Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Ғарышқа саяхат»
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының қозғалысын сипаттау.
4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу.
4.1.2.2 - алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақ мақсаттары: Ғаламшарлар туралы алған мәліметтерді қолданып, зерттеу, сипаттау. Мәліметті әртүрлі формада ұсыну.

Атом-молекула» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, жаңа сабақпен байланыс жасау.
Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, айтылған жауап сөздеріңді бір сөзбен қалай айтуға болады?
Дұрыс айтасыңдар, біздің бүгінгі сабағымыз ғарыш әлеміне Күн жүйесінің планеталарының қозғалысына байланысты болмақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен айту.
Бағалау критерийін іліп, таныстыру.
«Жетістік жолы» өзін-өзі бағалау әдісі бойынша өздерін бағалайды . Бағалау жетістігіне шақырып, осы тақырып жайлы жайлы білімдерін бағалау. Тақтаға жазып көрсету. /Түсіндіру/
Үш тілде сабақтың тақырыбын ашатын сөздер мен сөздер атауын көрсету, сөздік қорларын молайту.
(Ұ, Қ) Күннің, ғаламшарлардың, олардың серіктерінің өздеріне денелерді тартуының қалай аталатынын сұраңыз. Ауырлық күші неге тәуелді? Оны жеңіп шығу үшін не істеу керек? Оқушылар ғаламшар Күннен қаншалық ұзақта орналасса, соншалықты төмен жылдамдықпен қозғалатыны туралы қорытындығы келеді.
(ОТ) Жұмыстың нұсқауы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың өз орбитасы бойынша Күнді айналып өту уақытын жіптің көмегімен анықтап, ретімен орналастырып көрсету. Қорытынды жасау.

Жіптердің ұзындығы бойынша планеталардың Күнді айналу диаграммасын жапсырып құрыңыз.
№ 1 «Сарапшылар» тобының тапсырмасы
Тапсырма. Күн жүйесіндегі ең үлкен және ең кіші ғаламшарды анықтаңыз.
(Балаларда кесте: ғаламшар диаметрі, ғаламшар мен Күннің арақашықтығы)
1. Күн жүйесіндегі ең алыс орналасқан қандай ғаламшар? __________________________________
2. Күнге жақын орналасқан ғаламшар ____________________________________________
3. Жерге ұқсас ғаламшар _________________
4. Аталған ғаламшарлар туралы интернеттен акпараттар қарастырып бөлісіңіз.
№ Ғаламшар атауы Ғаламшар
диаметрі км Күннен арақашықтығы млн. км.
1. Меркурий 4 880 58
2. Венера 12 100 108
3. Сатурн 116 000 1 426
4. Марс 6 800 227
5. Юпитер 140 000 777
6. Жер 12 742 150
7. Уран 50 800 2 869
8. Нептун 48 600 4 496.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 250



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?