Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер)
— Ей, аждаһа!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!
Екі көзің,
Екі ұртың қан,
Жеген етің
Жас баланың
Сен, сұм Гитлер!
Көзің салшы
Алдындағы
Табағыңа!
Қолыңдағы
Тамағыңа!
— Не қолыңда?
Жасырма, азғын.
Қорегің мен
Ішкем асың,
Жеген наның
Шайнағаның:
Француздардың
Бауыр еті,
Голландықтың
Бауыр еті,
Гректердің жүрегі,
Немістердің
Бүйрегі...
Осы — сенің
Ішкен асың,
Осы сенің
Жеген наның,
Сен — аждаһа,
Жан — тамағың,
Сен мыстансың
Қан — шарабың,
Қап-қараңғы
Төсегіңнен
Оқтын-оқтын
Түрегеліп,
Кейде қорқау,
Кейде жылан
Бейне адамның
Түсіне еніп.
Немістердің
Жас баласын
Жанған отқа
Шыжғыртасың,
Уыт басып,
Оны жейсің.
Сонсын тығып
Қойдыртасың,
Сенің байың —
* * *
Жуһа жылан,
Ол да адамның
Етін жеген,
Бір күн қансыз
Тұра алмаған,
Қап ішпесе,
Еңіреген.
Содан бала
Бітіп саған,
Гитлер «ханым»!
Болдың талғақ.
Жерігіңді
Басамын деп,
Талай елді
Жұттың жалман.
Поляк, грек,
Голландықты.
Бельгияны,
Норвегтерді
Шауып алдын.
Қанға бояп,
Қақтап етін
Қойдың орап.
Қаның ішіп,
Етін жедің.
Талғағыңды
Баса алмады,
Не қақалып
Сен өлмедің.
Араныңды,
Аштың тағы.
Тағы жерік
Бола бердің.
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Маскүнемдік
Әдетіңе
Шарап еттің
Адам қанын.
Гестапоңа
Бауыздатып
Күнде адамды
Сойдырасың.
Геринг пен.
Геббельсті
Жарылғанша
Тойдырасың.
Адамдардың
Тұтас етін
Алдарыңа
Қоясыңдар,
Құлақтарын
Отап алып,
Сонсын көзін
Оясыңдар.
Сен Гитлерсің!
Сен — аждаһа
Мыстан кемпір
Түріне енген!
Жуһа жылан —
Сенің байың,
Тек адамша
Түсі өзгерген.
Ей, Аждаһа —
Мыстан кемпір!
Жерігіңді
Баса алмай сен,
Жалмаймын деп
Алыстың ғой
Байтақ совет
Халқыменен.
Жемейсің сен
Бізден етті,
Іше алмайсың
Қанымызды
Шыққан күнді
Жоя алмайсың,
Құрта алмайсың
Таңымызды!
Ет орнына
Оқ береміз,
Қабырғаңды
Сөгетұғын,
Май орнына
Алмас қылыш,
Қаның судай
Төгетін.
Ішіңдегі
Жыландарды
Ақтарармыз
Жарып қана.
Құртармыз біз
Аждаһаны,
Жанған отқа
Қарып қана.
Тиген — өзің!
Жерге қақпай,
Талқан етпей,
Қоймаймыз біз!
Көрсіз қалдың,
Көмуің жоқ,
Бұл дүниені
Көруің жоқ,
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Үкімі осы
Бұқараның!
Осы болса
Сағынғаның
Шықты жаның
Шықты жаның!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!
Екі көзің,
Екі ұртың қан,
Жеген етің
Жас баланың
Сен, сұм Гитлер!
Көзің салшы
Алдындағы
Табағыңа!
Қолыңдағы
Тамағыңа!
— Не қолыңда?
Жасырма, азғын.
Қорегің мен
Ішкем асың,
Жеген наның
Шайнағаның:
Француздардың
Бауыр еті,
Голландықтың
Бауыр еті,
Гректердің жүрегі,
Немістердің
Бүйрегі...
Осы — сенің
Ішкен асың,
Осы сенің
Жеген наның,
Сен — аждаһа,
Жан — тамағың,
Сен мыстансың
Қан — шарабың,
Қап-қараңғы
Төсегіңнен
Оқтын-оқтын
Түрегеліп,
Кейде қорқау,
Кейде жылан
Бейне адамның
Түсіне еніп.
Немістердің
Жас баласын
Жанған отқа
Шыжғыртасың,
Уыт басып,
Оны жейсің.
Сонсын тығып
Қойдыртасың,
Сенің байың —
* * *
Жуһа жылан,
Ол да адамның
Етін жеген,
Бір күн қансыз
Тұра алмаған,
Қап ішпесе,
Еңіреген.
Содан бала
Бітіп саған,
Гитлер «ханым»!
Болдың талғақ.
Жерігіңді
Басамын деп,
Талай елді
Жұттың жалман.
Поляк, грек,
Голландықты.
Бельгияны,
Норвегтерді
Шауып алдын.
Қанға бояп,
Қақтап етін
Қойдың орап.
Қаның ішіп,
Етін жедің.
Талғағыңды
Баса алмады,
Не қақалып
Сен өлмедің.
Араныңды,
Аштың тағы.
Тағы жерік
Бола бердің.
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Маскүнемдік
Әдетіңе
Шарап еттің
Адам қанын.
Гестапоңа
Бауыздатып
Күнде адамды
Сойдырасың.
Геринг пен.
Геббельсті
Жарылғанша
Тойдырасың.
Адамдардың
Тұтас етін
Алдарыңа
Қоясыңдар,
Құлақтарын
Отап алып,
Сонсын көзін
Оясыңдар.
Сен Гитлерсің!
Сен — аждаһа
Мыстан кемпір
Түріне енген!
Жуһа жылан —
Сенің байың,
Тек адамша
Түсі өзгерген.
Ей, Аждаһа —
Мыстан кемпір!
Жерігіңді
Баса алмай сен,
Жалмаймын деп
Алыстың ғой
Байтақ совет
Халқыменен.
Жемейсің сен
Бізден етті,
Іше алмайсың
Қанымызды
Шыққан күнді
Жоя алмайсың,
Құрта алмайсың
Таңымызды!
Ет орнына
Оқ береміз,
Қабырғаңды
Сөгетұғын,
Май орнына
Алмас қылыш,
Қаның судай
Төгетін.
Ішіңдегі
Жыландарды
Ақтарармыз
Жарып қана.
Құртармыз біз
Аждаһаны,
Жанған отқа
Қарып қана.
Тиген — өзің!
Жерге қақпай,
Талқан етпей,
Қоймаймыз біз!
Көрсіз қалдың,
Көмуің жоқ,
Бұл дүниені
Көруің жоқ,
Ей, аждаһа —
Гитлер залым!
Үкімі осы
Бұқараның!
Осы болса
Сағынғаның
Шықты жаның
Шықты жаның!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?