Файлдар мен бумалар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

 Файлдар мен бумалар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
3.1.2.3 файл және бума түсінігін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Бумаларды ашып файлдарды сақтай білу.

Сабаққа дейін
1. Алдын ала файлдар салатын концеляриялық бума дайындап қою қажет. МЕНІҢ БУМАМ сөз тіркесін басып шығарып қиып алыңыз, сонымен бірге кез келген сурет дайындап қойыңыз.
2. Компьютерде көрсетілімге арнап бір бума құрыңыз және оны МЕНІҢ БУМАМ деп атаныз. Бума ішінде 3 бума орналасу керек: Суреттер, Фото, Музыка және бірнеше мәтіндік файлдар, суреттер, фотосуреттер.
3. Оқушылардың санына қарай 2-ші қосымшаны қиып алыңыз.
4. Жануарлар бумасы салынған Практикалық жұмыс бумасын құрыңыз. Жануарлар бумасына 4 бума орналастырыңыз: ЖАБАЙЫ, ҮЙ, ҚЫЗЫЛ КІТАП және суреттер, сонымен қатар қасқыр мен пілдің image файлдары. Суреттер бумасы оқушылар сақтаған фотосуреттер мен суреттерден тұру керек. Піл суреті бар файл жазылып болған жұмыстардан кейін жылжымаған болу қажет.
Практикалық жұмыс бумасын оқушылардың жұмыс столына орналастырыныз.
Стартер.
Оқушыларды мұғалімнің жасаған іс-әрекетіне мұқият бақылауға жетеленіз. Мұғалім канцеляриялық бума арқылы іс-әрекет жасайды: ашады, бумаға сурет салады, бумадан қағазды алып лақтырып тастайды, буманы жабады, буманы басқа бумаға салады, МЕНІҢ БУМАМ атты қағазды басқа бумаға желімдейді.
Канцеляриялык бума мен компьютерлік буманы не біріктіреді? Жасаған осы әрекеттерді компьютерлік бумаға жасауға бола ма?
Осы іс-әрекеттер амал болып аталытынын айтыныз.
Бүгінгі сабақта қандай тақырып өтеміз?
Мақсатты тұжырымдау
Мұғалім сабақтың тақырыбын, алдарына қоятын мақсатын, бағалау критерийлерін хабарлайды
Оқушылармен Антоайн де Сент-Экупердің «Кішкентай ханзада» жұмысында, оның басты кейіпкерлері - Кішкентай ханзада және Фокстың әңгімелейтін тазалық туралы яғни планетаның тазалығын сақтап қалу қажеттілігі туралы сөйлес.
Жұптық жұмыс
Бума немесе файл негізгі сөздерін қолданып синквейн жазуға жетеленіз (мысал презентацияда көрсетілген).
Жаңа тақырып
Проектор қолданып оқушыларға файлдар мен бумалар орналасқан комьютердің Жұмыс столын көрсетіңіз.
МЕНІҢ БУМАМ бумасын іздеп тауып оны ашыңыз. Барлық іс-әрекеттерді жайлап орындаңыз. Буманы ашқан кезде түсініктеме беріңіз: Буманы немесе файлды ашу ұшін тінтуірдің оң жақ түймешегімен екі рет басыңыз. (МЕНІҢ БУМАМ бумасында 3 бума мен әртүрлі программада жасалған: мәтіндік файл, суреттер, фотосуреттер болу керек. Файлдар санына емес, олардың пішімдеріне назар аударыңыз). КӨШІРУ-ҚОЮ, ҚИЫП АЛУ-ҚОЮ мәнмәтіндік мәзір амалдарын файлдарды бірнеше бумаларға сақтау кезінде орындалуын оқушыларға көрсетіңіз
КӨШІРУ мен ҚИЫП АЛУ командаларының айырмашылығын түсіндіріңіз.
Бағалау
Оқушыларға сұрақтар қойыңыз.
1. Жанды табиғат бумасы қандай бумадан тұрады?
2. Өсімдіктер бумасымен қандай амалдар жасалды?
3. Жануарлар бумасымен қандай амалдар жасалды?
4. Бумалармен амалдар орындамас бұрын Жұмыс столында қанша бума орналасты?
5. Бумалармен амалдар орындап болған соң Жұмыс столында қанша бума қалды?.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 502



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?