Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Табиғи бірлестіктің қандай түрлері болады? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: еліміздегі табиғи бірлестіктер жайлы түсінік алады;
табиғи бірлестіктердің ерекшеліктерін сипаттап үйренеді.

Ұйымдастыру.
Оқушыларды (орман, дала, су, шөл дала) сурет бойынша 4 топқа бөлу.
«Топтастыр». Өсімдіктердің орманда, далада, суда, шөл далада өсіп тұрған бірнеше суреттерін беру. Олардың бейімделуіне қарай суреттерді 4 топқа жинақтау. Әр топ бірін-бірі тексеру, топтастыру себептерін түсіндіру.
Сұрақтармен жұмыс.
- Өсімдіктер қоршаған орта жағдайына қалай бейімделеді?
- Өсімдіктер арасында қандай өзара байланыс қалыптасқан?
- Оларды орындарымен ауыстырса не болады деп ойлайсыңдар?
- Өсімдіктер белгілі бір ортаға бейімделіп, бірлесіп өседі дегенге келісесіңдер ме?
Бүгінгі сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Оқушыларға «бірлестік» сөзін қалай түсінетіндіктеріне байланысты өз ойларын айтқызу.
Ойды жалғастыр. «Өсімдіктердің табиғи бірлестігі дегеніміз-..............»
Мұғалімнің түсіндіруі. Өсімдік бірлестігі — бірдей жағдайда өсетін және өзінің тіршілігі үшін күресетін өсімдік түрлерінің жиынтығы. Ұзақ уақыт бойы белгілі бір табиғат жағдайында өскен өсімдіктер табиғи бірлестік құрайды. Бұл өсімдіктердің жай ғана топтасуы емес, онда әрқайсысының өзіндік орны бар.
Кішкентай алаңқайдың өзінде өсімдіктер топтасып өседі. Олар үнемі бір-біріне ықпал етеді. Осылайша өсімдік бірлестігі зиянкес жәндіктерден қорғанып, түрлі ауруларға қарсы тұруға бейімделеді.
Бірлестіктер. Фотосуреттер мен бірлестік атауларын сәйкестендіру.
Оқушылар суретпен атауды сәйкестендірген соң қорытынды сұрақ қою.
- Елімізде қандай табиғи бірлестіктер бар екен?
Ормандағы дыбыстан үзінді тыңдату.
- Бұл қай жерден естілетін дыбыс?
Фотосуреттер көрсету. Фотосуреттерді сипаттау.
- Оларды не байланыстырады?
- Орманда қандай өсімдіктер өседі?
- Олар бір-біріне қалай ықпал етеді?
- Емен орманы, шырша орманы, қайың орманы деген атаулары естігендерің бар ма?
- Ол атаулар нені білдіреді?
Ойлан! Бұл тапсырманы жұппен жасау. Тығыз өскен ормандағы өсімдіктер өздеріне қажет қоректік заттарды қалай алады? деген сұраққа жұпта ойланып, өз көзқарастарын білдіру, пікірлерін айту.

Дала өсімдіктерінің суреттерін көрсету.

- Бұл қандай бірлестік өсімдіктері?
- Дала бірлестігіне қандай өсімдіктер кіреді?
- Дала өсімдіктерін сипатта.
Зертте! Оқушыларға топпен ғаламтордан, энциклопедиялардан «Орман өзенді қалай қорғайды?» сұрағына жауап іздету. Орман туралы көптеген түрлі ақпараттарды алдын-ала дайындап, оқушыларға ұсыну. Көп ақпараттар арасынан оқушылар керегін тауып, сол мәлімет жайлы өз ойларын қорғау.
Сонымен қатар оқушылар өзен бойларында жабайы өскен әртүрлі ағаштар мен бұталар өзара табиғи бірлестік құрайтынын, ол бірлестік тоғай деп аталатынын оқулықтан оқу.
- Табиғи сөзіне қарама-қарсы сөз қандай?
- Жасанды табиғи бірлестіктер болуы мүмкін бе?
Табиғи және жасанды бірлестікті ажырату, ойларын дәлелдеу.
Сен білесің бе? Адам қолымен жасалған жасанды өсімдік бірлестіктерін атау.
Бағалауға арналған тапсырма. Оқушыларға өсімдік бірлестіктері бейнеленген суреттер беру. Оларды 2 топқа (табиғи және жасанды) бөліп, өз таңдауларын дәлелдеу..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 340



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?