Пандемия кезінде ораза ұстауға бола ма ?

Пандемия кезінде ораза ұстауға бола ма ?

Соңғы кезде қоғамда белең алып тұрған мәселелердің бірі - коронавирус пандемиясы кезінде ораза ұстау. Қазақстандықтар елімізде COVID-19 инфекциясы тарап жатқан сәтте ауыз бекітудің қаншалықты дұрыс екенін өзара қызу талқыға салған. Халық арасында туындаған пікірталасқа қатысты ҚМДБ өкілдері мен дәрігерлер жауап берді деп хабарлайды nur.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Дін мамандар коронавирус пандемиясы кезінде ораза ұстайтындардың саны артпаса, кемімейтінін алға тартуда.

Олардың айтуынша, Алла алдындағы бес парыздың бірін орындауға еш кедергі жоқ. Бастысы, әр азамат өзіне сенімді болуы керек.

Діни басқарма өкілдері карантин режимі кезінде ауыз бекіту өте қолайлы екенін айтады.

"Бәрі үйінде, тамақ істейтін адам бар. Сәресі мен кешкі тамағы дайын. Үй жұмыста, жұмысы үйде деген сияқты. Мұндай жағдайда нағыз ораза ұстайтындардың саны азаймайды, қайта көбейеді деп ойлаймын" , - дейді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.

Алайда, діни мамандардың сөзімен ақ халаттылар келіспейді. Олар қауіпті індет шарықтап тұрғанда ораза ұстауға кеңес бермейді.

"Ағзаның 16 сағат бойы аш болуы - ағзаға қосымша стресс. Ал оған сыртқы ортадағы стрессті қосатын болсақ, бұл адам денсаулығына үлкен әсер етуі мүмкін. Ағзаның қосымша аурулары бар науқастарға мен дәрігер ретінде ораза ұстауға кеңес бермейтін едім" , - деді диетолог дәрігер Нұрбану Қанатқалиқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Бас мүфти 10 сәуір күні жұма намаз уақытында жаппай дұға жасауға шақырған еді.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу