Қайырымдылық – қадірлі іс
Алматы қаласы
Алатау ауданы
«№177 бөбекжай-балабақшасының»
меңгерушісі Нуршаева Эльмира.
Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып
тумайтыны сияқты, қайырылымдылық пен жаман қылық та
адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды.
Әл-Фараби.
Қайырымдылық, жақсылық жасау – парасаттылықтың, тәрбиеліліктің, имандылықтың, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! Абайдың он төртінші қара сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық және әртүрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп, өзіңе ойлағандай оларға да болса игі еді» делінген.
Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Ұлтымыздың ұлы ұрпағы да ата дәстүрді жалғастырып, ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тұрмысы нашар отбасыларын, талантты балаларды қорғап, қолдаса дейміз.
Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Ғаламтордағы мәліметтер мен соғыс ардагерлерінің айтуынша, соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды. Олардың біразы 1941 жылы Брест гарнизонында қызмет етіп, кейін тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Соғыс Қазақстан үшін кенеттен басталса да, бүкіл Кеңес Одағындағы өзге елдердегідей қазақ халқы да бірінші күннен соғысқа қатысты. Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Сондықтан Ұлы Жеңістің – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз!
Осы орайды өз тәжірибемізді ортаға сала кетсек. Жыл сайын 9-мамыр Жеңіс мерекесі қарсаңында балабақшамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ертеңгіліктер ұйымдастырылып, ертеңгілік соңында ардагерлерге сый-сияпат тарту етілетін. Бірақ биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты жоспарланған жұмыстарымыздың жүзеге аспай жатқандығы баршаға мәлім. Әйтсе де Алматы қаласы «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырған қамқорлық, қайырымдылық акциясы болды. Бұл акция барысында меңгерушілерге аудан ардагерлеріне азық-түліктер тарату тапсырылды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қонысов Тілепалды, Иванова Евдокия Николаевна, Кейдарова Сайкуль Айдамировнаның шаңырақтарына барып, азық-түліктерді тапсырып, ардагерлердің өнегелі әңгімелерінен әсер алып қайттым.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», — дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жандардың жасын сүртіп, жылы лебіздеріңді аямай, қолдан келген жәрдемдеріңді ұсынып, достық пейілдеріңді танытуға келгендеріңізге үлкен ризашылығымды білдіремін,- деп Қонысов Тілепалды атамыз өз ризашылығын білдірді.
Алатау ауданындағы мемлекеттік балабақшалар меңгерушілерінің бірлігі мен ұйымшылдығының нәтижесінде азық-түліктерді ардагерлерге уақытында жеткізуге мүмкіндік берді.Тек жақсылық жасауға бағытталған шараларымыздың жемісін көру бәріміз үшін қуаныш болды.
Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық. Бүгінгі «Ардагерлерді ардақтайық» жобасын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған Алматы қаласы «Nur Otan» партиясының Алатау аудандық филиалының ұжымына айтар алғысым шексіз. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын таба береді деп сенемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?