Ковалентті байланыс. Оның қасиеті. Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Ковалентті байланыс. Оның қасиеті. Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қасиеттері
Сабақ тақырыбы: Ковалентті байланыс. Оның қасиеті. Ковалентті байланыс түзілуінің донорлы - акцепторлы механизмі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.1 ковалентті байланыс және донорлы-акцепторлы байланыс түзілуі мен механизмін түсіндіру,
10.1.4.2 ковалентті байланыс қасиетін сипаттау,;
10.1.4.3 H2, Cl2, O2, N2, HCl, NH3 молекулалары үшін Льюис диаграммасын салу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар ортақ жұп электрон арқылы түзілетін химиялық байланыс түрлерін біледі, оның түзілу механизмін және ковалентті байланысты сипаттайды. Льюис диаграммасын кейбір молекулар үшін көрсетеді.

Оқушылармен амандасу, көңіл күйлерін сұрау. оларға периодтық жүйедегі элементтер туралы не білетінін сұрау. Оқушыларды жұпқа бөліп тапсырма беру: әр топ периодтық жүйедегі бір топ элементтерінің сыртқы қабат электрондарына сипаттама береді.
Неліктен 8 топ элементтері инертті деп аталады?
Оқушылардың жауабын тыңдау. Осыдан неліктен элементтер әртүрлі күрделі заттар түзеді деп сабақтың тақырыбы ашылады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады, оқушылар бүгінгі сабақта не істеу керек екенін біледі.
Оқушыларға атомдардың сыртқы қабатта сегіз электронның болуы үшін химиялық байланыс түзілетінін түсіндіру. Тақтаға мысалдар жазып түсіндіру.

Олардың сабақ басында периодтық жүйедегі сипаттаған топ бойынша бір атомды таңдап осы атом қалай 8 электрон құрылысына қол жеткізетінін сұрау.
Оқушылар өз жұптарымен осы тапсырманы орындайды, тақтаға кейбір элементтер өзгерісі түсіндіреді. оқушылардан әртүрлі атомдардың қанша электрондар бере немесе тартып алатындығын біледі.
(Бейне ролик көрсетуге болады. )
Оқушылар мысалдан электрондардың жоғалатынын және электрондарды қосып алатындығын көреді. Оларға оның әдетте ең көбі үш электрондармен шектелетіндігін түсіндіру. Осы элементтердің периодты кестеде орналасуы мен қасиетін қарастыру. Оқушылардан электрондарды жоғалту немесе қосып алуы қандай салдарға алып келетінін сұрап, оқушыларға айқыш түрінде ақ шағын тақтаға иондарды бейнелеу тапсырмасын беріледі.

«Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы идеясын арқылы хлор мен натрий үшін аталған диаграмманы оқушылар салады және тапсырмаларды біртіңдеп күрделендіре отырып, өз мысалдарын келтіруді сұрау.
(I) Электрондарды біріктіруге ауысыңыз: оның сыртқықабаттың тұрақтылығына қалай әсер ететінін, бірақ заряд бөліміне әсер етпейтіндігін түсіндіріп коваленттік байланысты көрсету үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын қалай пайдалану керектігін түсіндіру. Оқушылар бірнеше мысал көреді және орындайды.

Оқушылар байланыс есселігін түсінеді. Енді оқушыларға донорлы-акцепторлы байланыс мәнін түсіндіріледі.

Оларға байланыс қалай түзілетінін түсіндіріп нүктеле мен айқыштар арқылы байланысты қалай көрсетуге болатыны және Оқушылар ұқсас байланыстарды орындайды. Қышқылдардың сулы ерітіндіде оксоний ионды түзу донорлы-акцепторлы байланыс екенін сызба бойынша көрсетеді. Оқушылар ковалентті байланыс түрін біледі., қасиеттерін атайды : байланыс ұзындығы, полюстігі, еселілігі бойынша жұмыстанады, өздерінің анықтамаларын біледі.

Оқушылар кейбір заттардың : алмас, графит, су, көмірқышқыл газының шар-стерженді модельдерін жасайды;

Олар жазба жұмыс орындайды. Мұғалімге тапсырады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 733



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?