Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)
Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ерігіштік және ерітінділер
Сабақ тақырыбы: Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.3.2 әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу
Сабақ мақсаттары: -әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;
- оқушылардың зейінін шоғырландыру
«Өзіңе тілегенді басқаға тіле!» ойыны
- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу
- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау
(C) Оқушылармен бірге реакция теңдеулерлері бойынша есептер шығару алгоритмдерін қайталаймыз. Реакцияға қатысатын реагенттердің белгілі масссы бойынша реакция өнімінің массасын есептеуге есеп шығарамыз.
1. 54г алюминий оттегіде жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?
2. Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?
(С) Одан кейін оқушыларға: «Реакция өнімінің массасын барлық реагенттердің массалары белгілі болған жағдайда қалай есептеуге болады?» деп сұрау арқылы бүгінгі сабақта осындай есептерді шығаратынымыз хабарланады.
(М) артық және кем мөлшерде ұғымдармен берілген есептерді шешу үшін мысал ретінде бір есепті талдау.
Мысал: Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі.
Берілгені:
m (AlCl3) = 30 г
m(KOH) = 15 г
Табу керек: m(AlOH)3 - ?
Шешуі: AlCl3 + 3KOH = Al(OH)3 + 3KCl
1.Әрекеттесуші екі заттың да массалары берілгендіктен олардың қайсысы артық, қайсысы кем екендігін анықтау керек. Ол үшін заттың берілген массасы оның теңдеу бойынша қажетті массасына бөліп, мольдік факторын анықтаймыз:
2.Олай болса, калий гидроксиді аз мөлшерде берілген 0,089 ˂ 0,22, ол реакцияда толығымен жұмсалады. ЕСТЕ САҚТА! Реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын кем заттың массасы бойынша есептейміз:
m (Al(OH)3 = n * M
m (Al(OH)3 = 0,089 * 78 = 6,9 г (Al(OH)3)
Жауабы: m (Al(OH)3 = 6,9 г
(Т) Топта осы берілген есептің шешілу алгоритмін құрастыру. Барлық топтарды тыңдағаннан кейін әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізудің нақты алгоритмін қалыптастырылады.
Алгоритм
1. Есептің шартын қысқаша өрнектеу.
2. Реакция теңдеулерін жазып теңестіру.
3. Теңдеу бойынша берілген және есептеп табуға қажетті заттардың сандық сипаттамаларын (ν, Mr, M, m, V) тауып, теңдіктің астына жазу.
4. Есептің шартына сәйкес заттардың зат мөлшерлерін есептеу.
5. Қай заттың артық берілгенін табу.
6. Аз мөлшерде берілген зат бойынша реакция нәтижесінде түзілген заттың массасын (көлемін, зат мөлшерін) есептеу.
7. Есептің жауабын жазу.
(Т)алгоритмін қолдану арқылы оқушыларға топта есеп шығаруға есептер беру.
1) Массасы 29,2 г тұз қышқылы мен массасы 44 г натрий гидроксиді бар ерітінділерді араластырғанда түзліген ас тұзының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 46,8 г.
2) Массасы 47 г калий оксидіне массасы 40 г азот қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген калий нитратының массасын есептеңіздер.
Жауабы: 64,12 г.
3) Массасы 40 г мыс (II) оксидіне массасы 49 г сусыз күкірт қышқылымен әсер етті. Түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 80 г.
(Б)Есепті шешу алгоритмін меңгергенін тексеру үшін әр оқушы өз бетімен есеп шығарады.
1) Массасы 36 г алюминийге массасы 64 г күкіртпен әсер еткенде, түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 100 г.
2) Массасы 53 г натрий карбонаты бар ерітіндіге массасы 49 г күкірт қышқылының ерітіндісімен әсер етті. Реакция нәтижесінде түзілген тұздың массасын есептеңіздер.
Жауабы: 71 г.
3) Массалары 34 г күміс нитраты бар және 34 г натрий хлориді бар ерітінділерді араластырды. Реакция нәтижесінде түзілген күміс хлоридінің массасы мен реакцияға түспеген натрий хлоридінің массасын есептеңіздер.
Жауабы: 28,7 г және 22,3 г.
Табысты оқушыларға реакцияға заттардың стехиометриялық мөлшерде берілуіне байланысты, яғни қалдықтарсыз бір-бірімен әрекеттесетін нұсқадағы есеп ұсынуға болады.
Сонымен қатар, сыныпта шешуге қатысты есептерді шешкен кезде кейбір жағдайларда (мысалы, қышқыл немесе қышқылдық оксид артық берілсе), есепті шешу екі пропорцияны есептеумен шектелмейді, өйткені реакция қышқыл тұзының пайда болуымен бірге жалғасатындығын есте сақтаған жөн. Бұл материалдың күрделілігін арттырады.
Кейбір жағдайда екі зат әрекеттескенде реакция нәтижесінде әрекеттесуші заттардың қатынасына сай әртүрлі заттар түзілуі мүмкін. Мысалы, натрий гидроксиді мен фосфор қышқылы әрекеттескенде төмендегідей реакциялар жүруі мүмкін:
NaOH + Н3РO4 = NaH2PO4 + Н2O
2NaOH + Н3РO4 = Na2HРO4 + 2Н2O
3NaOH + Н3РO4 = Na3РO4 + 3Н2O
Көрініп тұрғандай, түзілген тұз әрекеттесусі заттардың зат мөлшерінің қатынасына тәуелді.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 1 : 1болса, онда NaH2PO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 2 : 1 болса, онда Na2HРO4 түзіледі.
Егер
v(NaOH) : v(Н3РO4) = 3 : 1 болса, онда Na3РO4 түзіледі.
Аралық жағдайда сәйкесінше екі тұз түзіледі.
Егер
1 < v(NaOH) / v(Н3РO4) < 2 болса, онда NaH2РO4 и Na2HРO4 түзіледі........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?