, достарым және ұстаздарым менің тілеуімді тілеп, қамықпауыма көп көмектеседі.
Мен өз отбасымның бақыттылығына өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірінші ата-анамды қуантып, жұмыстан келгендерінде оларға арнап бір жаңалық жасағым келеді. Шайға арнап түрліше піспелер дайындауды және салаттар жасауды әдетке айналдырдым. Өзімнен үлкен апамның киімдерін үтіктеуге, өзімнен кейінгі іні-сіңлілерімнің сабағын дайындауға көмектесемін. Сонымен, менде бос уақыт мүлде болмайды. Өзінің бос уақытын тиімді пайдаланған адамға өзге қылтың-сылтыңды ойлауға да мұршасы болмайды. Ол үшін таңертең шағын бір күндік жоспарымды жасап аламын, сол жоспар бойынша ойлағанымды іске асырамын.
Біреулер денсаулықты әсемдікпен, әдемілікпен байланыстырады. Енді біреулер үшін денсаулық — күш-қуат, ерік-жігер, салауатты ой сана. Тағы бір топ ағзадағы сырқат белгілерін айта бастайды. Шындығында, біздің денсаулығымыз қоршаған ортамызға, тыныс-тіршілігімізге тікелей байланысты. Бірақ денсаулықтың нағыз анықтамасы қандай екені осы шығарма бойынша түсіндіріледі.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Бірақ, бұл менің ойымша, келешекке бағытталған түсіндірме.
Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық». Біздің зерттеуіміз бойынша, Қазақстанда, мысалы, абсолютті 100% дені сау адам жоқ. Халықтың 20%-ы салыстырмалы түрде ғана дені сау деп айта аламыз. Бірақ қатты күйзеліс, қатерлі факторлар әсер ететін болса, олар бұл санаттан шығып қалуы ықтимал. Енді 40%-ы сырқаты емделсе де, нәтижесі нашар жандар. Адамға кез-келген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Соның әсерінен әртүрлі күйзелістер пайда болған адам өз күшімен бұл жағдайдан шығып кете алмайды. 20%-ы ауру алды күйде және аурулардың созылмалы түріне өткен. Енді қалған 20%-да түрлі созылмалы сырқаттар бар. Бұл кісілердің жалпы денсаулығын қалпына келтіру оңай емес, бірақ сол аурулардың асқынуының алдын алуымыз керек. Бір ауру екінші ауруға өтіп кетпеуі керек. Тұрғын халық, денсаулық сақтау ұжымдары, басқа да кез-келген ұжым денсаулыққа көп көңіл аудару қажет.
Денсаулығына деген қажеттілік әр жаста әртүрлі көрініс береді. Жаңа туған балаға ананың сүті, жәй ғана мұқтаждық емес, денсаулығының негізгі көзі болса, кейін бала өсе келе оның орнын толықтыру үшін тағам рационынан басқа құндылықтарды керек етеді. Мысалы, май қосылған тамақтар, белок дүниесі, сосын жеңіл кәдімгі тағамдар молырақ болуы керек. Мектеп жасына келгенде бала ойнайды, яғни дене қимылы мол болғандықтан, олардың да тамағында өзгерістер болады. Денсаулығы жақсы болуы үшін, ортасына лайық болуы үшін, мысалы, отырып жұмыс істеутін ғалымдар, мұғалімдер, дәргерлердің энергия жұмсау мөлшері аз болғандықтан, тамақтың сапасын да басқаша көріністе беріп отырады.
Жалпы, денсаулықтың 53%-дауы өмір сүру салтына байланысты, 18%-дайы сыртқы ортаның әсерлеріне байланысты, тағы 18-20%-дайы әр адамның өзінінің генетикасына, яки тұқым қуалаушылығына байланысты. Сонда қалған 5-10%-дайы ғана медицина мамандарына байланысты (денсаулық сақтау саласында қазіргі кезде оң өзгерістер көп, кемшіліктер де жоқ емес). Сондықтан, адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек, өзін-өзі күте білуі керек, өзін-өзі жақсы көруі керек. Денсаулық, салауаттылық санадан бастау алады.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?