Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейімделгенін біледі.

«Шаттық шеңбері». Шеңберге тұрып білім кілтін бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер айтады.

Табиғат тынысы. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларда өсімдіктердің ерешелігін айқындау.Сұрақтар:
- Өсімдіктер ұйықтай алады ма?
- Заттар¬ды жапыраққа айналдыратын фабрика тоқтаусыз жұ¬мыс істей ала ма? Неліктен?
- Қай уақытта зат айналы¬мы жақсырақ жүреді?
- Өсімдік қатты ыстық пен суықтан жасырына ала ма?
- Жануарлар секілді ыңғай¬лы жер іздеп орын ауыстыра ала ма?


Күн мен түн. Өсімдіктердің тәуліктің әр мезгілінде қандай күйде болатынын бақылап, сұрақтарға жауап беру.
1. Күн батар алдында өсімдік гүлінде қандай өзгеріс болады?
2. Жапырақтар өз қалпын қалай өзгертеді?
3. Таңертең гүлдерде қандай өзгеріс болады?
4. Күн мен түннің ауысуына байланысты өсімдіктің тіршілік жағдайы қалай өзгереді?
5. Өсімдік күндіз қандай болады? Түнде ше?
Мұғалімнің түсіндіруі. Өсімдіктердің даму ырғағы болады. Бұл – табиғаттағы өзгерістерге бағынып, үнемі қайталанып тұратын әрекеттер. Мысалы, күн түнмен, жаз күзбен, қолайлы жағдай қолайсыз жағдаймен алмасады. Сондықтан өсімдік бірде белсенді өседі, бірде оның тіршілігі тыныштық күйге түседі.

«Шашу» стратегиясы арқылы топқа бөлу.
Маусымдар. Пиктограммалар арқылы жыл мезгілдері мен өсімдіктерді бейнелеу. Қай жыл мез¬гілі өсімдіктер үшін қолайсыз жағдай тудыратынын анықтау.
Мұғалімнің түсіндіруі.
Өсімдік өз тіршілігіне қажет жарық, жылу мен суды әрқашан жеткілікті мөл¬шерде ала алмайды. Соған байланысты өсімдік тіршілігі белсенді өсу мен тыныштық кезеңінен тұрады. Тыныштық күйінде өсімдіктің өсуі тоқтайды. Сөйтіп ол өз тіршілі¬гіндегі қолайсыз кезеңнен өте алады.
Жазғы ыстықта дала өсімдіктеріне ылғал жетіспейді. Қызғалдақ, қазжуа, зағыпыран ерте көктемде жуашығына ылғал мен қоректік зат жинайды. Құрғақ жаз бен қатал қыста жуашығы жер астында жатады. Тек келесі көктемде ғана өсіп шығады.
Зертте. Зерттеу барысында оқушылар «Неліктен ағаштар қыс мезгілінде ұйықтайды?» деген сұрақтың жауабын таба алады. Барлық топқа жұмысты орындауға қажетті ватман қағазын беріп нұсқаулықпен таныстыру.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Қыс мезгілі келгенде өсімдіктердің тіршілік жағдайы қандай болатынын топта талқылау.
• Ватманның ортасына ағаштың сұлбасын жапсы¬ру.
• Өсімдіктерді тыныштық күйге түсіретін себеп¬терді (күн сәулесінің аздығы, күннің қысқаруы, күн сәулесінің әлсіздігі, жылудың болмауы, төмен темпе¬ратура, ылғалдың болмауы, қоректік заттардың аз¬дығы) жазып, нұсқарлармен көрсету.
• Басқа топтардың қорытындыларымен салысты¬ру.
Зерттеу жұмысын орындап болған соң, оқушы¬лардың меңгергендігін білу мақсатында «Ағаштар неліктен қоректік заттарды қабылдауды тоқтатады?» деген сұрақ қойып, зерттеу жұмысын қорытындылау.
Ойлан.
«Тұқым – тіршіліктің жалғасы» деген пікірдің дәлелі қандай? Кептірілген тұқымға анықтап қарап, онда ұйықтап жатқан тіршілікті «оятуға» не әсер еткенін балалардан сұрап көру. Бидай, арпа, қарабидай өнімділігін арттыру үшін ға-лымдар өсімдіктің өсу ырғағы туралы зерттеулерін пайдаланатынын айту (Құрғақ тұқым бірнеше жылдар бойы топырақ астында жата береді, аяз бен құрғақшылықты да өт-кереді, қолайлы жағдай туа қалса, ол өсіп шығады).

Сергіту сәті.
Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.
«Мұғалім-оқушы» диалогі.Сен білесің бе?
Ғалымдардың болжауынша, ағаштардың көбі жазғы түндері «ұйықтайды». Осындай тыныштық күйде болғанда ағаш өсуін тоқтатады, ал таңертең және кешке тез өседі.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
13-жұмыс парағы. «Өсімдіктер қашан «ұйықтайды?», 15-б.
Анықта. Бұл тапсырма өсімдіктердің ұйқыдағы және сергек кезін сыртқы белгілері арқылы ажырата алу біліктерін бекітуге бағытталған. Оқушылар дұрыс жауапты таңдауы қажет (Жауаптары:
1 және 3 – «өсімдік ұйықтап тұр».
2 және 4 – өсімдік белсенді өсуде).
Не өзгерді? Тәулік ішінде өсімдіктерде қандай өзгерістер болатынын оқушылар түсіндіріп беруі тиіс.
(Жауаптары:Күндіз қызғалдақтың гүл тәжі ашылады. Түнде ауа температурасы төмендейді, өсімдік нәзік мүше¬лерін салқыннан сақтау үшін гүлдерін жабады).
14-жұмыс парағы. «Өсімдікті қалай «оятуға» болады?», 16-б.
Қызғалдақтар. Тапсырма оқушылардың білім¬дерін кеңейтуге бағытталған. Оқушылар тиісті сөз¬дер арқылы әңгімені толықтыруы керек (Жауаптары:
Қызғалдақтар – еліміздің далалық және шөлейт аймақтарында өсетін өсімдік. Далалы жер¬лерде көктем өте қысқа болады. Ыстық күн¬нің әсерінен көктемгі ылғал тез құрғап кетеді. Көп кешікпей құрғақ жаз келеді. Кішкентай өсімдік бүкіл жаз бен ызғарлы қыста жуашығын¬да тынығады. Көктемде күн жылынғанда өсімдіктермен бірге жуашық та «оянады». Жуа- шықта құнарлы заттар сақталады. Осылайша қыз- ғалдақтар қатал жағдайларға бейімделеді).
Тұқым қалай «оянады»? Тұқымның оянуы үшін қажетті жағдайларды пиктограмма түрінде оқушы¬лар кестеге толтыруы тиіс (Жауаптары:
Құрғақ тұқым бірнеше жыл бойы топырақта жасы¬рынып жата береді. Оған құрғақшылық та, қатты аяз да зиян тигізе алмайды. Тұқымды су, жылу, ауа оята алады).
Қорытынды: Өсімдік тұқымы жақсы өнуі үшін оны жылы, ылғалды, борпылдақ жерге егеді.
өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру; .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 852



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?