Лао-цзы

  Лао-цзы

Өзiң түзел, сонан соң өзгенi түзе.

Жалығу мен тарығу — жаныңның терезесi мен есiгi.

Су — дүниедегi ең жұмсақ, ең әлсiз нәрсе, бiрақ қатты да берiк затты жеңуге келгенде әлемде оған тең келер ештеңе жоқ.

Өнер мен сауда-саттыққа кедергі болма.

Өзiңнiң өтiнiшiңдi орындамағандарға өшпендiлiк жасама.

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Адамдарды соңыңнан ерткiң келсе, олардың соңынан жүр.

Бар екендiгiн адамдар байқамайтын көсемдер — ең жақсылары.

Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.

Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.

Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.

Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.

Арлы жігіттің киімі нашар болса да, кеудесі алтын болады.

Ақылды жігіт жұртқа жақсылығын шашып жүрер. Және қылған ісін көпке жайып, мақтанбас.

Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.

Адамзат баласына келетін кез келген ауыр қайғы болмашы нәрселерден басталады. Ұлы істер де осы секілді кішкентай жұмыстан бастау алады.

Сабырлылық — жақсылықтың қайнар көзі.

Шындық дауысы құлаққа жағымсыз.

Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?