"Шағымданыңыз": Айгүл Иманбаева өзін айыптаған көпшілікке жауап берді (видео)
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Айгүл Иманбаева өзін алаяқтық жасады деп айыптаған қалың көпшілікке жауап берді. Өнер иесі бұған дейін ешкімді алдап көрмегенін алға тартып, желі қолданушыларының сансыз сыны мүлдем орынсыз екенін айтты деп жазады nur.kz.
Айгүл Иманбаева Instagram желісінде азулы жазба жариялап, өзін ғаламтор кеңістігінде тоқтаусыз айыптай берудің орнына тиісті органға шағым түсіруге кеңес берді.
Ол алаяқтыққа қатысы жоқ екенін жеткізіп, көпшіліктен негізсіз түрде кінәлауды тоқтатуды талап етті.
"Халық қашанда ұлы! Халық - ұлық! Тобыр - былық! Ешнәрсенің ақ-қарасын анық білмейғ ғайбат айтпаңыз! Араларыңызда бір адам жоқ, мен алаяқтық жасап алдаған. Болса, заң бар. Барып шағымданыңыз. Ақ-қарасын Аллаға тапсырып, тыныш ұйықтаңыздар. Энергияларыңызды керек нәрсеге жұмсаңыздар! Мен сіздерді жақсы көремін! Оразаларыңыз қабыл болсын" , - деп жазды Айгүл Иманбаева.
Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева отандық бағдарламада өзін алаяқтық жасап жүр деп сынаған белгілі кәсіпкермен кездесіп, эфирде шу шығарды. Ашуға булыққан әнші сөзін бөле берген тележүргізушіге де айқайлап тастады. Ол Дина Төлепбергенге әншілер мен халық арасын араңдатып отырғаны үшін шүйліккен болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?