Жұмағали Саин (Е. М. Масловаға)
(Жаралы партизан кезімде үйіне жасырып, ажалдан құтқарған Украина қызы)
Бірінші жыр
Сені ойласам тербеледі жүрегім,
Сені ойласам келер көзден ыстық жас,
Сені өмірімнің тәңірісі деп білемін,
Саған мәңгі борыштымын, қарындас.
Тар кезеңде қара түнді жамылып
Әлсіз ғана соққан кезде жүрегім,
Іздеген қан жауды тырнақ сабылып
Сан панаңда сақтағансың...білемін.
Ажал жетіп көз жұмылар күн болса,
Суық көрге сен деп қане енермін.
Жүрегімді жарып шығар жыр болса,
Сені көктің жұлдызына теңермін.
Екінші жыр
Тәтті қиял тағы есіме салды да,
Өткен күндер уақиғасын санадым.
Суретіңді оймен әкеп алдыма,
Ақ жүзіңе мен тесіле қарадым.
Ұқтым одан терең сырды тағы да,
Адам атты зор атақтың бағасын.
Теңеп жалғыз жүректегі жаныма,
Сүйдім ізгі Россияның даласын.
Мөлдір судың түбіндегі гауһардай,
Сенің таза жүрегіңді жырладым.
Қасиетіңді еш жеткізіп айта алмай,
Мен өзімді талай-талай қинадым.
Шын алтындар жарқырар
Жауыз беттің жалған кебін
Майдан жыртар, оқ тесер,
Жан беріскен жағаласта
Алдамыштың аты өшер.
Бар адамның шын тұлғасын
Сонда көзің бір шалар,
Жалған нұрдың бәрі сөнер,
Намыс жанар, ар жанар.
Сұмдық қашар бұл өмірден
Сұрқиялар қалтырар,
Шығып сырлы дүниеден
Шын алтындар жарқырар.
Бірінші жыр
Сені ойласам тербеледі жүрегім,
Сені ойласам келер көзден ыстық жас,
Сені өмірімнің тәңірісі деп білемін,
Саған мәңгі борыштымын, қарындас.
Тар кезеңде қара түнді жамылып
Әлсіз ғана соққан кезде жүрегім,
Іздеген қан жауды тырнақ сабылып
Сан панаңда сақтағансың...білемін.
Ажал жетіп көз жұмылар күн болса,
Суық көрге сен деп қане енермін.
Жүрегімді жарып шығар жыр болса,
Сені көктің жұлдызына теңермін.
Екінші жыр
Тәтті қиял тағы есіме салды да,
Өткен күндер уақиғасын санадым.
Суретіңді оймен әкеп алдыма,
Ақ жүзіңе мен тесіле қарадым.
Ұқтым одан терең сырды тағы да,
Адам атты зор атақтың бағасын.
Теңеп жалғыз жүректегі жаныма,
Сүйдім ізгі Россияның даласын.
Мөлдір судың түбіндегі гауһардай,
Сенің таза жүрегіңді жырладым.
Қасиетіңді еш жеткізіп айта алмай,
Мен өзімді талай-талай қинадым.
Шын алтындар жарқырар
Жауыз беттің жалған кебін
Майдан жыртар, оқ тесер,
Жан беріскен жағаласта
Алдамыштың аты өшер.
Бар адамның шын тұлғасын
Сонда көзің бір шалар,
Жалған нұрдың бәрі сөнер,
Намыс жанар, ар жанар.
Сұмдық қашар бұл өмірден
Сұрқиялар қалтырар,
Шығып сырлы дүниеден
Шын алтындар жарқырар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?