Мұсылманша 500+ ұл балалардың есімі мен олардың мағынасы


Осы тізімнен ұл балаға арналған әдемі мұсылманша есімді таңдап алуды ұсынамыз. Ұл балаларға арналған барлық мұсылманша есімдер мен олардың мағынасы.

Мұсылманша есімдер деген арнайы ұғым жоқ болғанымен, пайғамбарлардың (немесе Мұхаммед Пайғамбар айтқан есімдер), Алланың есімдерін, тарихи есімдерді, сахабалардың, одан кейін өмір сүрген ізгі адамдардың есімдерін қою әдетке айналып келеді. Яғни, мұсылманша есім дегеніміз – араб тіліндегі аттар емес. Бұл кез келген тілде айтылатын есімдер. 


Ескерту: «Балаға Алланың көркем есімін беруге болмайды. Ол үшін есімнің алдына «Абд» қосымшасын (приставка) қою керек. «Абд» мағынасы – «құл». Мәселен, Абдулкарим болса – Жомарттың құлы, Абдурахман – Аса Мейірімдінің құлы т.б.



Алфавит бойынша мұсылманша ұл балалар есімдер тізімі





Есім қою салты


Ат таңдаудағы басты талаптар


1. Адамның аты оның ғұмыр бойы онымен бірге болады. Егер есімі нашар болса оған көптеген ыңғайсыздық тудырады. Ал, бұл өз кезегінде бланың бойында есімін қойған адамға деген жеккөрушілік сезімін тудырады.
2. Есімі таңдауда оны жан-жақты қарастырған жөн. Яғни, ол сөздің мағынасына, көркемдігіне, нәрестеге үйлесімділігіне, оның жас кезінде, есейгенде және ақырында қартайғанда жарасымды болуына аса назар аудару керек. Оның әкесінің немесе болашақтағы балаларының есімімен үйлесімділігіне көңіл бөлінуі тиіс. Сондай-ақ әдемі, ойнақы, ұйқасты болғанымен түк мән-мағынасы жоқ аттарды да қоймау керек.

3. Нәрестеге ат таңдау негізі әкенің хұқығына жатады. Өйткені оның есімі дүниеде де, ақыретте де нәрестенің есімімен қатар тұрады. Сондай-ақ, анасының көзқарасы ескерілуі тиіс.
4. Туылған нәрестенің есімі әрдайым әкесінің есімімен бірге айтылып-жазылады. Әкесі қайтыс болса да, нәрестенің анасымен ажырасып кетсе де, тіпті, сәбиді көрмесе де, көмек бермесе де бәрібір. Сондықтан да шариғат бойынша баланы шынайы әкесінен бөлек адамның есіміне аударуға, зинақорлық жағдайынан басқа кезде тыйым салынады. Зинақорлық жағдайының өзінде (Алла ондай азғындықтан сақтасын) бала тек анасының атына ғана жазылады. Ал, оның тууына себеп болған зинақордың атына ешқашан жазылмайды. Бәрін білуші бір Алла!



А әрпі 

Аббас – «қатқыл жүзді», Пайғамбардың (с.а.с.) көкесінің
есімі.
Абдулла – «Алланың құлы».
Абду – «құл, пенде», «абд» сөзімен басталатын есімдердің
қысқартылған түрі.
Абдулакбар – «Акбардың құлы».
Абдуссаттар – «әс-Саттардың құлы».
Абзал – «Афдал» – артық.
Абрар – «әбрар» – ізгілер.
Абыл – Адам пайғамбардың ұлының есімі.
Азамат – «ұлылық».
Азиз – «қымбатты, құдіретті».
Азим – «ұлық».
Айғали – Ай+Әли.
Айдар –арыстан.
Айнуддин – «діннің бұлағы немесе көзі».
Айнулла – «Алланың заты».
Айтбай – Айт – «мейрам» + бай.
Айтмұхаммед – Айт+Мұхаммед.
Алауддин – «діннің биігі, асқары».
Али – «биік, асқар».
Алиф – «дос», «жолдас», «бауырмал»; араб әліпбиінің
бірінші әрпі.
Аллаберген – Алла+берген.
Аллажар – «Алла жар, яғни дос, қамқор болсын» деген
тілектен шыққан.
Аман – «аман-саулық, «қауіпсіздік».
Амин – «сенімді; өкіл».
Амир – «әмірші, ханзада».
Ансари – «ансарлық – «көмекші» – мәдиналық
сахабалардың лақабы».
Ануар – «нұрлы, нұрлар».
Арафат – Меккенің қасындағы қасиетті таудың аты.
Ариф – «білуші, танушы; Алланы танушы».
Асадулла – «Алланың арыстаны».
Асан – Хасан.
Асим – «қорғаушы, сақтаушы».
Асыл – «текті, нағыз».
Атымтай – «Тай руынан шыққан жомарт» – сақи
жомарттығымен аты шыққан араб көсемі.
Ахмад – «аса мақтаулы, мақтауға ең лайықты».
Ашраф – «аса текті, берекелі».
Аюб – Құран Кәрімдегі пайғамбар аты.
Аятулла – «Алланың аяты, белгісі».


мұсылманша есімдер мағынасы

Ә әрпі 

Әбдуәли – «Әл-Уәлидің», яғни Өкілдің құлы».
Әбді – Абду.
Әбдіғаппар – «Әл-Ғаффардың», яғни Аса кешірімдінің
құлы».
Әбдіжаббар – «Әл-Жаббардың», яғни Өктемнің құлы».
Әбдіжәлил – «Әл-Жәлилдің», яғни Даңқтының құлы».
Әбдіжәмил – «Әл-Жәмилдің», яғни Көркемнің құлы».
Әбдік – Абдулла.
Әбдікәміл – «Әл-Кәмилдің», яғни Кемелдік иесінің құлы».
Әбділда – Абдулла.
Әбдімәжит – «Әл-Мәжидтің», яғни Аса даңқтының құлы».
Әбдімәлік – «Әл-Мәликтің», яғни Әлемдердің Патшасының құлы».
Әбдінұр – «Ән-Нурдың», яғни Нұр немесе Нұрландырушының құлы».
Әбдіразақ – «Ар-Раззақтың», яғни Ризықтандырушының құлы».
Әбдірахман – «Ар-Рахманның», яғни Аса рахымдының құлы».
Әбдірахым – «Ар-Рахимнің, яғни Ерекше Мейірімдінің құлы».
Әбдірашит – «Ар-Рашидтің, яғни Туралыққа Нұсқаушының құлы».
Әбдісабур – «Ас-Сабурдың, яғни Аса төзімдінің құлы».
Әбдісалам – «Әс-Сәләмнің, яғни Бейбітшілдің құлы».
Әбдісамат – «Ас-Самадтың, яғни Мәңгі, Мұқтажсыздың құлы».
Әбдішүкір – «Әш-Шәкурдің, яғни Алғыс айтушы,
жақсылықтың қарымтасын қайтарушының құлы».
Әбдіхамит – «Әл-Хамидтің, яғни Мақтаулының құлы».
Әби – «әке» (ілік септігіндегі формасы).
Әбласан (Әбу-л-Хасан) – «Хасанның әкесі».
Әбсаттар (Абду-с-Саттар) – «Ас-Саттардың, яғни күнәні Жасырушының құлы».
Әбу – «әке» (атау септігіндегі формасы).
Әбу Әли – «Әлидің әкесі».
Әбу Ханифа – «Ханифаның әкесі», ұлық имамның куния есімі.
Әбубәкір – «Бәкірдің әкесі», Пайғамбарға (с.а.с.) ең жақын
сахабаның куния есімі.
Әбунасыр – «Насырдың әкесі», қазақ жерінен шыққан ұлы
ғұлама әл-Фарабидің есімі.
Әбурайхан – «Райханның әкесі», атақты ғұлама Бирунидің есімі.
Әбутәліп – «Тәліптің әкесі», Пайғамбар (с.а.с.) көкесінің есімі.
Әбілғазы, Әбілаз (Абулғази) – «күрескер, жеңімпаз».
Әбілда – Абдулла.
Әбілмансұр – «Мансұрдың әкесі», қазақ ханының аты.
Әбілхайыр – «Қайырдың әкесі»; «аса жомарт», қазақ
ханының аты.
Әділ – «әділ, әділетті, шыншыл».
Әжімұрат – Қажы+Мұрат.
Әзиз – «қымбатты, қадірлі».
Әзім – Азим.
Әзірет – «мырза», «тақсыр» – мұсылман ғалымдары мен
қадірлі тұлғаларға айтылатын қаратпа сөз.
Әкім – Хаким.
Әли – Али.
Әлиф – Алиф.
Әлихан – Әли+Хан.
Әлімжан – әлім – ғалым + жан.
Әлішер – Әли+Шер.
Әмзе – Хамза.
Әмин – «сенімді, тұрақты».
Әмір – «әмірші, бұйырушы».
Әнес – «қуаныш, шаттық»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының аты.
Әнуар – Ануар.
Әріп – Ариф; «әріп».
Әсен – Хасан.
Әсет – Асад – «арыстан».
Әскер – «әскер, жауынгер».

Б әрпі 

Бағдат – Ирақ елінің астанасы, атақты білім ордасы. Негізі
парсы сөзі «Құдайдың сыйы» деген мағына береді.
Бадиғуззаман – «өз заманының кемеңгері, ерекше тұлғасы».
Байғази – Бай + Қазы (Сот).
Баймұрат – Бай + Мұрат.
Баймұхаммед – Бай+Мұхаммед.
Байназар – Бай+Назар.
Байсұлтан – Бай + Сұлтан.
Барат – «тазару», шағбан айындағы қасиетті түннің аты.
Бахруддин – «діннің теңізі».
Баһауддин – «діннің көркемі».
Баян – «айқын, анық».
Бәдруддин – «діннің толғанайы».
Бәдір – «толғанай».
Бәкір – «ертерек туған, бірінші туған; тайлақ».
Бәшір – «қуанышты хабар жеткізуші, сүйіншілеуші».
Бекмұхаммед – Бек+ Мұхаммед.
Бексұлтан – Бек+Сұлтан.
Берекет – «береке, құт».
Бұрхануддин – «діннің айқын дәлелі, ғалымы».
Бұрхан – «айқын дәлел».
Біләл – «айықтырушы, сауықтырушы».

Ғ әрпі 

Ғаббас – Аббас.
Ғабдулла – Абдулла.
Ғабит – «құлшылық қылушы, тақуадар».
Ғази – «жауынгер; жеңімпаз».
Ғазиз – Азиз.
Ғали – Әли; «қымбат, қадірлі».
Ғалым – «ғалым, білімдар».
Ғани – «бай, бақуатты».
Ғұбайдолла – Убайдулла.

Д әрпі 

Дамир – «ар, ождан».
Даниял – көне иврит тілінде «Құдайдың сыйы», пайғамбар аты.
Дәлел – «дәлел, айғақ; жол бастаушы».
Дәулет – «байлық; билік; ел, мемлекет».
Дәурен – «кезең; айналым».
Дәуір – «уақыт, кезең; шеңбер».
Дәуіт – көне иврит тілінде «сүюші, сүйікті», пайғамбар аты.
Досмұхаммед – Дос+Мұхаммед.
Дінислам – Дін+Ислам.
Дінмұхаммед – Дін+Мұхаммед.

Е әрпі 

Ерәлі – Ер + Әли.
Ерғазы – Ер + Қазы (сот).
Ермұхаммед – Ер + Мұхаммед.
Ерсұлтан – Ер + Сұлтан.
Ескендір – көне грек тілінде «Александр» – «жеңімпаз»,
Зұлқарнайын патшаның аты.
Есмұхаммед – Ес+Мұхаммед.

Ж әрпі 

Жақия (Яхия) – көне иврит тілінде «өмір сүрер, өміршең» деген
мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың
аты, Зәкәрия пайғамбардың (а.с.) ұлы.
Жақып (Яъқуб) – көне иврит тілінде «ізбен жүруші,
ілесуші» деген мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған
пайғамбардың аты, Жүсіп пайғамбардың (а.с.) әкесі.
Жұма – «жұма күні туылған».
Жұмағазы – «Жұма + Қазы (сот)».
Жұмағали – «Жұма + Әли».
Жүніс (Юнус) – көне иврит тілінде «көгершін» деген
мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
Жүсіп (Юсуф) – көне иврит тілінде «үстеме, қосымша» деген
мағынаны білдіреді. Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.

З әрпі 

Заман – «уақыт, заман, дәуір».
Зәкәрия – көне иврит тілінде «құдайды еске алу» деген
мағынаны білдіреді. Пайғамбардың аты, Жақия пайғамбардың
(а.с.) әкесі.
Зәки – «зерек, ақылды».
Зәкір – «еске алушы, зікір етуші (Алланы)».
Зейнуддин – «діннің әшекейі».
Зейнулла – «Алланың әшекейі».
Зейтун – «зәйтүн ағашы».
Зейд – «үстеме, көбею», Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасының аты.
Зияуддин (Дия ад-Дин) – «діннің сәулесі, жарығы».
Зубайр – «кішкене темір», Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасының аты.
Зул-кифл – «тапсырма, кепілдік иесі», Құран Кәрімде аталған пайғамбардың аты.
Зун-нун – «балық иесі», Жүніс пайғамбардың (а.с.) лақабы, атақты тақуа кісінің аты.
Зұлқарнайын (Зул-Қарнайн) – «қосмүйізді», әділетті
қолбасшы Ескендірдің Құран Кәрімде аталған лақабы.
Зұлпықар (Зул-фақар) – «омыртқалы», Әлидің (р.а.)
қылышының аты.

И әрпі 

Ибадулла – «Алланың құлдары», көпше түр, жекешесі
Абдулла.
Ибраһим – көне иврит тіліндегі сөз. Құран Кәрімде аталған
пайғамбар есімі.
Идрис – «ынталы». Құран Кәрімде аталған пайғамбар есімі.
Иззатулла – «Алланың даңқы, құдіреті».
Икрам – «жомарттық, құрмет, сый».
Илияс – көне иврит тіліндегі «Құдайдың құдіреті». Құран
Кәрімде аталған пайғамбар есімі.
Илһам – «аян, медет».
Имадуддин – «діннің тірегі».
Имамали – Имам+Әли
Иманали – Иман+Әли
Имран – «өмір, құт-береке», Құран Кәрімде аталған
пайғамбарлардың атасы.
Инаят – «қамқорлық, мейірім, Алланың қамқорлығы».
Ирфан – «білім, таным; қадірлеу».
Иршад – «нұсқау, тура жолға бастау».
Иса – көне иврит тілінде «Құдайдың сыйы». Құран Кәрімде
аталған пайғамбар есімі.
Исамуддин – «діннің қорғаушысы; тұтқасы, тазалығы».
Искандар – Ескендір.
Ислам – «Аллаға мойынсұну, берілу; дін».
Исмаил – көне иврит тілінде «Құдайдың естуі». Құран
Кәрімде аталған пайғамбар есімі, Ибраһим пайғамбардың ұлы.
Исмат – «тазалық, пәктік».
Исраил – көне иврит тілінде «Құдайдың құлы».
Исхақ – көне иврит тілінде «күлу». Құран Кәрімде аталған
пайғамбар есімі, Ибраһим пайғамбардың ұлы.
Ихсан – «ізгілік, игілік».
Ихтияр – «таңдау, таңдамалы».

К әрпі 

Камалуддин – «діннің кемелдігі».
Карамат – «жомартық; керемет; құрметтілік».
Кәдір – Қадір.
Кәрім – «жомарт, ізгі».

Қ әрпі 

Қабдол – Абдулла.
Қабдулла – Абдулла.
Қабдырахым – Абдуррахим.
Қабыл – «қабыл болу; қабыл алушы; жарамды».
Қадір – «күшті; қабілетті; қадірлі».
Қази – «қазы, шариғат соты».
Қали – Әли.
Қамар – «ай».
Қари – «оқушы; Құран оқушы».
Қасим – «бөлуші; көркем жүзді»; Пайғамбардың (с.а.с.)
ұлының есімі.
Қаһарман – «жеңімпаз».
Қуат – «күш-құдірет».
Құдыс – «киелі, таза»; Ислам әлеміндегі үшінші қасиетті
қала Иерусалим қаласының мұсылманша аты.
Құл-Мұхаммед – Құл+Мұхаммед.
Құрбан – «құрбандық; Құрбан шалу айында туылған».
Құтыб – «кемеңгер тұлға».
Қыдыр, Қызыр – Хидр – Құран Кәрімде әңгімеленген ізгі
пенденің есімі; «жасыл, көгеріс».
Қыдырәлі – Қыдыр+Әли.

Л әрпі 

Латиф – «жұмсақ, мейірімді».
Лейс – «арыстан».
Лұқман – Құран Кәрімде әңгімеленген ізгі пенденің есімі
Лутфи – «жұмсақ, жағымды, мейірімді».
Лутфулла – «Алланың жұмсақтығы, мейірімі».

М әрпі 

Мағауия – «кішкене түлкі, түлкішек».
Мадияр – «Имам Мәдінің досы».
Мақсат – «мұрат, алға қойылған мақсат».
Мақсұм, Мағсұм, Мағзұм – «күнәсіз, кемшіліксіз;
қорғалынған, қамқорлыққа алынған».
Манар – «нұрлы; маяк».
Мансұр – «жеңімпаз».
Маруан – «суландырушы».
Масғұт – «бақытқа бөленген, бақытты».
Махамбет – Мұхаммед.
Махмұт – «мақтаулы, мақталынған».
Мәди, Мәһди, Мәді – «тура жолда болушы».
Мәделі – Мәди+Әли.
Мәжит – «даңқты, құрметті, абыройлы».
Мәлік – «патша, әмірші, ие».
Мәмет – Мұхаммед.
Мәшһүр – «атақты, белгілі».
Мәулен – мәуләнә – «мырзамыз», Пайғамбарға (с.а.с.),
ғұламаларға айтылатын сөзден шыққан.
Мекебай – «Мекке + бай».
Мирас – «мұра, мұрагер».
Мұғаз – «сақталған, қорғалған».
Мұзафар – «жеңімпаз, жеңуші».
Мұқағали – Мұхаммед+Әли.
Мұқан – Мұхаммед.
Мұқтар – «таңдаулы».
Мұрат – «қалаған нәрсе, мұрат-мақсат».
Мұхаммед – «аса мақтаулы, мақтауға лайық».
Мұхаммед Әли – Мұхаммед+Әли.
Мұхаммед Әмин – Мұхаммед+Әмин.
Мұхаммеджан – Мұхаммед+Жан.
Мұхаммед Мәһди– Мұхаммед +Мәһди
Мұхаммед Нұр– Мұхаммед +Нұр
Мұхаммед Садық– Мұхаммед +Садық
Мұхаммед Салих– Мұхаммед +Салих
Мұхаммед Хасан– Мұхаммед +Хасан
Мұхаммед Фатих– Мұхаммед +Фатих
Мұхаммедияр– Мұхаммед+Жар – «Мұхаммедтің досы, сүйіктісі».
Мұхиддин – «дінді тірілтуші, жаңғыртушы, қалпына келтіруші».
Мұхит – «мұхит, теңіз».
Мұртаза – «Алланың разылығына жеткен», Әли ибн
Әбутәліптің сипатты лақабы.
Мұса – көне иврит тіліндегі сөз, Құран Кәрімде аталған пайғамбар есімі.
Мұстақим – «тура, ашық; сенімді».
Мұстафа – «таңдалынған, таңдаулы», Мұхаммед
пайғамбардың сипатты есімдерінің бірі.
Мүслім – «мұсылман; бойсұнушы».


Н әрпі 

Нағи – арабша «нақи» – «саф таза».
Нағым – жәннаттың аты.
Нақып – «басшы, көсем».
Насруддин – «Насируддин» – «діннің көмекшісі,
қорғаушысы».
Насрулла – «Алланың жеңісі».
Насыр – «жеңімпаз».
Нәдір – «сирек, дара, бірегей».
Нәжмуддин – «діннің жұлдызы».
Нәзір – «назир» – «ескертуші», Пайғамбардың (с.а.с.) бір сипаты.
Несіпбек – «насиб» – несібе
Низамуддин – «дінді тәртіпке келтіруші».
Нұғман – «бақытты, бай-қуатты».
Нұр Мұхаммед – Нұр+Мұхаммед.
Нұрахмет – Нұр+Ахмет.
Нұрәлі – Нұр+Әли
Нұрбек – Нұр+Бек.
Нұрғазы – Нұр+Ғази.
Нұрғали – Нұр+Әли.
Нұриддин – «діннің нұры».
Нұрсұлтан – Нұр+Сұлтан.
Нұх – көне иврит тілінде «қуаныш, жұбаныш»; Құран Кәрімде
аталған пайғамбар есімі.
Нығмет – «нығмет, несібе, ризық».

О әрпі 

Омар – «өмір сүретін, өмірі ұзақ»; Мұхаммед пайғамбардың
(с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.
Ормамбет – Мұхаммед.
Осман – «түзетуші»; Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.
Оспан – Осман.


Ө әрпі

Өкіл – «өкіл, жауапкер».
Өмір – «ғұмыр, жас».
Өмірәлі – Өмір+Әли.

П әрпі 

Пазыл – Фазыл.
Пайзрахман – Файзрахман.
Парасат – арабша «фарасат» – көрегендік, зерделілік,
қырағылық, тапқырлық.
Пахреддин – Фахреддин.

Р әрпі 

Ражаб – мұсылман күнтізбесіндегі ай аты; ражаб айында
туылған.
Рази – «разы, қанағаттанушы».
Раимқұл – «Ар-Рахимнің құлы».
Райымбек – Рахымбек.
Рамазан – мұсылман күнтізбесіндегі ораза айының аты;
рамазан айында туылған.
Рами – «садақ атушы, атқыш, мерген».
Рафик, Рафиқ – «дос, жолдас, серік».
Рахат – «демалыс, тыныштық».
Рахманберді – «Ар-Рахман+Берді».
Рахманқұл – «Ар-Рахманның құлы».
Рахматулла – «Алланың рахметі-рахымы».
Рахымбек – «рахымды, мейірімді бек».
Рахымжан – «рахымды, мейірімді жан».
Рашид – «жетекші, саналы, зерек».
Рашидаддин – «діннің жетекшісі, зерегі».
Ридуан – «разылық, қанағат, қуаныш»; жұмақ қақпасын
күзетуші періштенің аты.
Ризабек – Риза – «разылық, келісім» + Бек.
Ризахан – Риза – «разылық, келісім» + Хан.
Ришат, Рашад – «тура жол, шындық».
Рүкнуддин – «діннің тірегі», Бейбарыс сұлтанның лақап аты.
Руми – «румдық»; атақты сопы ғұламасының қатыстық есімі.
Рушди – «тура үгіт».

С әрпі 

Сабах – «таң, ертеңгілік кез; таңертең туылған».
Сабыр – «төзімді, сабырлы».
Сағадат – «бақыт, құт, сәттілік».
Сағит – «бақытты, құтты, сәтті».
Садруддин – «дін басшысы».
Садық – «шыншыл; дос».
Садыр – «әр нәрсенің алды, басшы, басы».
Сақи – «сақи, жомарт».
Сақып – «жолдас, дос; ие, қожайын».
Саламат – «амандық, саулық».
Салауат – «мадақтау, салауат, дұға-тілек».
Салахуддин – «діннің игілігі, қорғаушысы», Қасиетті Құдыс
қаласын (Иерусалимді) крест жорықшыларынан азат еткен
атақты мұсылман қолбасшысының аты.
Салман – «аман, берекелі». Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының аты.
Самаддин (Сәмедин, Замаддин) – арабша Сәмә әд-Дин –
«діннің биігі».
Сапа – «сапа; сафа – саф тазалық, тұнықтық».
Сапар – «сапар; сафар – мұсылманша ай аты».
Сапаралы – Сапар + Әли.
Саттарқұл – «Саттардың құлы», әс-Саттар – «күнәні
жасырушы» – Алла Тағаланың бір сипаты.
Сафа – «саф тазалық, тұнықтық; Меккедегі қасиетті таудың аты».
Сафуан – «саф, таза».
Саят – «аң аулау, серуендеу».
Сәбит – «берік, мықты».
Сәдір – Садыр.
Сәйд – «мырза, ие, қожайын».
Сәлім – «аман-сау, бүтін».
Сәубан – «өкіл, тәрбиеші».
Сейфуддин – «діннің қылышы, қорғаушысы».
Сейфулла – «Алланың қылышы».
Сейфулмәлік – «Әл-Мәликтің, яғни Алла Тағаланың
қылышы».
Сиражуддин – «діннің шырағы, жарығы».
Субханберді – «Субхан» сөзі «Субханалла» – «Алла пәк»
деген дұға сөздің қысқартылған түрі.
Сұлтан – «сұлтан, әмірші».
Сүлеймен – «бейбіт; қорғалынған», пайғамбар есімі.
Сыддық – «аса шыншыл»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасы
Әбубәкірдің (р.а.) лақап аты.
Сыздық – Сыддық.

Т әрпі 

Талап – «талап, тілек, сұрау».
Талғат – «пішін, жүз, дидар; көркемдік, сұлулық».
Талха – акация, шөл жерде өсетін өсімдік аты.
Тарық – «түнгі қонақ»; Шолпан жұлдызы.
Тауфиқ – «сәттілік, алға басушылық, құт».
Таха – Құран Кәрімнің жиырмасыншы сүресінің аты, аят.
Ұғымын бір Алла біледі.
Тәжуддин – «діннің тәжі».
Тәліп – «ізденуші, талап етуші; үйренуші, студент».
Тәуекел – «тәуекел ету, бүкіл істі Аллаға тапсыру».
Тоқмұхаммед – Тоқ + Мұхаммед.

У әрпі 

Уақас – «ұрушы; тұзақ; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасы Сағыд ибн
Әбу Уаққастың атының негізінде қысқартылып жасалынған есім.
Уәйіс – «бөлтірік»; Уәйіс әл-Қарани – атақты тақуадар.
Уәйіл – «оралушы».
Уәкіл – «өкіл, жауапкер».
Уәли – «дос, жақын (Алла Тағалаға); әулие».
Уәлиуддин – «діннің досы, жанашыры».
Убайдулла – «Алланың кішкентай құлы, пендесі».
Усәма – «арыстан»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының аты.

Ұ әрпі 

Ұзайыр – ескі еврей тілінде пайғамбардың аты.
Ұлық-Мұхаммед – Ұлық+Мұхаммед
Ұмар – Омар.

Ү әрпі 


Үкаша – «өрмек»; Пайғамбар (с.а.с.) сахабасының есімі.
Үмбет – «қауым, үмбет».
Үмбетәлі – «үмбеттің Әлиі».
Үсен – Хүсейін.

Ф әрпі 

Фазыл – «артықшылық, бекзаттық; ырзық-несібе».
Файзрахман – Рахманның құт-берекесі, жомарттығы,
артықшылығы.
Файзулла – Алланың құт-берекесі, жомарттығы, артықшылығы.
Файсал – «шешуші; сот; қылыш».
Фарид – «дара, бірегей».
Фарис – «салт атты, батыр, ноян».
Фарисаддин – «діннің батыры, нояны».
Фаруқ – «ақ пен қараны айырушы, өте әділ; Омар ибн Хаттабтың лақап аты».
Фархад, Фарқад – (Фархад – көне парсыша «зерек»; арабша
«Фарқад» – жетіқарақшыдағы жұлдыздың аты).
Фархат – «қуаныш, шаттық».
Фатих – «жеңімпаз, ашушы».
Фатхулла, Фетхулла – «Алланың жеңісі».
Фахреддин – «діннің мақтанышы».
Фирдауси – «фирдаустық», Фирдаус – ең биік жәннат.
Фуад – арабша «жүрек», «ақыл, сезім».

Х әрпі 

Хабибулла – «Алланың сүйіктісі».
Хайдар – «арыстан».
Хайруддин – «діннің қайырлығы, қайырымдысы».
Хайрулла – «Алланың қайырлығы».
Хаким – данышпан; әмірші, әкім.
Хақберді – Әл-Хаққ + берді.
Хақназар – Әл-Хаққтың назары.
Халил – «дос, сүйікті жолдас».
Халилулла – «Алланың досы, сүйіктісі».
Халим – «жұмсақ, қайырымды».
Халит – «мәңгі, тұрақты».
Халифа – «орынбасар, көмекші».
Хамза – «ащы, өткір дәмді».
Хамит – «мақтаулы».
Ханафи – «Әбу Ханифа мазһабының өкілі».
Ханиф – «шынайы иман келтірген, ізгі пенде».
Хасан – «жақсы, ізгі, көркем», Пайғамбар (с.а.с.)
немересінің есімі.
Хасболат – хас – «нағыз, шынайы» + «болат».
Хатиб – «шешен, дін насихатшысы».
Хафиз – «сақтаушы; Құранды немесе хадисті жатқа білуші».
Хикмет – «даналық, білім».
Хисамеддин – «діннің қылышы».
Хуснуддин – «діннің көркемдігі, әдемілігі».
Хүсейін – «жақсы, ізгі, көркем», Хасан сөзінің кішірейтілген формасы.

Һ әрпі 

Һарун – ескі еврей тілінде «таулық, таулы өлке тұрғыны»,
Құран Кәрімдегі пайғамбар есімі.
Һәди – «туралыққа бастаушы, жолбасшы».
Һәни – «бақытты, сәтті; қызметкер».
Һибатулла – «Алланың сыйы».

Ш әрпі 

Шағбан – мұсылман күнтізбесіндегі ай аты; «шағбан айында
туылған».
Шарапат – «шарапат; құрмет; абырой-даңқ».
Шарафуддин – «діннің шарапаты, даңқы».
Шафиғи – «шапағатшы; шафиғи мазһабының өкілі».
Шәкір – «шүкір етуші, алғыс білдіруші».
Шәмсуддин – «діннің күні, жарығы».
Шәмші – «күн».
Шәміл – «бәрін қамтушы, әмбебап».
Шәриф (Шәріп) – «бекзат, асыл текті».
Шейхислам – «Исламның шейхы, ғұламасы, қадірлісі».
Шерәлі – «шер» парсыша «арыстан» + Әли.
Шермұрат – Шер+Мұрат.
Шермұхаммед – Шер+ Мұхаммед.
Шұғайып – Құран Кәрімде аталған пайғамбардың есімі.
Шүкір – «шүкір, алғыс».

Ы әрпі  

Ыбырайым, Ыбрай – Ибраһим.
Ыдырыс – «ыждағатты, талапты»; пайғамбар есімі.
Ықсан (Ихсан) – Ихсан.
Ықтияр – Ихтияр.
Ырзабек – Ризабек.
Ырысмамбет – Ырыс + Мұхаммед.
Ысмайл – Исмаил.

І әрпі  

Ідіріс – Ыдырыс.
Ізмұхаммед – Із+Мұхаммед.
Ілияс – Илияс.
Ісләм – Ислам.


Я әрпі 

Язид – «Өсер, көбейер».
Ясин – Құран Кәрімдегі 36-сүренің аты әрі сол сүредегі
алғашқы аят. Ұғымын бір Алла біледі.
Ясир – «жеңіл, сәтті».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: ZHARAR
  • 1 178 158



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 14
  1. Оқырман Дамир
    Оқырман Дамир 07.03.2022 19:37
    11 + 3 -
    Ислам пайғанбар аты
  2. Balapan Merei
    Balapan Merei 16.01.2015 20:50
    0 + 4 -
    Men hiz glumiri janede vade berem xikaialarin vnatamin
  3. Фердауси Атахожаев
    5 + 4 -
    ???
  4. ZHARAR
    ZHARAR 21.12.2014 08:08
    5 + 1 -
    мында http://goo.gl/ceqsjC барлық сериялары онлайн қараңыз
  5. Зарина Маханова
    2 + 3 -
    31 каналдан үзбей көретін едім осы сериялды. Өткізіп алған серияны интернеттен көрейін десем еш жерден таппадым. Мында неге көп сериялары жоқ? Қысқартып тастаған ба?
  6. Санам Кхан
    Санам Кхан 14.12.2014 13:09
    3 + 4 -
    Ия
  7. Айгерим Абдулла
    1 + 4 -
    Сонгы сериясын калаи карауга болады жаи мен бани косылама сонында
  8. Сырым Досыбаев
    Сырым Досыбаев 12.10.2014 01:24
    2 + 3 -
    Жадыра
  9. Айкен Берикова
    Айкен Берикова 28.09.2014 14:27
    1 + 4 -
    соны жагымсыз
  10. Айкен Берикова
    Айкен Берикова 28.09.2014 14:25
    1 + 2 -
    соны мансиз, Бани турмеге камалады, егиз кызын алып кояды, Джай онбаган
  11. Indikosh Nursiltanova
    Indikosh Nursiltanova 25.09.2014 14:11
    1 + 0 -
    каншасыншы серия
  12. Орынгул Кетиева
    1 + 2 -
    Тугел сериясын калай карауга болады.
  13. Жадыра Бейсенбиева
    0 + 2 -
    Салем берд!к ос сериалды калай скачать етуге болады? билсениздер жотиниш
  14. Aноним
    Aноним 23.08.2014 22:48
    3 + 1 -
    мағанда ұнады керемет жалпы үнді елінің кинолары шынайы түрде бейнеленеді сол киноны көріп отырып, адамның өзі жылайды.