Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII)

 Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII)

Жиембет Бортоғашұлы - жырау, әскербасы болған. 16 ғасырдың соңы мен 17 ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен, қазақтың жорық жырауын жырлаған.

Жиембет Бортоғашұлы қазақ халқының ішкі және сыртқы істерінің бел ортасында жүрді. Есім хан тұсында ол Кіші жүздің әскербасы, батыры, биі болған.

Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII)Жиембет жырау-қазақ тарихындағы ел басқарған көсем деңгейінде көтерілген елеулі тұлғалардың бірі. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан шыққан Жиембет жырау өз заманында бүкіл алшынға әмірін жүргізген. Еңсегей бойлы ер Есім ханның ұлы жорықтарында асқан ерлік көрсетеді. Ол 1620 жылғы ойраттармен болған ірі соғыста Кіші жүз қолын басқарып, қазақтардың жеңіске жетуіне ықпал еткен. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы кеген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетеді. Кейін Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жиембет жырау билігінен сескенген Есім хан, оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Жиембет жырау ханның қаһарынан қайтпаған өр кеуделі адам болған сияқты. Иесіз аралға айдалып бара жатқан Жиембет жырау "Еңсегей бойлы ер Есім, Есім сені есірткен, Есіл де менің кеңесім… "-деп Есім ханға айбат шеге, ойындағысын тайсалмай айтып кетеді. Ел аузындағы бір деректерге қарағанда, Жиембет жырау сол аудауда жүріп, қайтыс болады. Келесі бір деректерде, Есім хан дүниеден өткеннен кейін туған жұртына қайтып оралады. Бірақ Жиембет жырау Есім хан қайтыс болған 1643 жылдан кейінгі ғұмыры белгісіз.

Бізге жеткен шығармаларынан оның майталман сөз зергері болғанын білеміз. «Есім хан туралы толғау», «Қол-аяғым бұғауда» атты туындыларының үлкен тарихи және этнографиялық маңызы бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?