«Агентпен» танысқан ғашықтар

 «Агентпен» танысқан ғашықтар

«Агент» деген нәрсе қазіргі жастарды таныстырып қойма, сүйіктілерін табуға көмектесіп, үйлендіріп жататын кездері болады. Бұны Евгений мен Юлия өз бастарынан өткізген.

Әңгімелеп жатқан Евгений: « Мен бала кезімнен биіктікті жақсы көретінмін. Мүмкін содан болар ұшқыш болуды, соның ішінде тікұшақта ұшуды алға мақсат етіп, Ақтөбе қаласындағы әуе қорғаныс күшінің әскери институтына 2008 жылы оқуға түстім. Шынайы махаббатты мында кездестірем деп ойлаған емеспін. Маған өзімнің туған жерімдегі Алматыдағы Ұржар ауылындағы қыздар ұнайтын» - деп өзінің әзілдегенін күлкісімен білдіріп қойды. Мен үшін қыз бала мінезімен көрікті.

Партаға жазылған ұялы телефон нөмір менім өмірімді түбегейлі өзгертеді деп ешкім ойламаған еді.
Мен телефон арқылы агентте кешкі уақытта өте жиі отыратынмын. Ауылдағы достарыммен, бауырлармен хабарласып, жаңалықтармен алмасып отырған сәтте ішім пысты ма? Әлде зеріктім бе? Білмеймін!? Әйтеуір Ақтөбенің сұлуларының бірі Винокурова Юлия дегенге достық жіберіп отыра бердім. Сонда мен қыздар да соншама көкірек бар екенін көрдім. Ол мені ұзақ уақыт қабылдамады. Бірақ менің әңгімемді онымен ұзақ болмады. Мен оған «сіз маған нөміріңізді беріңіз! Егер әңгімеміз жараспай жатсса, мен сізді мазаламаймын»-дедім. Сосын ол маған номерін жазды, оны жазып алапр қағаз , не қалам таба алмай онын нөмірін қарандашпен партаға жаздым.

Уақыт өткен соң жүректе бір жылулық пайда бола бастады.
Юлия маған нөмірін берген соң, біз екеуіміз жиі хабарласып тұратын болдық. Маған оның әзіл сүйгіштігі қатты ұнады. Танысуымыз ұзақ әңгімеге ұласты. Сосын мен оған ештеңе ескертпей, оның жұмысына бардым. Ол үшін бұл қылығым тосын сыйлық болды. Ойымда ештеңе жоқ еді. Мен оны көргенен соң. Жай ғана сөйлесіп, кездесіп, саябақта серуендеп жүрдік. Сосын уақыт өте келе жүрегімнен бір жағымды, жылы сезімдер пайда болғанын байқадым.

Сол уақытта менен асқан бақытты жан жоқ еді
31 желтоқсан жылдың соны. Осы санда бір магиялық құдірет бар ау деймін. Себебі, мен таңертең казармадан әдеттегідей далаға шықтым. Бой жазып, курстастарыммен әңгіме айтып тұрған сәтте жігіттер бір жерге жиналып, дабырлап сөйлеп жатты. Сөйтсе, даудың басы даладаға жапсырылған, бірақ біздің институтымыздың назарында тұрған ақ қағазда жазылған сөздер екен. Онда былай жазылған: «Федор, сүйемін сені! Анжелла». Бұны көрген мен ол қағазға қолымды созып, жардан суырып алдым. Себебі, Федор деген мен, ал Анжелла менім сүйіктім Юлия еді. Біз еке уіміз әзілдеп бір бірімізге осылай ат қойып алдық . Бойымды алып жатқан қуаныышты қалай жеткізерімді білмедім. Мен оны сүйемін ғой! Ол маған ауадай қажет, мен онымен күн емес, секундқа да жібере алмаймын. Тағдырыма рахмет, маған оны сыйлаған!
Юлияның нұсқасы: «2011 жылдың көктемі мен үшін өте ауыр басталды. Уақытым тек жұмыс іздеумен басталды. Далада сәуір айы болатын. Қолыма барлық газеттерді алып, сонымен қоса, ғаламторды қосып қойдым. Бір күні маған Евгений Зубцовтан достық келді. Басым жігітпен емес жұмыспен бос емес еді. Алдым да жауып тастадым. Ол достық мониторымда бір рет емес бірнеше жыпылықтады. Қабылдадым, суретіне қарап, мен ол жігіттің тұлға екенін байқадым. Жігіттің пысықтығы соншама нөмірімді сұрады. Ниеті түзу шығар деп нөмірімді жазып жібердім. Содан кейін телефонмен айтылған ұзақ әңгімелер басталды. Ол маған қарапайым жақсы жігіт болып көрінді.

Оның алғашқы тосын сыйлығы
Маған ештеңе айтпай жұмысқа келгенде, таң қалдым. Қасындағы досы Дамир екеуі жақсы әсер қалдырды. Сол кездесуден кейін екеуіміз жиі кездесе бастадқ. Жаныма жігіт жуытпайтын мен, жүрегім еріп, бірдеңені сезе бастадым. Екі аптадан соң ол маған сөз салды. Мен өзім қалай «Иә» деп жауап бергеніме әлі де таң қалып қоямын. Бірақ мен қазір бақыттымын. Егер мен оның достығын қалдамағанда, нөмерімді бермегенде жағдайдың барлығы басқаша болар еді. Тағдырыма рахмет, оны сыйлаған!

«Федор, сүйемін сені! Анжелла»
Біз бір- бірімізге ат қойып алдық. Мен өзімді Анжелла, ал ол өзін Федор деп атады. Қол ұстасып бірге болғанымызға 7 ай уақыт болды. Бірақ, мен сезімімді жиі айтудан аулақпын. Себебі, оны сен қалай сирек айтсан, ол жүрегіне жылы тиеді. Мен өзімнің сүйіктімді қуантайын деп, 30 желтоқсанда кешке ақ плакатқа «Федор, сүйемін сені! Анжелла» деп жазып, институтқа қарап тұратындай далаға жапсырып кеттім. Мен онымен бірге өзімді бақытты сезінемін. Себебі , онымен өткізген әр сәт мен үшін мереке.
Евгений оқуды тамамдаған соң, бұл бақытты жұп болашақта өмірін бірге байланыстыруды ойлайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?