Мәтінді теру және өңдеу 3-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Мәтінді теру және өңдеу 3-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сөз артында сөз (ортақ тақырып: «Жақсы деген не, жаман деген не?»)
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және өңдеу 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1. мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру;
3.1.2.1 компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалан
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар...
• мәтіндік редакторды іске қосады
• компьютерлік мәтінді өңдейді;
• арнайы батырмаларды қолданады;
• құжатты сақтайды.

Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау.
«Шаттық шеңбері».
Тілек айту.
Оқушылар шеңберге тұрады. Жүргізуші допты кез келген қатысушыға лақтырады да өз атының бірінші әрпінен басталатын тілек айтады. Мысалы, Болат,белсенді бол, Алма, ақылды бол т.б. Келесі оқушы допты лақтыруды ары қарай жалғастырады, яғни өз атына анықтауыш қосады.
Сыныпты топқа бөлу.
Оқушылар өлең үзіндісін тандайды, өлең құрастырады. Солайша сынып 3 топқа бөлінеді

Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар пайымдау арқылы сабақтың мақсаты мен тақырыбын тұжырымдайды. Бағалау критерийлерімен танысады.

Білімді жүйелеу

Компьютер алдында қалай отырғаныңызға назар аударыңыз.

Компьютердің жұмыс үстеліне алдын ала файл дайындалады «Сұрақтар». Оқушылар файлды ашып бос орынға мәтін теру арқылы сұрақтарға жауап береді:
1.............. - ақпаратты енгізуге арналған құрылғысы.
2. Кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керсінше өзгертуге............. батырмасы пайдаланылады.
3............... енгізу батырмасы.
4............... батырмасы алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
5............... кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
6...............- курсорды жолдың басына жылжыту
Мұғалім оқушылардың көмегіне сүйеніп дұрыс жауаптар береді.

Жаңа тақырып

Мәтінді өңдеу дегеніміз не?

Өңдеу - терілген мәтіндегі қателерді түзету. Егерде мәтінде емле, синтаксистік қателер, пунктуация қателері, стилистикалық немесе сөйлеу қателері болса, мәтінді тақырыптарға бөлуге болады; тармақтарда бөлек сызықтар; кейбір сөздерді басқалармен ауыстыруға тура келеді; мәтінді аяқтау қажет және т.б. болса онда оны өңдеу қажет.

Мұғалім оқушыларды мәтін теру ережесімен таныстырады.
1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift батырмасын басып, жібермей ұстап тұру керек.
2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – CapsLock батырмасын басу.
3. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
4. Дефис бос орынсыз қойылады.
5. Ұзын сызықша (тире) алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады.
6. Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты (инициалы) енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. Ол пернелердің Ctrl + Shift + бос орын тіэбектемесін терумен орындалады.
7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды
8. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
9. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Сергіту сәті.
Бас бармағым - әкем,
Балан үйрек – шешем,
Ортақ тірек – ағам, .........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 576



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?