Жұмыссыз жастар алғашқы жұмысты қалай табады?

Жұмыссыз жастар алғашқы жұмысты қалай табады?

Жұмыссыз жүрген жастар арнайы тәжірибеден өтіп, ай сайын 89 540 теңге мөлшерінде еңбекақы ала алады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыс іздеп жүрген жас мамандар «Еңбек» бағдарламасы аясында «Жастар тәжірибесі» бағыты бойынша өздерінің алғашқы жұмысын таба алады. Мамандарға қойылатын басты талап жас мөлшері 29 жастан аспауы керек.

Аталмыш практикаға қатысқан жастар ай сайын 89 540 теңге, ал әлеуметтік төлемдерді ескерген жағдайда 76 801 теңге алады.

Ұзақтығы 6 айдан аспайтын жұмыс уақытша болғанымен, болашақта сол мекемеге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.

Керек құжаттар тізімі:

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда;
- диплом көшірмесі.

Ұсынылған бос жұмыс орындары мен ұйымдардың тізімі Жұмыспен қамту орталығының ресми сайтында толығырақ жазылған. Қосымша ақпарат үшін +7 775 654 0790, +7 705 329 7719, + 717 257 89 12, +717 257 89 34 байланыс нөмірлері, сондай-ақ proftest.cz@mail.ru электронды поштасына хат жолдауға болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу