Тірі ағзалардағы электрлік процестер (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

 Тірі ағзалардағы электрлік процестер (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жүйке, қозғалыс және биофизика
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардағы электрлік процестер
Оқу мақсаттары: тірі ағзалардағы электр үдерістерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: электр энергиясын өндіруге қабілетті жануарлардың мысалдарын келтіру.
Көпшілік оқушылар: Биоэлектрлік мүшелер жұмысының физиологиялық негіздерін атау.
Кейбір оқушылар: тақырыптың негізгі ұғымдарын сипаттайтын сызбаны ұсыну.

1.(W) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. (D, W) Тақырыпқа кіріспе Мұғалім бейне-көріністі көрсетіп сұрақ қояды:
• Бейне-көріністе қай жануар туралы айтылды?
• Гальвани тәжірибесінің түйіні неде?
Берілген бейне-көрініс жаңа тақырыппен қалай байланысады?
3. (W, I) Тақырыпты тұжырымдау және сабақтың мақсатын анықтау. Бағалау критерийлерін анықтау.

1. (I, P) Мұғалім оқушыларға мәтін береді, онда олар Гальванидің биоэлектрлік тәжірибесімен танысады.
Оқушылар қолдарына екі түсті қалам алып, мәтін бойынша қажетті биологиялық түсініктер бір қаламмен, ал физикалық түсініктерді екінші қаламмен түртіп алады.
Сосын оқушылар осы мәтінді жұпта талдайды.

2. (W, D) Мұғаліммен бірге оқушылар Гальвани тәжірибесін талдайды. Талдау кезінде мұғалім тәжірибенің бейне-көрінісін көрсетеді. Мұғалім сұрақ қояды:
• Электр разряды деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
(Электр разряды – дененің күйіне байланысты ортада электрөткізгіштігін арттырумен қатар жүретін электр тогын өткізу процесі).
• Электр тоғы деген не? (электрлік бөлшектердің реттелген қозғалысы)
• Неге екі түрлі металды (мыс және темірді) пайдаланды?(өткізгіштік қасиеттері әртүрлі өткізгіштер)
• Гальванидің тәжірбиесінде жануарлардың қандай ұлпалары туралы сөз болды?
• Жануар ағзасында айтылған ұлпадан қандай мүшелер тұрады ?

3. (W) Мұғалім биоэлектрлік мүше туралы түсінік береді.
Биоэлектрлік мүшелер дегеніміз (электрический орган) –тірі ағзада электрқуатын қолдануға түзетін арнайы ұлпа жүйесі.
Мұғалім оқушыларға биоэлектрлік потенциал туралы ақпарат береді (физикамен байланыс жүреді).
• Потенциалдың (кейде кернеу деп те атайды) физикалық сипаты қандай? (электр өрісінің энергетикалық сипаты)
• Қандай физикалық шаманың тербелісі электр тербелісін тудырды (электр кернеуінің тербелісі)
• «Лягушка для зарядки» қондырғысы мен жануар денесін электрөлшеуіш прибордың бірі -вольтметр немесе амперметрмен салыстыруға бола ма?( екеуі де заряд көзі бола алады)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 227



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?