Масса және дененің массасын өлшеу (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

 Масса және дененің массасын өлшеу (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш моменті
Сабақ тақырыбы: Масса және дененің массасын өлшеу
Сабақтың оқу мақсаттары: таразылардың (электронды,серіппелі, рычагты) көмегімен дененің массасын өлшеу;
туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату.

(Т) Ұйымдастыру кезеңі. Мұғалім сыныптың сабаққа даярлығын тексереді.
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырады.

Негізгі міндет дененің массасын иінді таразымен өлшеуді үйрену.
(Т/D) Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында мәселе қойылады.
Демонстрация: Ілінген бөтелкелерді қағаз парағының көмегімен орнынан қозғалту керек.
Сұрақ: Неге бөтелкелердің бірін орнынан қозғалта алмадық?
Жұппен талқылау. Оқушылардың әрбір жұбының жауабы. Жауап нұсқалары тақтаға жазылады.

1. Демонстрация. Үй таразылары (серіппелі таразы).
Сұрақ: Бұл зат күнделікті өмірде не үшін қолданылады? Біз оның көмегімен нені білеміз? Осындай таразылардың көмегімен массаны қалай анықтайды?
Мүмкін, соңғы сұраққа барлығы жауап бере алмайтын шығар, ал егер оқушылардың біреуі білетін болса, сол оқушыдан оның қолдану тәсілін көрсетуін сұраңыз. Сұрақ қойыңыз: егер дене массасы осы таразы өлшей алатын шамадан асып кетсе не болар еді?

2. Демонстрация. Әсерлесу нәтижесінде дене жылдамдықтарының өзгеретіндігін және осы өзгеру шамасының әр денеде әр түрлі болатындығын екі арбашаның көмегімен демонстрациялау. Алдымен массалары бірдей арбашалар демонстрацияланады, сонан соң массалар әр түрлі арбашалармен демонстрация көрсетіледі. Нәтижелерін салыстырады.
Сұрақ: Осы тәжірибенің негізінде қандай қорытынды жасауға болады?
1). Денелердің әрекеттесуі оның жылдамдығының өзгеруіне алып келеді.
2). Әсерлесуден кейін денелердің алатын жылдамдықтары олардың массаларына байланысты болады.
3). Әсерлесуге байланысты олардың массалары туралы болжам жасауға болады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 726



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?