Мен және менің денсаулығым
Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Шымырбектің денсаулық сатылары.
Мақсаты: Денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірдің тірегі екеніне көз жеткізу. Денсаулыққа тек дене шынықтырумен айналысу арқылы жетуге болатынына бағдар беру. Емдік денешынықтырудың пайдасын түсіндіру. Карта арқылы жүрер сапарын бағдарлай білуге үйрету. Ойын саяхат арқылы шапшаңдыққа, ептілікке және денсаулыққа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Билингвалды компонент: денсаулық – здоровье, саяхат – путеществие, экскурсия, тіс щеткасы – зубная щетка, сабын – мыло, су – вода, рюкзак – жолдорба.
Шаттық шеңбері:
Әуен ырғағымен балалар қолдарын бүйіріне қойып, түзу тұрады. Қимылдарды балалар бірге жасап, орталарын қуанышқа, жақсылыққа толтырады.
Тосын сәт: Қонаққа балаларға Шымырбек бала келеді. Ол сәлемдесіп, өзі жайлы, неге солай атағаны жайлы айтып береді де, балаларды «Денсаулық» жолымен, саяхатқа баруға шақырады.
Жарқын-жарқын күнде біз
Денсаулыққа қонаққа барамыз.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа шықпас бұрын, жолға алатын керек заттарды атаңдаршы.
Ойын: «Саяхатқа жиналамыз»
Балалар үстел үстіндегі заттардан тек жолға керек заттарды, жолдорбаға сала отырып, атаймыз және орысша да қайталаймыз.
¾ Ал, компос не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Тәрбиеші: Балалар, сендер дайын болсаңдар, саяхатымызға аттанайық. Алдымен картаға бір қарап алайық, сапарымыз қайдан басталатынын көріп алайық.
¾ Балалар, саяхатқа немен барсақ деп ойлайсыңдар?
Шымырбек:
¾ Жарайсыңдар, салауаттылық жаяу жүрістен басталады. Өйткені сендер жол бойы таза ауамен дем алып, денелеріңді шымырландырасыңдар.
Тәрбиеші: Балалар, сендерге жол бойы гүлзар кездеседі, ол жерде түрлі гүлдер өседі.
¾ Балалар біз гүлзарға да жеттік. Қараңдаршы, ішінде ерекше әдемі гүл гүлдеп тұр.
¾ Қанеки, гүлдерге жақындайық.
«Гүлдерді иіскейік» тыныс алу жаттығуы.
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрышты сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Сол қолыңды соз алға.
Оң қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап зырласын.
Балалар, саяхаттап орманға жетеді.
Қалай ойлайсыңдар, неге орманда демалуымыз жеңілдеді?
Тыныс алу кезеңі:
– Балалар, орманда нелер тұрады?
– Балалар, орманда тұратын жануарлар атын атайды.
– Ендеше, балалар сендермен ойын ойнайық.
Олай болса, менің қалтамда түрлі-түсті шарлар бар, соларды үрлеп ойнайық.
«Кім шарды тез үрлейді?»
Шымырбек:
¾ Жарайсыңдар, балалар, қандай керемет ойын болды. Шарларды алып шыққаным қандай жақсы болды.
Тәрбиеші:
Енді саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
¾ Алдарыңнан әдемі ағаш кездеседі. Шымырбек ағаштың астынан хат тауып алады да, балаларға оқып береді.
¾ Бұл хатты сендердің білімдеріңді тексеру мақсатында қалдырған сияқты.
¾ Жарайсыңдар, ал кім денсаулық туралы тақпақ біледі?
Ботагөз:
Денсаулық – ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Алуа:
Денсаулық – ол тыныққан
Жүйке жүйесі.
Ернар:
Денсаулық – ол күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Димаш:
Денсаулық – ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Шымырбек:
Сендер шаршаған боларсыңдар, отырып тамақтанып алайық. Бірақ тамақты ішпес бұрын олардағы дәрумендерді атайық.
¾ Менің жолдорбамда қандай ас бар?
¾ Онда қандай дәрумендер бар?
¾ Ал, сенде ше?
¾ Ол тістеріңді, сүйектеріңді қатайтады. Ал, мен көкөністер алдым. Онда С дәрумені және кальций бар.
¾ Олай болса, денсаулық бағбандары болып «Денсаулық ағашын» өсірейік.
Д/о: «Денсаулық ағашы» денсаулыққа пайдалы, зиянды заттардың суреттерін қоямын.
¾ Балалар, мына суреттерден денсаулық ағашына тек денсаулыққа пайдалы суреттерді ілеміз. Балалар, қараңдаршы, қандай керемет денсаулық ағашы, гүлденіп кетіпті.
Жадымызға сақтайық,
Денсаулыққа пайдалы.
Күшіңе күш қосатын,
Дәруменді тағамдар.
¾ Денсаулығымыз мықты, ауырмау үшін – шынығу керек.
¾ Ертеңгілік жаттығу жасау керек.
¾ Тазалық ережесін ұстану керек.
¾ Спортпен шұғылдану керек.
Шымырбек:
¾ Бүгінгі «Денсаулық жолымен» жүрген саяхатымыз аяқталуға жақын.
¾ Сендер бүгінгі саяхатымыздан, ол жерде көргендеріңнен, қандай әсер алдыңдар?
Тәрбиеші: Шымырбек, сенің бүгінгі бізбен бірге ұйымдастырған саяхатың балаларға қатты ұнады. Саған көп-көп рахмет! Салауатты өмір салтын сақтауға көмектескеніңе ризамыз! Әрқашан біз сені қолдаймыз!
Келесі кездескенше, сау бол!
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар салауатты өмір салтының ережесін біледі.
Меңгерді: Дәрумендердің пайдасын, қай тағамда кездесетінін толық біліп, оның маңызын түсінеді.
Жасай алды:Күн тәртібінің, таза ауамен шынығудың бала ағзасына тигізер әсерін түсініп жасайды.
Шауменова Салтанат Сапарғалиқызы,
№53 «Мерей» балабақшасының
тәрбиешісі,
Астана қаласы
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?