Электр қалай ашылды? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Электр қалай ашылды?
Оқу мақсаты: 3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
маңызды ғылыми жаңалықтар адамның күнделікті өміріне қалай әсер ететіндігі туралы түсінік алады;
электр құралдарымен танысады.
Ұйымдастыру. Электр тоғы мен құралдары жайлы жұмбақтар жасыру.
Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді
(Үтік)
Шам, плитка
Жұмысын жасай қалды,
Ал оның,
Есептен -ақ басы айналды.
(Электр есептегіш)
Пайдаланады мені жұрт,
Отын және жарыққа.
Қызмет етемін әрқашан,
Түсіне білген халыққа.
(Электр пеші)
Құйрығы інге кірсе-
Беті өртенген.
Ішегіне ішегі тисе-
Қатер төнген.
(электр тоғы)
- Жұмбақтар не туралы болды?
- Сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?
- Электр тогысыз адам өмірін елестетуге бола ма?
- Электр тогы болмай қалса не болар еді? Оқушылардан мұндай жағдайда не болатынын көз алдарына елестетіп айтып беруді сұрау.
1. Электр біздің өмірімізде.
Оқушылармен бірге суреттерді қарау.
- Суреттерден не байқадың?
- Өмірінде осындай жағдай болып көрді ме?
- Осы суреттерге не ортақ?
- Суретте бейнеленген құбылысты қалай атауға болады?
2. Сен білесің бе?
Оқушыларға кәріптасты/янтарьды көрсету.
- Бұл тас қалай аталады?
- Оны қайдан алады деп ойлайсыңдар?
- «Электр» сөзі гректің «электрон» сөзінен шыққанын, ол грек тілінен аударғанда «янтарь» (кәріптас) деген мағынаны білдіретінін, ол адамзатқа бағзы заманнан таныс екенін, кәріптасты шүберекпен үйкеу үдерісі электрлену деп аталатынын айту.
Бірінші тапсырмаға қайтып оралу. Шаштың электрленуінің алдында не болғанын нақтылау.
3. Инфографикадан тауып көр.
Суреттерге қарап, адам электр тогын қашан ойлап тапқанын анықтау. Суреттегі құралдарды атау. Өмірде қайдан кездестіргендерін айту.
Сұрақтар:
- Адам баласы электрді қашан ойлап тапты?
- Суреттегі электр құралдары қалай аталады?
- Электрмен жұмыс істейтін қандай құралдарды білесің?
- Бұл заттардың адам өміріндегі маңызы қандай?.......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?