Ана тілі, тіл туралы мақал-мәтелдер жинағы

Ана тілі, тіл туралы мақал-мәтелдер жинағы

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Тіл өнері туралы
Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы — ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.

Сүйреңдеген қызыл тіл
Сүйгеніңненайырар;
Иә жаубетін қайырар.

Алажағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Мақтаған жеткізер,
Шаққан өлтірер.

Сүңгініңжарасыбітер,
Тілжарасы бітпес.

Басқа пәле тілден.

Тіл — тиексіз.

Тіл ерді қабырға салады,
Нарды қазанға салады.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Тіл жүйрік емес,
Шын жүйрік.



Қажетті сілтемелер:




Піл көтермегенді
Тіл көтереді.

Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.

Жер астында жатқанды,
Қазбай, қарап тіл табар.

Қойын-қойын сырыңды
Түбінде келіп шын табар.

Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

Аңдамай сөйлеген
Ауырмайөледі.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.


Ана тілі туралы мақал-мәтелдер

Көп сөйлеген —
Көптен айрылар.

Көп сөз — күміс,
Аз сөз — алтын.

Суды ішім тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Ақпа құлаққа айтқан сөз
Ағып кетеді.
Құйма құлаққа айтқан сөзді
Құйып алады.

Өтірікшінің шын сөзі зая.

Қатты айтсаң,
Қарындасыңажақпайсың.
Ақырынайтсаң,
Ақың кетеді.

Біреудің сөзі әдемі,
Біреудің көзі әдемі.

«Көрдім» деген көп сөз,
«Көрмедім» деген бір сөз.

Шешеннің сөзі — мерген,
Шебердің көзі — мерген.

Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.

Қаһарлы сөз — қамал бұзар.

Олақтың сөзі —
Орынсыз жамау тәрізді.

Орынды айтылған сөз —
Орнына қағылған шеге сияқты.

Ойнапсөйлесең де,
Ойлап сөйле.

Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.

Адам сөзінен жазады,
Сиыр мүйізінен жазады.

Көз жеткізер,
Көз жеткізбегенді
Сөз жеткізер.

Аталы сөзге,
Арсыз жауап қайырар.
Ақ пен қараны
Шындық айырар.

Шал,
Шалдың сөзі — бал.

Ұлы сөзде — ұят жоқ.

Сөз шындықты табар.

Көп сөйлеген
Иә жолдасынан,
Иә құрдасынан айрылады.

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Жаным десе — жан семіреді.

Ауыз дарбаза,
Сөз самал,
Құдай ұрғанға не амал?!

Жүйелі сөз —
Жүйесін табар;
Жүйесіз сөз —
Иесін табар.

Сөз жүйесін тапса —
Малиесінтабар.

Жүзден біреу — шешен,
Мыңнан біреу — көсем.

Бұралқы сөз — күлуге жақсы,
Бұралқы жылқы — мінуге жақсы.

Айтпаса жүректен кетеді,
Тартпаса білектен кетеді.

Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

Сөзің тәтті болсын,
Ашуың қатты болсын.

Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.

Сөз қуған — пәлеге жолығар,
Шаруа қуған — қазынаға жолығар.

Өзі — шынашақтай,
Сөзі — келсаптай.

Сөздің басы — бір пышақ,
Аяғы — бір құшақ.

Сөйлемесе қайдан туады?
Сөз сөзден туады.

Айтсаң сөзіңе жет,
Мінгес те, үйіңе жет.

Ауруда — шаншу жаман,
Сөзде — қаңқу жаман.

Құрғақ сөз бас ауыртар,
Құрғақ қасық ауыз жыртар.

Көз көргенше,
Ауыз батыр, сөйлеп қал.

Сөз бергенге ерме,
Бөз бергенге ер
Сөз — бейнет болар,
Боз — көйлек болар.

Сөзіңді айт ұққанға
Айтып айтпай не керек,
Құлағына мақта тыққанға.

Көп сөйлесең — тақылдақ дер,
Аз сөйлесең — ақымақ дер.

Көптің аузы — зеңбірек.

Кесірлі ауыздан
Кесапатты сөз шығар.

Тұз астың дәмін келтірсе,
Мақал сөздің мәнін келтіреді.

Ауызында әзілі жоқтың
Қолында қол шоқпары бар.

Анам берген туған тілім, Атам берген құрал тілім.

Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ой өсіреді.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.

Адам көңілден азады, тілден жазады.

Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.

Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.

Айтпас жерде тілің тарт.

Ана тілі – бәріміздің анамыз, Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.

Ана тілің алпыс тілге татиды.

Ақынның тілі қылыштан өткір.

Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

Ашынған тілді болар, Ашыққан ұры болар.

Ауызда жиек жоқ, Тілде тиек жоқ.

Әдеп басы – тіл.

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

Бал тамған тілден у да тамар.

Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

Басқа пәле – тілден.

Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.

Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.

Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде.

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

Кісі қызыл тілден өледі, Түлкі қызыл жүннен өледі.

Қылыш жарасы бітер, Тіл жарасы бітпес.

Қызыл тіл – жанның мияты, Абырой – ердің қуаты.

Мал басынан байланады, Адам тілінен байланады.

Малға кедей – жарлы, Тілге кедей – сорлы.

Ішімдегінің бәрі тілімде, Тілімдегінің бәрі түрімде.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?