Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

 Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқымқулаушылық пен өзгергіштік
Сабақ тақырыбы: Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
Сабақ мақсаттары: Өзгергіштік түрлерін ажырата алу;
Үздіксіз және үзік өзгергіштікке мысалдар келтіру;
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік байланысы;
Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу.
1.«Мен кімге көбірек ұқсаймын?» тапсырмасында оқушыларға ата-анадан тарайтын белгілер тізімі көрсетілген. Тапсырмада кестемен қатар оқушылардың түрлі бейнесі салынған суреттер де бар. Кестедегі сұрақтарға жауап бере отырып, «оқушы бейнесін» түрлі түсті қарындаштармен (басқа да құралдармен) бояйды. Сурет жанына оқушының бойындағы әртүрлі белгілердің ата-ананың қайсысынан таралғандығын анықтайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы артады.
2. Кейін сұрақтар қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты айқындалады (оқушылар анықтайды):
1. Ата-анаңнан берілген белгілер саны қанша/қандай?
2. Ата-анаңа мүлдем ұқсамайтын бойыңдағы белгіні ата? т.с.с
Сабақ тақырыбы: Адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілер
Сабақ мақсаты: адам ағзасында тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді зерттеу
Бағалау критерийлері таныстырылады.

3.Жеке/Жұптық жұмыс!
Оқушыларға тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы қысқаша мәлімет беріледі. Оқушылар жеке дара мәліметті оқып, кейін жұпта түсінген ақпаратты талдайды.

4.Адам дамуының негізгі кезең ерекшеліктеріне шолу жасай отырып, оқушылардан екі бағанда тұқымқуалайтын және тұқымқуаламайтын белгілердің тізімін дәптерге жазуды сұрау.
Кейін ұрпақтан ұрпаққа ата-анадан түрлі белгілердің тасымалданып, ал кейбірі жүре пайда болатындығын сыныппен талдау жүргізу.
Мысалы: шаш құрылымы, шаштың түсуі, көздің түсі, бойы, саусақтың саны, қолдың меңгерілуі т.с.с. Тіпті мінез-құлық, өнер, қызығушылық, түрлі қабілеттер де таралатындығын баяндау. Сондықтан қазақ халқының «отбасы/тұқымқулау» тақырыбында түрлі мақал-мәтелдер бере отырып, құндылықтарды дарыту......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 788



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?