Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 5-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 5-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер
Сабақтың тақырыбы: Бүтін-рационал теңсіздіктерді шешу 5-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаты: Өрнектегі айнымалының мүмкін болатын мәндер облысын табу және функцияның анықталу облысын табуда рационал теңсіздіктерді шешеді.

Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Білімді жаңғырту
Оқушылар өткен сабақта «Бөлшек-рационал теңсіздікті шешудің алтын ережелері» тақырыбында постер дайындады.
Топтардың біріне өз постерлерін сыныпқа таныстыру ұсынылады.
Топтың қорғауын тыңдап болған соң оқушылар өз ережелерін ТОЛЫҚТЫРУҒА, ӨЗГЕРТУГЕ немесе ДАМЫТУҒА болады ма деген сұрақ төңірегінде ойланады. Барлық оқушылар қалай жауап беретіндерін шешеді, ал мұғалім кез келген оқушыдан сұрайды. Осылайша бөлшек-рационал теңсіздікті шешу әдісі еске түсіріліп, талқылнады.

Үй тапсырмасын тексеру
Мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеру үшін жинап алады.
Сыныппен жұмыс
Мұғалім оқыту диалогын ұйымдастырады:
- Айнымалысы бар өрнектің анықталу облысы деген не?
- Өрнектің бұл мүмкін мәндері басқаша қалай аталады?
- Анықталу облысы кез келген нақты сан болатын өрнекке мысал келтіріңіз.
- Қандай жағдайда өрнектің анықталу облысы кез келген нақты сан деп сенімді түрде айта алмаймыз?

Мұғалім оқушыларға шағын тақталар үлестіреді, олар сұрақтың жауаптарын жазады:
- Анықталу облысы төмендегідей болатын өрнекке мысал келтіріңіз
а) 3-тен басқа барлық сандар;
б) ±3-тен басқа барлық сандар;
в) [3; +∞) аралығы;
г) (3; +∞) аралығы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 440



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?