Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол!
Рухани жаңғыру - жастарға жарқын жол!
Тұңғыш елбасы Н. Ә. Назарбаев "Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру" мақаласында негізгі басымдықтарды айта келіп, "100 оқулық", "Әліпби ауыстыру", "Туған жер" қатарлы ерекше бағдарламаларды алға тартқан болатын.
Елбасының бұл бағдарламалық мақаласы жастарға арналған деп ойлаймын. Өйткені болашақ жастардың, яғни біздің қолымызда.
Рухани жаңғыру - бұл адам сана сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал, жастардың рухани байлығы дегенде бірінші кезекте, олардың білімділігі, ана тілін білуі мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой - өрісі тұрады. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгендігін түсіндім. Бұл мақаладағы рухани өрлеу, рухани жаңғыру біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін.
Елбасының ел еңсесін көтерген жобасы - қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы. Бұл бағдарлама аясында алдағы жылдарда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалады. Яғни, қазақ тілінде әлемдегі ең үздік оқулықтар дайындалады. Жүз оқулық жүзімізді жарық етер жарқын болашақтың алғышарты болары анық. Бұл алдымен қазақ тіліндегі білім алуды биікке көтереді және мемлекеттік тіліміздің берік нығая беруіне бекем негіз жасайды. Бұл бағдарлама арқылы жаңаша білім алып, жаһандық бәсекеге бейімделіп шығамыз.
Елбасы 2012 жылы желтоқсанда жариялаған " Қазақстан - 2050" Стратегиясында "2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне жағдай туғызады" - деп мәлімдеген болатын.
Бүгінгі кезең - білімдінікі. Көп тіл білу - басқалардың озық жетістіктерін қабылдау арқылы зерденің ашықтығын мойындату. Сондықтан, кәсіби байланыс тілі болып саналатын ағылшын тілін үйрену - уақыт талабы. Өзімізге қатысты дүниелер шетелде қалай жүзеге асырылған, оның тиімдісі қайсы, тиімсізі қайсы бажайлай аламыз. Біржақты ойлаудан құтыламыз. Тілмен бірге көзқарасымыз да жетіле түседі. Уақыт ағымына қарай сай жаңадан келетін технологияларды меңгеруге дайын тұратын боламыз.
Біз, студент жастарының өкілдері ретінде, латын әліпбиіне бірізді және жүйелі көшу біздің еліміздің дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін қажет деп санаймыз. Елбасымыз өзі ерекше үміт артқандай жастардың даусы жарқын шығып, барлығы қолдау көрсетуде. Латын әліпбиіне өту - түбі бір түркі ағайындардың рухани әлеміне қосылу. Елбасымыз Тәуелсіздік алған соң еліміздің шекарасын қалай берік бекемдей алса, енді Латын әліпбиіне көшу арқылы Рухани шекарасын белгілеп бермек! Ол әлемнің алдыңғы қатарлы озық елдерімен еркін қатынас жасайтын шекара!
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында белгіленген белестердің бірі - "Туған жер" бағдарламасы. Ол туған өлкені құрметтеу арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды көздейді. Барша жастар алтын бесік қазақ даласы туралы толық біліп, қасиетін бағалап өскендерін қалайды. Туған жер бағдарламасы арқылы Қазақстан жерінің қасиетті даласына деген жас ұрпақтың махаббатын арттырып қана қоймай, оны әлемге танытуға да зор мүмкіндік туады.
Бүгінгі баяндамамды қорыта келе Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" рухани жаңғыру" мақаласы Ел жастарының алдында тұрған жоспарларын дұрыс іске асыруға арналған нақты бағдарлама, сондықтан мақаланың орны ерекше. Жастар бойындағы рухани жаңғыру және отаншылдық қасиеттерін көтерудің бірден - бір кілті – жастарға дұрыс білім беріп, ғылымға тарту.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдында тұрған әлемнің барынша дамыған 30 елі қатарына кіру мақсатына жету үшін қазақстандық әрбір азамат бәсекеге қабілеттілік, прагматизм секілді қасиеттерге ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің ұлттық бірегейлігін сақтай отырып, батыстық өркениеттің тек жағымды жақтарын ғана сіңіруі қажет. Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді.
Қазақ Елінің жастары білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылулары керек. Себебі, жаңа дәуірде тек бәсекеге қабілетті, аса білімді, сауатты адамдар ғана табысқа жетеді. Ел жастарында осындай қасиеттер болса, кез - келген мемлекеттің болашағы жарқын болары анық. Кез - келген елдің болашағы қашан да – өсіп келе жатқан ұрпағына байланысты Сол себепті де, Қазақстан бәсекеге лайықты, білікті жастарды дайындауға баса назар аударды. Мәселен, тоқсаныншы жылдардың басында «Болашақ» бағдарламасы қолға алынып, бүгінге дейін оң мыңдаған ел жастары әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім алды, тәжірибе жинақтады. Ел аумағында жоғары деңгейдегі университеттер ашылып, зияткерлік мектептер қалыптасты. Заман жаңарған сайын, білім беру саласын да жетіліп келеді.
Білім – табысты болудың басты факторы. Ол ел жастарына болашағына ғана емес, бүтіндей мемлекеттің дамуына әсер етеді. Сондықтан, оған әрдайым ерекше басымдық берілетіні – түсінікті де. Қазір экономика, өнеркәсіп, өндіріс салалары көз ілеспес жылдамдықпен алға жылжуда. Яғни, технологиялық революция. Енді бір он жылдан кейін қазіргі кәсіптердің кейбірі жойылып, жаңа түрлері пайда болуы мүмкін. Ал, оларды игеріп кете алатын жастар Қазақ Елінде де болуы керек. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміздің бір парасы – осыда. Ендеше ел жастарының жарқын болашағы жастар қолында!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?