Қиял-ғажайып ертегі: Жаңа Мазандаран
Өткен заманда Әдбілхамит деген патшаның уақытында бір адам екінші бір адамнан жер сатып алыпты. Әлгі жер сатып алған адам жерін айдап жатса, айдаған жерінен бір құмыра алтын тауып алыпты. Жер сатып алған адам жер сатқан адамға барып: «Сенің сатқан жеріңнен бір құмыра қызыл алтын шықты, ол алтын сенің есіңнен шығып кеткен екен, соны барып, алып кетерсің»,—дейді. Сонда жер сатқан адам айтады: «Мен саған жердің бәрін сатқанмын. Ол менің алтыным болса, неше рет айдап жүргенде шықпас па еді? Ол алтын—сенің несібең, өзің ала бер»,—дейді. Жер алған кісі айтады: «Мен сенің жеріңді алғанмын, алтыныңды алмаймын» деп. Екеуі таласып, Әбділхамит деген патшаның алдына келіпті. Сонда патша екеуін де сұрап: «Бұл екеуі де ділләні алмаса, жерден шыққан алтында кім алады?»—деп, уәзірлерінен сұрады. Сонда бір уәзір тұрып айтты: «Бұл жерден шыққан алтын патшаның несібесі болса керек»,—дейді. Сонда патша айтады: «Құдайдан қорықпаған адам екенсің, жер сатқан алмайды, жер алған алмайды, мен алып, менің қай ата-бабам көшіп қонып еді!»—деп әлгі уәзірді қуып жібереді. Сонда екінші бір уәзірі айтқан: «Жер сатқан мен жер алғаннан сұраңыз, ұлы-қызы болса, бірін-біріне некелеп қосып, алтынды ұл мен қызға берсін»,—дейді. Сонда патша сұрады: «Қайсыңда ұл бар, қайсыңда қыз бар?»,—деп. Жер сатқан «ұлым бар», жер алған «қызым бар» деді. Екеуінің де баласын шақыртып алып, қызды ұлға неке қылады. Ұлдың аты Харон, қыздың аты Сәлима екен. Әлгі алтынды ұл мен қызға береді. Сонда тұрып Сәлима айтады: «Әй, Харон, менің саған айтатын сөзім бар!» Харон: «Айт!»—деді. «Мен айтсам, екеуміздің аталарымыз алмаған дүниені біз де қалай аламыз, кімнен қалған дүние, біз алсақ, мұны ішіп-жеп, ақырында қандай жауап береміз? Біздер патшаға барып, арыз қылайық, бізден алып, басқа біреуге берсеңіз екен, біз бұл бәледен құтылсақ, Тәңірі тағалам, біздің несібемізді әзелде маңдайымызға жазып қойған болар, сол несібеміз таусылғанда өлерміз»,—деді. Харон мен Сәлима патшаға арыз қылды: «Бұл пәлені бізден алып, басқа біреуге берсең екен, біздің аталарымыз алмаған алтынды біз қайтіп аламыз? Бізде Құдайдың берген тамағы бар, соны жесек те болады» деп.
Патша бұларға таң қалып, «Осылардың тамғысыз ынсаптарына бәрекелді!» деп Харон менен Сәлимадан алтынды алып, өзінің қазынасынан көп дүние беріп, қайтарады. Патша уәзірлеріне: «Бұл алтынды не қыласыңдар?»—деді. Бір уәзір: «Бұл алтынды бұрынғы шыққан жеріне шұқыр қазып көму керек»,—деді. Тағы бір Әбділәлім деген уәзірі: «Құдайдың берген дүниесін жерге көму керек емес. Бұл дүниені қайырлы іске жұмсау керек. Кімде-кім бір жеміс ағашын тамырымен алып келсе, сол ағашты осы алтынға сатып алып, жақсы жерге егіп, сол ағашты бау қылып, бағушыларға беріп, жеміс салған уақытта бейшараға ішіп-жеуге ықтияр беріп қойса, көп жақсы болар еді»,—деді. Бұл сөз патша мен уәзірлеріне мақұл көрінді. Әбділхамит патша әлгі Әбділәлім уәзіріне айтты: «Өзің бір жақсы, тиісті жеріне жұмсарсың»,—деді. Сонда Әбділәлім уәзірі халыққа хабар беріп, таудың бағынан жемісті тоқсан мың алтынға сатып алды. Бұл ағаштарды жақсы жерге егіп, қалған алтындарды, отыз адамға бөліп беріп, осы бақшаға бақшашы боларсыздар»,—дейді.
Бұлар үш жылға уәде қылып, үш жылға дейін отыз адам әлгі ағаштарды бақты. Бұл ағаштар өсіп, жеміс салыпты. Бұл ағаштардың бәрі қалың болып, қараңғы болып кеткен соң Құдайдың құдіретімен он мың түп гауһар шам пайда болыпты. Бұл гауһар шамның жарығы күндіз-түні бірдей жарық болып, жапырақтарының арасындағы жемістері көрінеді. Сол уақытта Әбділәлім уәзір Әбділхамит патшаға хабар береді. «Баяғы егілген ағаштарды келіп көріңіз» деп. Әбділхамит патша бірнеше адамдармен әлгі ағаш егілген бауға бармақшы болады, уәзір әуелі неше түрлі тамақ әзірлеп қойды. Патша бауға келіп, баудың ішінде тамаша қылып отырды. Онан соң бақшалардан біреуі бір бастырған жеміс әкеліп, патшаның алдына қойды. Патша айтты: «Бұл жемістерден біздерге жеуге жарамайды, бұл—жетім-жесірлердің ақысы болса керек»,—деп. Жемісті қайтарды. Онан соң бір адам гауһарды үзіп патшаның алдына әкеле жатқанда, әлгі бейшараның екі қолы құрып, жансыз болып қалды. Бұл бейшара Әбділхамит патшаға айтып, мәлім қылды. Бағанағы гауһар үзіп алған адам таң қалып отырады. Әбділхамит патша екі рет намаз оқып, Алла тағалаға зират етіп, «Ысмағұл пайғамбардың құрметі үшін осы бишараның күнәсін кешіп, азат қылғайсың» деп дұға қылды. Бұл патшаның дабысын Алла тағала қабыл қылып, әлгі қолы құрығанның қолы жазылды. Онан соң патша айтты: «Сен мұнан кейін ықтият бол, ағаштардың жемісінен жесең де, гауһар жеміске қол тигізбеңдер, егер қол тигізсеңдер қолдарың майып болады».
Патшаның бұл айтқанын барлық адамдар мақұл көрді. Әлгі бақшаның жемістері қиямет хайымға шейін таусылмайды, сол бақша «Жаңа Мизандаран» атаныпты. Осы күнге шейін бар екен. Әлбетте, анық бұл күнде бақшада адам және маймыл, неше түрлі жануарлар ауқат қылып жүреді екен. Бұл дүние осындай әзіз дүние екен. «Расқа дау жоқ, жалғанға амал жоқ» деген.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?