ҰЯТMEN қалай пайда болды? Бекболат Тілеухан
Абай айтады: “Бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан”. Бұл - бетті басқың келетін ұялу. Қарадан қарап қысылатын ұялу.
⠀
Басқа адам үшін ұяла алу – ол да адамдықтан. Оны жаман іске қимағандықтан болады. Мысалы досың бір нәрсені «бүлдіріп» қояды. Сол үшін ұяласыз.
⠀
Ұяттың осы түріне қазір қастандық жасалып жатыр. “Ұятмен“ деп ат қойып алды.
⠀
Қазақтың жігіті қазақтың қызы үшін ұялып, "әй қарындасым, қой, ұят болады" десе, ол - ұятмен. "Aузыңды жаман сөзбен былғама, жаман кейіпке түспе" десе, ол - ұятмен.
⠀
Ұятмен деген көштен қалған, кертартпа сөзінің синонимі секілді сіңіріп жатыр. Адамдар жоқ жерден ұятмен боп қалмайын дей бастады. Сосын бір-бірін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюдан қорқып қалды. Ұялудың өзіне ұялатын жағдайға жеттік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?