Жұмағали Саин (Бақыт)
Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.
Күні күміс көгінде,
Нұры балқып төгіле,
Шыжып ыстық қайнаған,
Уақыт еді, түскі кез.
Келеді күліп ойын сап,
Жетегінде «арғымақ»
Кейде тоқтап атына,
Күбірлейді сөйлеп сөз.
Күбірлейді, күледі,
Күледі де жүреді.
Жетегінде жүгенді,
Жүйрігі желі арғымақ.
Ереді оның артынан,
Шоқтығы биік бөкен сан,
Құлындай сұлу құр мүше —
Доңғалақпен доңғалап.
Қасына ерген қарт ана,
Ойнаса бала шаттана,
О да күліп ұмтылады,
Ұстаймын деп қутыңдап.
Ұстатпайды жас бақыт,
Ананы алдап шаршатып,—
Қолға түскен болат та,
Шығып кетеді бұлтылдап.
Кейде мініп атына,
Қарап қояды артына.
Тебінеді, тежейді,
Тоқтатады құр-құрлап.
...Келді, келді, кім келді?!
Бақыт келді, күн келді,
Жол-жөнекей күлдіріп,
Көше бойы ойын сап.
Анасы мен жас бақыт,
Қатарласып қолдасып,
Кірді үйдің ішіне,
Думан болған жыр жырлап.
Үйдің іші көп бала,
Ойын ойнап топтана,
Ән салады, шырқайды,
Дауыстары сыңғырлап.
Қатар тұрып тізіледі,
Санап шығады біріндеп.
Команды берсе басшысы,
Бір кісідей қимылдап.
Әнекей қызыл бұрышы!
Масаты қызыл бүлісі,
Шағылысып күнменен,
Көз тартады жылтылдап,
Маржандай тізіп өрнектеп,
Әдемілеп көрнектеп,
Бұрышты қалай жайнатқан,
Суреттен мәнер сап.
Бақыт пенен Балдыраш,
Өте қойып ықылас —
Көрді келіп бұрыштан,
Суретті аралап.
Көтеріп қолын шошайтып,
Күбірлеп ернін томпайтып,
Бақыт неге ойланды?
Болды ма әлде санамақ.
Бұйра шашты, кең маңдай,
Дөңгелек жүз — кішкентай,-
Суретті көрмекке
Бақыт барды сығалап.
Келбетіне сұқтанып,
Тапқанына мақтанып,
Міне деді: Ленин,
Екі санын сабалап.
Жүгірісіп көп бала,
Қосылып топтана,
Бұрышта тұрған Бақытты
Алды бәрі қамалап.
Бақыт айтты: мен болам,
Лениндей бір ұлан
— Мен де болам, мен болам,
— Мен де туған, мен сонан,
«Бақыт, Бақыт» деді де —
Балалар кетті жыр жырлап.
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.
Күні күміс көгінде,
Нұры балқып төгіле,
Шыжып ыстық қайнаған,
Уақыт еді, түскі кез.
Келеді күліп ойын сап,
Жетегінде «арғымақ»
Кейде тоқтап атына,
Күбірлейді сөйлеп сөз.
Күбірлейді, күледі,
Күледі де жүреді.
Жетегінде жүгенді,
Жүйрігі желі арғымақ.
Ереді оның артынан,
Шоқтығы биік бөкен сан,
Құлындай сұлу құр мүше —
Доңғалақпен доңғалап.
Қасына ерген қарт ана,
Ойнаса бала шаттана,
О да күліп ұмтылады,
Ұстаймын деп қутыңдап.
Ұстатпайды жас бақыт,
Ананы алдап шаршатып,—
Қолға түскен болат та,
Шығып кетеді бұлтылдап.
Кейде мініп атына,
Қарап қояды артына.
Тебінеді, тежейді,
Тоқтатады құр-құрлап.
...Келді, келді, кім келді?!
Бақыт келді, күн келді,
Жол-жөнекей күлдіріп,
Көше бойы ойын сап.
Анасы мен жас бақыт,
Қатарласып қолдасып,
Кірді үйдің ішіне,
Думан болған жыр жырлап.
Үйдің іші көп бала,
Ойын ойнап топтана,
Ән салады, шырқайды,
Дауыстары сыңғырлап.
Қатар тұрып тізіледі,
Санап шығады біріндеп.
Команды берсе басшысы,
Бір кісідей қимылдап.
Әнекей қызыл бұрышы!
Масаты қызыл бүлісі,
Шағылысып күнменен,
Көз тартады жылтылдап,
Маржандай тізіп өрнектеп,
Әдемілеп көрнектеп,
Бұрышты қалай жайнатқан,
Суреттен мәнер сап.
Бақыт пенен Балдыраш,
Өте қойып ықылас —
Көрді келіп бұрыштан,
Суретті аралап.
Көтеріп қолын шошайтып,
Күбірлеп ернін томпайтып,
Бақыт неге ойланды?
Болды ма әлде санамақ.
Бұйра шашты, кең маңдай,
Дөңгелек жүз — кішкентай,-
Суретті көрмекке
Бақыт барды сығалап.
Келбетіне сұқтанып,
Тапқанына мақтанып,
Міне деді: Ленин,
Екі санын сабалап.
Жүгірісіп көп бала,
Қосылып топтана,
Бұрышта тұрған Бақытты
Алды бәрі қамалап.
Бақыт айтты: мен болам,
Лениндей бір ұлан
— Мен де болам, мен болам,
— Мен де туған, мен сонан,
«Бақыт, Бақыт» деді де —
Балалар кетті жыр жырлап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?