Атом құрылысы туралы оқытудағы периодтық заң және периодтық жүйе. Атомдардың валенттілігі. Атомдардың тотығу дәрежесі. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Атом құрылысы туралы оқытудағы периодтық заң және периодтық жүйе. Атомдардың валенттілігі. Атомдардың тотығу дәрежесі. (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы туралы оқытудағы периодтық заң және периодтық жүйе. Атомдардың валенттілігі. Атомдардың тотығу дәрежесі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру;
10.2.1.2 валенттілік ұғымының физикалық мәнін және атомдардың тотығу дәрежесін түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Периодтық жүйе құрылымын әртүрлілігін атау
ХЭПЖ-де маңызды заңдылықтарды анықтау
Валенттілік ұғымының физикалық мәнін және атомдардың тотығу дәрежесін түсіндіру;
Химиялық элементтердің атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын табу және қолдану: радиус, иондау энергиясы, электронға туыстық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

1869 жылы Менделеев құрастырған периодтық заң Периодтық заңның қазіргі заманғы тұжырымдамасы
химиялық элементтердің атом массасына периодты түрде тәуелді болады ал қасиеттері еркін емес, олардың ядро заряды-оның химиялық қасиеттерін анықтайтын элементтің маңызды қасиеті
Периодтық кестені құру принципін және оның пайда болу тарихын қысқаша талқылау
Периодтық кете туралы маңызды және қызықты фактілерді талқылау
Оқушыларға периодтық заңның заманауи тұжырымын және Д. И. Менделеевтің тұжырымын салыстыруды ұсыну.
Одан әрі оқушылар олардың айырмашылығы неде және оның негізі неде екенін талқылайды.
Мұғалім оқушылардың назарын атомдық массаның артуына сәйкес келмейтін ПК-да орналасқан аргон мен калий, йод пен теллурдың атомдық массасына аударады.
Бұдан әрі оқушылар атом ядросының құрылысын ашумен және элементтің атом нөмірінің физикалық мәнін, периодтық жүйедегі элементтер олардың атом ядроларының оң зарядын арттыру тәртібімен орналасқанын түсінеді.
Дифференциация: кейбір оқушылар элементтердің қасиеттерін болжау үшін периодтылықты пайдалана алады. Кейбір оқушылар түсінуде қосымша әдебиеттерді қажет етеді;
Мұғалім ядро зарядының өсуімен периодты түрде атомның сыртқы қабатындағы электрондардың саны, атом радиусы, бірінші ионизация энергиясы және физикалық және химиялық қасиеттері, элементтердің өздері ғана емес, сонымен қатар, олардың сутегімен және оттегімен қосылыстарының өзгерістеріне назар аудартады.
Жұппен жұмыс істеу
Оқушылар кестені толтырады:
Элемент сипаттамасы
1.1.Кестені толтырыңыз.
Элемент Топ № Электрондардың энергетикалық деңгецлерде орналасуы Валенттік ē
Жоғары оксидінің формуласы
К калий
N азот
S күкірт

1.2.Осы элементтердің қосылыстардағы тотығу дәрежелерін анықтаңыз: KCI, HNO3, H2SO4;
Бағалау: өзара бағалау: оқушылар жұмыстарымен алмасады және бір-бірін тексереді;
Мұғалімнің кері байланыс беру, бақылау.
Мұғалім оқушылардың назарын элементтер тобының нөміріне, аталған элементтердің жоғары оксидтерінің формулаларына және сыртқы деңгейдегі электрон санына назар аудартады;
Оқушылар периодтық заңның физикалық мағынасы: топ нөмірі – тотығудың жоғары дәрежесі, оттегімен қосылыстардағы жоғары валенттілік, сыртқы электрондардың саны деген қорытындыға келеді.
Бұл үшін атомға өзінің сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондарын беру немесе сыртқы деңгейдегі орбиталдарды толық толтыру үшін жетіспейтін электрондарды қосып алу қажет.
Мұғалімнің сызба бойынша түсініктемелері:

Мынаған назар аудару: Бірінші процесс тотығу деп аталады және энергия шығуын талап етеді, ал екіншісі-тотықсыздану, бұл жағдайда энергия бөледі.
Бұдан әрі оқушыларға мынадай ұғымдардың анықтамалары беріледі: энрегия ионизация, электронға жақындау, электротртерістілік, атом радиусы, валенттілік және тотығу дәрежесі;
Талқылау үшін презентациядағы сұрақтарды пайдаланыңыз;
Формативті бағалау үшін сигналдық карточкаларды пайдаланыңыз.
АТОМ РАДИУСЫ
1. Қай атомның радиусы үлкен: Na немесе Mg?
2. Қай атомның радиусы үлкен: Na немесе K?
ИОНДЫҚ РАДИУС
3. Қай ионның радиусы үлкен: Na немесе Na+?
4. Қай ионның радиусы үлкен: Cl немесе Cl -?
5. 3 периодтағы радисуы үлкен катионды атаңыз.
6. 3 периодтағы радисуы кіші катионды атаңыз.
ИОНДАУ ЭНЕРГИЯСЫ
7. Қай элементтің иондару энергиясы жоғары: Na немесе Mg?
8. Қай элементтің иондару энергиясы жоғары : Mg немесе Al?
9. Қай элементтің иондару энергиясы жоғары S немесе P ?
Мұғалімнің кері байланысы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 457



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?