Химиялық реакция теңдеулерін құру. (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Химиялық реакция теңдеулерін құру. (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулерін құру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.3.3 –реагенттердің формулаларын және реакция өнімдерін жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құрастыру;
8.2.3.4 –зат массасының сақталу заңын білу.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
- Заттың массасын сақтау заңын түсініп, оны тәжірибе жүзінде дәлелдей білу.
Көптеген оқушылар білу керек:
- заттың бастапқы белгілі массасы бойынша - реакция өнімінің массасын болжай білу;
Кейбір оқушылар білу керек:
- эксперименттік деректердің қателерін түсіндіру.

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың негізгі тақырыбын бастамас бұрын оқушылардың алдыңғы сабақты қалай меңгергендерін тексеру.

Оқушылардың қалыптастырушы бағалауда химиялық элементтердің массалық үлесі бойынша химиялық формуласын анықтауға шығарған есептерінің нәтижесі бойынша білімдерін толықтыру керек. Зат массасының сақталу заңын өтпес бұрын зат құрамының тұрақтылығы заңына көңіл бөлген жөн.

Оқушылар судың бұлақтан, құдықтан, көлден және т.б. жағдайда алынғанына қарамастан барлық жағдайда формуласы Н2О болатынын білулері керек. Яғни, заттың құрамы оның алу әдістеріне және қай жерден алғанына қарамастан тұрақтынын білулері керек.
Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері
Жаңа сабақтың тақырыбы: Зат массасының сақталу заңы.
1-тапсырма
Бұл заңды демонстрациялық экспериментті бақылап түсінуге болады:
1. Өлшеуіш цилиндірмен 20 мл сірке қышқылын өлшеп алыңыз.
2. Өлшеуіш цилиндірден сірке қышқылын кәрлен табақшаға құйып алып, таразыға қойып өлшеңіз.
3. Басқа кәрлен табақшасына 10 грамм ас содасын өлшеп алыңыз.
4. Ас содасы салынған табақшаны ішіндегісін төгіп алмай аузы жабылатын пластикалық пакетке салып таразыға қойыңыз.
5. Абайлап, сірке қышқылы құйылған табақшаны ас содасы салынған пакетке, екеуін қоспай бірге таразыға қойыңыз. Пакеттің аузын жабыныз.
6. Пакеттің аузын ашпай, соданы сірке қышқылымен араластырыңыз.
7. Реакция аяқталғаннан кейін, пластикалық пакеттің аузын ашпай салмағын өлшеніз.
Эксперимент бойынша төмендегі деректерді жазып алыңыз:
Қышқылдың табақшадағы массасы -
Ас содасының табақшадағы массасы -
Ас содасы және қышқылдың табақшадағы, пластикалық пакеттің ішіндегі массасы -
Реагенттердің табақша мен пакеттегі жалпы массасы -
Реагенттердің таза массасы (есептеңдер) -
Реакция өнімдерінің ыдыс және пакетпен алғандағы жалпы массасы – Реакция өнімдерінің таза массасы (есептеңдер) -
Сұрақтар:
1. Қышқылмен сода әрекеттескенде заттармен қандай құбылыс жүрді? Осы өзгерісті қандай белгі растайды?
2. Неліктен қышқыл мен соданы жабық пакетте араластырады ?
3. Жалпы қорытынды жасандар: химиялық құбылыстар кезінде әрекетесуші заттардың жалпы массасы өзгере ма.

№ 2 көрсетілім. Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтің тәжірибе.
Бұл тәжірибе жоғарыда келтірілген тұжырымдар мен сұрақтарға жауаптарды растайды. Енді біз осы заңның мәнін ашатын боламыз. Неге әрекеттесуші заттардың массасы реакция өнімдерінің массасына тең? Оқушыларға демеу ретінде келесі сызба көрсетіледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 504



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?