Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау


Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары (8 сынып)
Пән атауы: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелерден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: өтілген материалдар жөнінде алған білімдерін пысықтауы, олардың грамматикалық белгілерін меңгеруі.
Күтілетін нәтиже: өтілген материалдар жөнінде алған білімдерін пысықтайды, олардың грамматикалық белгілерін меңгереді.
Қолданылатын модульдер: 1. АКТ. 2. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 3. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 4. Оқытуды басқару және көшбасшылық. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Стратегиялық іс әрекет: «Тест». «Мозайка». «Ойлан, Бірік, Бөліс».«Сұрақ - жауап». Сергіту сәті. Бағалау. Кері байланыс.
Ресурстар: Г. Т. Тұрсынова, А. А. Қасымбек, А. Н. Нұрғазы қазақ тілі «Арман - ПВ» 2012ж.

Сабақтың барысы
I. Ынтымақтастық атмосферасын құру кезеңі: 5минут
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
№1 дәптерді жинаймын және №2 дәптерді таратамын. Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Оқушының іс - әрекеті
Орындарынан тұрып сәлемдеседі жылы қабақты сезеді. Дәптерлерді алмастырып, сабаққа дайындалады.
II. Кіріспе бөлім:
10 - минут Үй тапсырмасын пысықтау үшін тест аламын және бір - біріне тексертемін, бағалатамын. (Бағалау критерийі 13 - 15 ұпай «3», 9 - 12 ұпай «2», 4 - 8 ұпай «1»)

Тұрлаусыз мүшелер. Тест
1. Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
А) Кімнің? Ненің? В) Кімді? Нені? С) Кіммен? Немен? D) Қандай? Қай? E) Қанша? Неше?
Дұрыс жауап: В

2. Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
А) Қандай? В) Қанша? С) Қалай? D) Кімді? E) Кіммен?
Дұрыс жауап: D

3. Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
А) Қалай? В) Нені? С) Кімі? D) Кімнен? E) Қандай?
Дұрыс жауап: Е

4. Мезгіл пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
А) Қайда? В) Қашан? С) Не себепті? D) Не үшін? E) Не мақсатпен?
Дұрыс жауап: В

5. Мекен пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
А) Қандай? В) Қай? С) Қайда? D) Не үшін? E) Қашан?
Дұрыс жауап: С

6. Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.
А) Қай? В) Кімге? С) Кімнің? D) Қандай? Е) Кім?
Дұрыс жауап: В

7. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсетіңіз.
А) Анықтауыш. В) Бастауыш. С) Баяндауыш. D) Етістік. Е) Үстеу.
Дұрыс жауап: А
Оқушылар қайталайды, еске түсіреді, айтады. Орындайды, бір – бірін тексереді, бағалайды.
Тұрлаусыз мүшелер. Тест

8. Кімнің? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
А) Анықтауыш В) Толықтауыш С) Пысықтауыш D) Бастауыш Е) Баяндауыш
Дұрыс жауап: А

9. Қашан? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Пысықтауыш D) Анықтауыш Е) Толықтауыш
Дұрыс жауап: С

10. Кіммен? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
А) Пысықтауыш В) Бастауыш С) Анықтауыш D) Баяндауыш Е) Толықтауыш
Дұрыс жауап: Е

11. Анықтауыштың сұрағын анықтаңыз.
А) Қандай? В) Қалай? С) Қашан? D) Неге? Е) Немен?
Дұрыс жауап: А

12.«Неліктен?» сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.
А) Мақсат В) Мезгіл С) Мекен D) Себеп - салдар Е) Күрделі
Дұрыс жауап: D

13. Қашан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.
А) Себеп. В) Мезгіл. С) Мақсат. D) Мекен. Е) Дара.
Дұрыс жауап: В

14. Қайдан? сұрағына жауап беретін пысықтауыш түрін анықтаңыз.
А) Дара. В) Күрделі. С) Мақсат. D) Мекен. Е) Мезгіл.
Дұрыс жауап: D

15. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.
A) 2. B) 5. C) 3. D) 6. E) 4.
Дұрыс жауап: С

II. Негізгі бөлім: 10 - минут
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.«Мозайка»әдісімен топтарға бөлемін.
1 - топ. Анықтауыш
2 - топ. Толықтауыш
3 - топ. Пысықтауыш
«Ойлан, Бірік, Бөліс»әдісі арқылы мәлiметтердi топтастырып, басқа таныс жүйеге ауыстырады және түрлендiреді.

Кенесары Қасымұлы атындағы
№ 33 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Халбаева Дариха Мүсәліқызының

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?