Жауғаш Қырбасұлы (1738-1787)
Қырбасұлы Жауғаш - 1738 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданында дүниеге келіп, Жамбыл облысы, Меркі ауданында қайтыс болған.
Жауғаш Абылай ханның әскери қолбасшысы, елшісі болған, белгілі мәмілегерінің бірі, атақты батыр, қолбасшы, өз дәуірінің көрнекті қайраткері. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Ботбай руынан. Оның ер-тұрманы, қару-жарағы қазіргі таңда Меркедегі өлкетану мұражайында тұр.
Жауғаш та өз замандастары секілді, ерте есейіп, қолына ерте қару алған. Ол қырғыздардың Сарыбағыш руынан шыққан Есенқұл, Садыр деген батырлардың өз еліне жасаған зорлық-зомбылығына кектеніп,19 жасында Арқаға Абылай ханды іздеп барады. Сонда жүріп Абылайдың сынынан өтеді. 21 жасынан бастап қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан тазарту жорықтарына қатысады. 1755 жылы Жауғаш Абылай ханнан бата алып, Алатауға келіп, қырғыз елінің ру басыларымен ортақ тіл табысып, солардың жасақтарымен бірігіп, Қорғаты мен Шу бойындағы, Меркі мен Кемін өзендері аралығындағы, Алатаудан Балхашқа дейінгі жерлерді қалмақтардан тазартып, оларды Ілеге дейін қуады.
Хан тапсырмасын ойдағыдай орындап келгеннен кейін Жауғаш Абылай ханның қасында болып, талай шайқастарға қатысады. Осындай шайқастардың бірінде Жауғаш бастаған сарбаздар жанқиярлық ерлік көрсетіп, жараланған Абылай ханды қан майданның ортасынан суырып алып шығады. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған. 1733 жылы күзде қазақтар жеңіске жетіп, жоңғарлар қашқан Аюлы, Арқарлы тауларындағы шайқас кезінде туғандықтан әуелі қойылған есімі Жауқашты екен, анасы Қоңырбике еркелетіп, Жауғаш деп атап кеткен. Әкесі Қырбас XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлармен болған бірқатар шайқастарға қатысқан, Аңырақай шайқасында ботбай қолын басқарған, Сәмен батыр әскерінде мыңбасы болған.
Жауғаш 15 жасында атқа қонып, қасындағы Қарпық, Майлыбай сияқты серіктермен ел еркіндігі жолында Алатаудан Арқаға барып, Абылай ханның орда сарбаздарының қатарына қосылған.
Жауғаш 1751–53 жылдары Абылай ханның бірнеше тапсырмаларын тиянақты орындап, сенімді серіктерінің біріне айналды.
1754–56 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. 1756 жылы қытайлармен болған шайқаста Абылай хан жараланып, Жауғаш ұрыс болып жатқан жерден ханды аман алып шығып, құтқарып қалады. Бұхар жырау жырларында Абылай хан «Іздесем де табылмас Жауғашжан, сендей құбаша ұл» деп мадақтаған осы Жауғаш батыр болған.
Жауғаш Қытай мен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Сол жылы (1756) қытай генералы Хадаха өз қолына түскен Жауғаш батырды Абылай ханмен келісім жасауға жібереді. Жауғаш батыр 177174 жылдары қырғыздармен қақтығыстардың келісіммен аяқталуына атсалысқан. Қырғыз Момохан батыр мен Жайыл батырдың баласы Итекеге ара түсіп, Абылай ханның кескен өлім жазасынан аман алып қалып, қазақ-қырғыз арасындағы бауырластықтың сақталуына үлес қосқан. Абылай ханның өмірінің соңына дейін жанында болып, айнымайтын тірегі саналған Жауғаш батырға хан аманат етіп тапсырған, жоңғарларға қарсы соғыстарда көптеген қасиетті жеңіс туы батырдың ұрпақтарының қолында күні бүгінге дейін сақтаулы.
Жауғаш батыр – бітімшіл мәмілегер, Қазақ хандығының 1756–58 жылдардағы Қытаймен келісімге келуіне, 1770–1774 жылдардағы қырғыздармен қақтығысының нәтижелі аяқталуына ерекше еңбек сіңірді.
Абылай ханның арнайы шақыртуымен Жауғаш 70-жылдардың аяғында қайтадан Арқаға барады. Хан ордасын Түркістанға көшіргенде Тілеуберді, Бүрге батырлармен бірге соның қорғаушысы болады.
Жауғаш қандай жағдай боласа да сөзіне берік, досқа адал, әдіо кісі болған. Өздерімен соғысқан дұшпаны Садырдың бір баласын ертедегі достығы үшін өлтіртпей, ханнан өтініп сұрап алуы соның айғағы. Оның досқа адалдығын Абылай хан да жоғары бағалаған.
Жауғаш батыр 49 жасында өз ажалынан қайтыс болған. Халқы аяулы батырын арулап жуып, сүйегін Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішіне, дәліздің Ақсарай жағына, Абылай ханның қасына қояды. Жамбыл облысының Меркі ауданының бір ауылына Жауғаш батырдың есімі берілген.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?