Сфералық айналар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

 Сфералық айналар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Сфералық айналар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.5 – дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау
Сабақтың мақсаттары: - сфералық айналарды білу;
- сфералық айналардыӊ негізгі элементтерін (сфералық айнаныӊ полюсі, оптикалық центрі, бас оптикалық осі, фокусы, фокустық қашықтығы) білу;
- сфералық айнада кескінді ала білу және алынған кескінді сипаттай білу ;
- сфералық айналардыӊ қолданылуын білу.

1. Оқушылар откен материалды еске түсіру үшін сұрақтарға жауап береді.
a) Жазық айнадағы кескінді сипаттаңдар.
b) Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
c) Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
d) Айналық, шашыранды шағылу деген не?
Сынып оқушыларынан «Objects in the mirror are closer than they appear» деген сөзді қайда көргендігін және оныӊ мағынасын сұраңыз.

2. Ой қозғау
Суретте қандай кескіндерді көріп тұрсындар?

Бұл айналардыӊ бірінде кескін төӊкерілген, ал екіншісінде тура. Неліктен?
Бұл кескіндердіӊ қасиетін сипаттау үшін, біз сфералық айналарды және оларда кескін алуды үйренуіміз қажет.
3. Түсіндіру Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар.
Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.

(D) АКТды қолдану:
1)
2)
Р нүктесі- сфералық айнаның орта нүктесі (айна полюсы). С нүктесі- сфералық айнаның оптикалық центрі. R – сфералық айнаның радиусы. F нүктесі - сфералық айнаның фокусы. Ойыс айнада шын фокус (а), дөңес айнада жалған фокус (б). Сфералық айнаның оптикалық центрі және полюсы арқылы өтетін түзу (СP) сфералық айнаның бас оптикалық осі деп аталады.
Сфералық айнаның фокусы (FP=F):


Сфералық айналарда кескіндерді алу
Оқушыларға ойыс айнада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 605



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?