Кездейсоқ шама 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 Кездейсоқ шама 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кездейсоқ шамалар және оның сандық сипаттамалары
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ шама 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.2.9 кездейсоқ шаманың анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолдананды.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар кездейсоқ шаманы кездейсоқ оқғадан ажырата алады және кездейсоқ, мүмкін емес, шынайы оқиғалар,қарапайым оқиғаға мысалдар келтіре алады.

І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейініне назар аудару
Еске түсіру.
Студент емтиханға дайындық кезінде ұсынылатын 25 билеттің біреуін жаттап алуға уақыт жетпеді. Емтиханда студентке жаттамаған билет келудің ықтималдығы қандай?
• Сіз бұл мәселені шешу үшін не қажет деп ойлайсыз? Сіз бұған дейін осындай есептерді қарастырдыңыз ба?
• Қайда?
• Қашан?
• Бұл та үйренгендеріңізден не есте алдыңыз?
• Мұндай тапсырмалардың өмірлік тәжірибесінен мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар математика сабағынан ықтималдық теориясы тарауы бойынша есептерді шығару үшін және емтиханды жақсы тапсыру үшін қайталау, еске түсіру керек.
Сабақ тақырыбын анықтау, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаттарын қою, бағалау критерийлерін қорытындылау.

Теориялық материалды зерттеу.

Мұғалім ықтималдықтар теориясының оқушыларға зерттеу қажеттілігін баяндайды:
Ықтималдықтар теориясы деп біртекті кездейсоқ құбылыстардың жалпы заңдылықтарын зерттейтін және әртүрлі құбылыстарға кездейсоқ фактілердің тигізетін әсерін сан жағынан бағалайтын әдістерді беретін ғылымның саласын айтады. Ықтималдықтар теориясы математиканың негізгі салаларының бірі болып есептеледі. Оқиғалар және олардың пайда болу ықтималдықтары аталған теорияның негізгі ұғымдарына кіреді.
Ықтималдық теориясының негізгі мақсаты – біртекті кездейсоқ оқиғалардың жалпы ықтималдық заңдылықтарын зерттеу болып табылады.
Физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстарды зерттеу үшін және өндірістің, экономиканың тағы басқа салалардың тапсырмаларын орындау үшін түрлі-түрлі тәжірибелер жүргізіледі.
Тәжірибелердің нәтижелерін оқиғалар деп атайды. Оқиға ұғымының басқаша бір түсініктемесін де берелік.

Оқиғалар: ақиқатты, мүмкін емес және кездейсоқ болып бөлінеді.
Ақиқат оқиға деп - міндетті түрде орындалатын оқиғаны атайды.
Мүмкін емес оқиға деп - орындалмайтын оқиғаны атайды.

Кездейсоқ оқиғалар дегеніміз кейбір жағдайларға байланысты сынау кезінде оқиғалардың пайда болуы не болмау мүмкін оқиғаларды айтамыз. Кездейсоқ оқиғалар: үйлесімсіз, бір ғана мүмкіндікті, тең-мүмкіндікті болып бөлінеді. Оқиғалар үйлесімсіз деп аталады, егер бір сонау кезінде оқиғаның пайда болуы оқиғалар бір-бірін шығару орын алатын болса......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 565



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?