Статика. Массалар центрі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Статика. Массалар центрі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика
Сабақ тақырыбы: Статика. Массалар центрі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.3.1: абсолют қатты дененің және материалдық денелер жүйесінің массалар центрін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар абсолют қатты дененің және материалдық денелер жүйесінің массалар центрін анықтау.

Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен амандасу
2) Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
Ой қозғау
1173 жылы Пиза мұнарасы қаланып басталды. Бірнеше уақыттан соң құрылыс тоқтатылып, тек 100 жыл өткен соң ғана қайта жалғасын тапты. Құрылыс аяқталғаннан соң Пиза мұнарасының қисайып тұрғаны байқалды. Пиза мұнарасының төбесі центрінен 5,3 м –ге көлбеу орналасқан.
Неліктен Пиза мұнарасы көлбеу орналасқан және құламай тұр?

Жауабы:

Себебі, мұнараның массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық оның табанының ауданының центрінен 2,3 м арақашықтықта орналасқан.
С нүктесі – массалар центрі, С 1 - массалар центрі арқылы өтетін вертикаль сызық, О – мұнара табанының ауданының центрі
Мұғалім түсіндірмесі
Механиканың қатты денелердің тепе-теңдікте болу шарттарын зерттейтін бөлімі статика деп аталады.
Тепе – теңдік түрлері
Орнықты Орнықсыз Талғаусыз

Ауырлық центрі тіреу нүктесінен төмен орналасса, дененің тепе-теңдігі орнықты болады. Денені ауытқытқанда ауырлық центрі көтеріледі, дене бастапқы қалпына оралады.

Тіреу нүктесі ауырлық центрінен төмен орналасса, дене орнықсыз тепе-теңдікте болады. Ауырлық центрінің орын ауыстыру бағытына қарай дененің тіреу нүктесі орын ауыстырғанда тепе-теңдік қалпына келе алады.

Дененің кез келген қалпында күштердің тепе-теңдігі сақталатын жағдайлар болады. Дененің бұл қалпы талғаусыз деп аталады.

Абсолют қатты дене дегеніміз – дененің өз өлшемдерімен салыстырғанда деформациясын ескермеуге болатын дене.
Дененің ауырлық центрі – дененің ауырлық күштерінің теңәрекетті күші арқылы өтетін нүкте.
Массалар центрі (ауырлық центрі) – дене жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте.
Тіреу нүктесі мен тіреу осі бар дене тепе – теңдікте болу үшін ауырлық центрінен өтетін вертикаль тіреу нүктесінен де өтетін болу керек.
Айналатын денелердің тепе – теңдік шарттары

Тепе-теңдік шарты

Тапсырмалар
1-тапсырма
i) Төменде берілген фигуралардың массалар центрін анықтау жолын ұсыныңыз

ii) Осы фигуралардың массалар центрін анықтаңыз .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 532



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?