Қоғамның рухани құндылықтары (психология)


Тақырыбы: Қоғамның рухани құндылықтары
Сабақтың мақсаты: Қоғамды рухани жағынан қарастыру.

Сабақтың міндеті:
Білімділік: Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.
Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме
Көрнекілігі: оқулық

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақырыптарды қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

Қоғамның рухани өмірінің ерекшелігі
Рухани қызмет
Қоғамның рухани қажеттіліктері мен тұтыну
Қоғамның рухани өмірі – қоғамның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық - психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.
Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:

а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;
б) рухани құндылықтар;
в) рухани қызмет;
г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;
д) рухани тұтыну;
е) рухани қатынастар.
Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтің нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір
көзқарастарын,
ғылыми идеялары мен теорияларын,
моральдық,
эстетикалық және діни ой - пікірлерді қарастыруға болады.
Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез - құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол - жора, салт - дәстүрлерде және т. б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым - қатынасын және сананың негізінде қалыптасатын моральдық - психологиялық жағдайды жатқызамыз. Рухани құндылықтарды тарату, тұтынушыға дейін жеткізу рухани қызметтің ерекше бір түрі болып саналады. Бұл, олардың сауаттылығы мен рухани мәдениетін арттырудағы өте маңызды әрекет. Осыған байланысты қоғамдағы білім беру мен тәрбие мәселесі, ғылым және мәдениет мекемелерінің қызмет етуі дұрыс жолға қойылу керек.

Адамдарды рухани қызметпен айналысуға итермелейтін негізгі күш – рухани қажеттіліктер. Соңғылар, адамды рухани шығармашылықпен айналысуға, рухани құндылықтарды жасау мен тұтынуға, рухани қарым - қатынасқа бағыттайды, соған жол ашады. Рухани құндылықтар мазмұны жағынан объективті болып табылады. Өйткені олар өмірдің өзінен туындайды және адамдардың қоршаған дүниені рухани тұрғыдан игерудегі объективтік қажеттілігін айқындайды. Сонымен бірге, рухани қажеттіліктер формасы жағынан субъективті болып келеді, өйткені, олар адамдардың ішкі дүниесінің, қоғамдық және жеке даралық санасы мен өзіндік санасының көріністері ретінде байқалады.
Қоғамның рухани өмірінің келесі маңызды элементі – рухани тұтыну. Сөз рухани игіліктерді тұтыну туралы болмақ. Рухани игіліктерді тұтыну арқылы адамдар өздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Рухани тұтынудың нәрселері (өнер туындылары, моральдық, діни және т. б. құндылықтар) тиісті қажеттіліктерді туғызады. Сондықтан қоғамның рухани мәдениетінің нәрселері мен көріністерінің көп болуы адамның әр түрлі рухани қажеттіліктерінің қалыптасуының маңызды алғышарты болып табылады. Рухани тұтыну процессі әр қилы жүзеге асады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Қоғамның рухани құндылықтары жайлы әңгімелесу.
Үй тапсырмасын беру: Қоғамның рухани құндылықтары
Бағалау.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу