Қосымша білім беру курс бағдарламасы. «Sunny English» 1 сынып
Түсінік хат
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым - қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым - қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде 1 сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Сондықтан әр оқушы ағылшын тілін меңгеру міндетті. Осы міндетті шешу мақсатында сынып оқушыларының ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін, білім, білік дағдыларын арттыру мақсатында бірінші сыныпқа ағылшын тілінен қосымша білім беру курсы құрылды.
Қосымша білім беру курсы арқылы оқушылардың шет тіліне деген қызығушылығы артады, ағылшынша сөйлеуге, жазуға үйреніп, білімі нығая түседі. Оқушылардың ойлауы, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Бұл «Sunny English» курсы арқылы білім мазмұнына тақырыптар, қарым – қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары меңгеріледі.
Мақсаты:
Оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына және оның тұтастай дамуына ықпал ету, сөйлеу қызметінің негізгі түрлеріндегі қарапайым шеттілдік коммуникативтік құзыреттің қалыптасуы, оқушыларының эмоционалдық, шығармашылық, әлеуметтік, когнитивтік және тілдік қабілеттерін дамуы, ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі.
Міндеттері:
•. шет тілі қарым - қатынас құралы ретінде түсінік қалыптастыру, дыбысталатын және жазбаша мәтіндер арқылы жаңаны танып білу;
• 1 сынып оқушыларының лингвистикалық ой - өрістерін кеңейту; қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеру;
• болашақта психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге оқушыларының коммуникативтік - психологиялық бейімделуін және шет тілін қарым - қатынас құралы ретінде пайдалануды қамтамасыз ету;
• рольдік ойындар арқылы оқушының тұлғалық сапасын, оның түсінігін, ойын және қиялын дамыту;
• оқушыға рухани - адамгершілік тәрбие беру;
Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Аптасына 1 сабақ, жылына 34 сағат.
Date | № | Hours | Theme | Vocabulary | Structures |
1 | Let’s Start! | hello | Hello. I’m … | ||
2 | Greetings | Hello, goodbye | Hello! I’m … What’s your name? Hello! I’m …. Goodbye! | ||
3 | My family | mummy, daddy, brother, sister | This is my mummy! This is my… | ||
4 | Colours | red, blue, green, yellow, purple, orange | What colour is it? Red! Stop! Stop! Get ready! Go! | ||
5 | Numbers | Numbers: one, two, three, four, five | One. What colour is it? | ||
6 | Letters Aa –Bb Letters Cc-Dd | A a – apple B b - bed C c –cat D d dog | |||
7 | My School | Schoolbag, book, pen, pencil, rubber | It’s a blue schoolbag. | ||
8 | School Objects | Numbers: six, seven, eight, nine, ten | What’s this? It’s a pen How many pens? Six pens. | ||
9 | Count to ten | Throw it! Count to ten! | |||
10 | Objectives Around me | bed, chair, TV, table, desk | This is my bed. It’s blue. Look at the bed. | ||
11 | Toys | doll, kite, bike, car, plane, train | I’ve got a kite. | ||
12 | Commands | stamp your feet, jump, sit down, stand up, clap your hands, dance | Clap your hands! Stamp your feet! Jump! | ||
13 | Letters Ee-Ff Gg – Hh Ii-Jj | E e - egg F f - fish G g – glass H h – house I i - igloo J j – jam | |||
14 | Pets | rabbit, fish, cat, dog, mouse, | This is my pet.It’s cat. What’s its name? | ||
15 | Colours and size | Colours: black, brown, white, pink Sizes: big, small | It’s big black dog. Where’s the rabbit? Is it big? Yes. / No. | ||
16 | Pets and Wild Animals | Wild animals: elephant, lion, zebra, panda Pets: mouse, dog, rabbit, parrot, fish | Oh, look at all the pets! There’s a parrot on TV. I’m Jenny. My favourite animal is the kangaroo. | ||
17 | Food | cheese, milk, bananas, juice, eggs, chicken | I’ve got some milk for you. I like milk. Yum! I don’t like milk. Yuk! | ||
18 | Letters Kk-Ll Mm-Nn | K k – kite L l – lemon M m – milk N n – nest | |||
19 | Fruits and Vegetables | Fruit: apples, pears, tomatoes Vegetables: carrots, onions, | What’s in your basket? Apples! | ||
20 | Food and drink | hungry, thirsty | I’m hungry. Can I have some chicken? I’m thirsty. Can I have some juice? | ||
21 | Musical Instruments | trumpet, guitar, drum, piano, recorder | I can play the drum. I can play the trumpet! Listen! | ||
22 | Letters Oo-Pp Qq-Rr | O o –orange P p - pen Q q – queen R r – rabbit | |||
23 | Activities | Actions: sing, skip | I can dance! Look! | ||
24 | My Face | Face: hair, eyes, nose, ears, mouth | Touch your ears! | ||
25 | Letters Ss-Tt Uu – Vv | S s – snake T t – train U u – umbrella V v - van | |||
26 | My Kazakhstan | country, flag, capital city, president | This is my country. This is my flag. | ||
27 | My Shapes | circle, triangle, rectangle, square | Welcome to Baikonur Cosmodrome. | ||
28 | My Doll’s house | hat, dress, fork, plate, spoon | That is a dress. | ||
29 | In the Zoo | camel, snake, elephant, zebra, deer | What are these? They’re camels. | ||
30 | Letters Ww-Xx Yy-Zz | W w – whale X x – fox Y y – yo-yo Z z - zebra | |||
31 | Injuries | head, arm, foot tummy, leg, | What’s the matter? My arm hurts! Let me see! | ||
32 | Let’s travel | by car, by bus, by plane, by bike, on foot | How do you go to school? I go to school by bus. | ||
33 | My Favourite place! | lake, river, mountain | What is Saule’s favourite place? Belukha Mountain. | ||
34 | Revision |
Күтілетін нәтиже:
- оқушыларының лингвистикалық ой-өрістерін кеңейуі;
- қолжетімді және қарапайым деңгейде шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді игеруге қажетті қарапайым лингвистикалық түсініктерді меңгеруі;
- психологиялық кедергіні жеңу үшін жаңа тілдік әлемге төменгі сынып оқушыларының коммуникативтік-психологиялық бейімделуі шет тілін пайдалану арқылы, үйрететін ойындар, оқу қойылымдары процестерінде балалардың эмоционалдық саласын дамуы.
- Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.
- Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
- Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
- Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
- Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістем
Источник: bilimdiler.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?