Жұмағали Саин (Ленин атымен)
Ышқына бір соқты боран қуырып,
Әлек салды жер өкпесін суырып.
Діріл қақты, қалшылдады дүние
Қыл тұзақта тұра қалды буынып...
Қысылды ауыл, жан қалмады саспаған,
Қорықты күннен қабағын бір ашпаған.
Толған үрей кернеп кетті өмірді
Сұп-суық бон тұрды жылы баспанаң.
Сонда тудым... Ызыңдап жел ойнады,
Мен туды доп ашуын күн қоймады.
Тарсылдатты терезе мен есікті,
Солай күлді, солай тойын тойлады...
Боран айдап, жел сабалап, қар басты,
Өмір, өлім арпалысты, арбасты.
Шырылдаған жұтам деді мені де.
Қанды тырнақ жас денеме жармасты.
Ленин деді, ерді қазақ даласы.
Күрес қызды, батты түннің қарасы.
Ашылды күн, тынды дауыл бораны
Жазылды елдің жүректегі жарасы.
Мен де тыйдым көз жасымды парлаған,
Тоқтады үндер азынаған, зарлаған.
— Ленин, Ленин!— деді езілген қазақтар,
Жүректерде тұрды алғыстар арналған.
Тәй-тәй бастым, Ленин болды тілімде.
Бір қайталап, бір жаттады інім де.
Өшпес атын көкірегімде сақтадым,
Лениншіл боп өмірде алға аттадым
Жау қолымен жердің үсті қайысқан
Жеңдім талай күрестерде сайысқан.
Жаңа өмірді күсті қолмен жасадым,
Қарамадым қабырғама майысқан.
Айғайладым бар әлемге
Жар салып,
Кейі ашулы
Кейі тұрды тамсанып,
Жаңа дүние, жаңа адамның дауысын
Қызыл арай
Таңдар атты қарсы алып.
Жасадым йен балғаменен, тіспенен,
Тыным таппай жазбенен де қыспенен,
Танымады
Капиталдар, таныттым:
Өнерменен, өмірменен, күшпенен.
Жылдар өтті...
Күш, қайратқа толықтым,
Өткіздім мен не сандарын жорықтың,
Жер жаңғыртты СССР - дің айбаты,
Капиталмен қан майданда жолықтым.
Мен тигем жоқ,
Өзі келді, басынды,
Жоямын деп бар қаруын асынды.
Жеңдім оны, армиясын күйреттім,
Тоқтау сұрап аяғыма бас ұрды...
Асулармен, тар жолдармен келемін,
Бейбіт, бақыт, болашаққа сенемін,
Компартия штабы ғой Лениншіл,
Жол бастайды, мен соңынан еремін.
Жеңістер көп,
Қиындықтар көп алда,
Жолда шындар,
Жолда шалшық, томар да.
Жеңеміз біз еңбекпенен, ерлікпен
Сайрандаймыз күн астында, көгалда.
Әлек салды жер өкпесін суырып.
Діріл қақты, қалшылдады дүние
Қыл тұзақта тұра қалды буынып...
Қысылды ауыл, жан қалмады саспаған,
Қорықты күннен қабағын бір ашпаған.
Толған үрей кернеп кетті өмірді
Сұп-суық бон тұрды жылы баспанаң.
Сонда тудым... Ызыңдап жел ойнады,
Мен туды доп ашуын күн қоймады.
Тарсылдатты терезе мен есікті,
Солай күлді, солай тойын тойлады...
Боран айдап, жел сабалап, қар басты,
Өмір, өлім арпалысты, арбасты.
Шырылдаған жұтам деді мені де.
Қанды тырнақ жас денеме жармасты.
Ленин деді, ерді қазақ даласы.
Күрес қызды, батты түннің қарасы.
Ашылды күн, тынды дауыл бораны
Жазылды елдің жүректегі жарасы.
Мен де тыйдым көз жасымды парлаған,
Тоқтады үндер азынаған, зарлаған.
— Ленин, Ленин!— деді езілген қазақтар,
Жүректерде тұрды алғыстар арналған.
Тәй-тәй бастым, Ленин болды тілімде.
Бір қайталап, бір жаттады інім де.
Өшпес атын көкірегімде сақтадым,
Лениншіл боп өмірде алға аттадым
Жау қолымен жердің үсті қайысқан
Жеңдім талай күрестерде сайысқан.
Жаңа өмірді күсті қолмен жасадым,
Қарамадым қабырғама майысқан.
Айғайладым бар әлемге
Жар салып,
Кейі ашулы
Кейі тұрды тамсанып,
Жаңа дүние, жаңа адамның дауысын
Қызыл арай
Таңдар атты қарсы алып.
Жасадым йен балғаменен, тіспенен,
Тыным таппай жазбенен де қыспенен,
Танымады
Капиталдар, таныттым:
Өнерменен, өмірменен, күшпенен.
Жылдар өтті...
Күш, қайратқа толықтым,
Өткіздім мен не сандарын жорықтың,
Жер жаңғыртты СССР - дің айбаты,
Капиталмен қан майданда жолықтым.
Мен тигем жоқ,
Өзі келді, басынды,
Жоямын деп бар қаруын асынды.
Жеңдім оны, армиясын күйреттім,
Тоқтау сұрап аяғыма бас ұрды...
Асулармен, тар жолдармен келемін,
Бейбіт, бақыт, болашаққа сенемін,
Компартия штабы ғой Лениншіл,
Жол бастайды, мен соңынан еремін.
Жеңістер көп,
Қиындықтар көп алда,
Жолда шындар,
Жолда шалшық, томар да.
Жеңеміз біз еңбекпенен, ерлікпен
Сайрандаймыз күн астында, көгалда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?