Ғылым мен зерттеушілердің рөлі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен-зерттеушімін!
Сабақ тақырыбы: Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
• Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау
• Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кесте түрінде белгілеу
Сабақ мақсаттары: Ғылым мен зерттеушінің рөлін анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтай отырып, нәтижені кестеге түсіру.

(МК) Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де ,
Қуанасың сен де.
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
/Оқушылар бір-бірін қолдарынан алып, бір-біріне жылуын сыйлайды./

(Т) «Ойлан!Тап!» айдары
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау, сыни ойлауын дамыту.
Балаларға сөзжұмбақ ұсынылды. Сөзжұмбақтың шешуін табу арқылы тақырыпты анықтайды.

ТӘЖІРИБЕ сөзі шығады.
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта неге қол жеткіземіз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау, тақтаға жазу/
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерйлерін шығару.
(Ұ) Оқушылармен диалог құру
Мақсаты: сұрақ-жауап арқылы оқушы өз алдына мақсат қоя білуге, қоршаған орта жағдайларына сыни көзқараспен қарауға, белсенділікке баулу.
-Балалар, қоршаған ортадағы жаңалықтарға қалай қол жеткіземіз?
-табиғат құбылыстарының өзгерістерін қалай білеміз?
-судың қасиеттерін қалай анықтаймыз?
-тәжірибе деген не?
-тәжірибе жүргізу үшін адамға не керек деп ойлайсыңдар?
/оқушылардың жауабын тыңдау/

(МК) «Таныс бол!» айдары
Мақсаты: тәжірибенің негізгі кезеңдерімен танысу.
Тәжірибе жүргізуді жоспарлаудың кезеңдерімен таныстыру;
/мұғалім слайд көрсете отырып, негізгі кезеңдерді оқушылармен бірге анықтайды/

(Ұ,Ө) Проблемалық сұрақ
Мақсаты: проблемалық сұрақтың жауабын табуда сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану.
Оқушыларды шарды көрсетіп, сұрақ қояды:
- Бүгінгі тақырыбымыз бен шардың арасында қандай байланыс бар?
- Қай кезде шарды аспанға ұшыра аламыз? (шар газға толтырылғанда)
- Үстел үстіндегі ресурстар мен шардың байланысы қандай деп ойлайсыңдар? (ас содасы, сірке қышқылы, бөтелке, су)
/оқушылар үстел үстіндегі ресурстарға қарай отырып, гипотеза шығарады /........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 399



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?