Өмір-ай

 Өмір-ай

Қыз — өте әдемі, ибалы, әдепті және білімді мектеп оқушысы еді. Оны бәрі мақтайтын, озат оқитын, үй шаруасына да жақсы. Анасынан басқа ешкімі жок, әкесі — анасы екеуін тастап кеткен. Әкесінің түрін де көрмеген. Анасының айтуынша, әкесі оны тастап, өзге әйелмен басқа жерге кеткен екен. Қыздың анасы — қарапайым сатушы, балалар үйінен шыққан, қалада пәтер жалдап екеуі ғана тұрады. Қыз 11-ші сынып оқиды, жақында грантқа оқуға түспек арманы бар. Анасы оған сый деп «Ұялы телефон» алып берді. Қыз — ортасымен тең болып, қатты қуанды. Ол енді интернетке кіріп, әр түрлі желілерге тіркеле бастады.

Осылай күндер өтіп жатты. ҰБТ-ға дайындалып және ғаламторға кірумен күндер жалғасты. Қыз бір күні бір студент жігітпен ВКОНТАКТЕ арқылы танысып, көп ұзамай кездесіп сырласып жүрді. Жігіт — қызбен жасты. Колледжде оқиды. Сүйкімді, сұлу, бойы ұзын, өте керемет жан. Күндер зулап, жігіт қызға сезімін айтып, ұсыныс жасады. Қыз да жақсы көріп, қабыл алды. Солай екеуі жүріп жүрді. Қыздың анасы бұл туралы біліп, қызына артық кетпей жүруін ескертті.

Міне, қыз мектеп бітіріп, жігіті қасынан табылды. Ақыры ҰБТ болды. Қыз өзіне сеніп, жақсы ұпай алды. Бұған анасы мен сүйген жігіті қатты қуанды. Енді, ол — Алматыға, оқуға тапсырды. Оған да түсті.

Жаз... Шілде айы. Жігіт оған үйленгісі келетінін айтты. Қыз келісімін бергінімен, анасынан рұқсат сұрау керектігін айтты. Ал анасы — жігіттің ата-анасы қарсы болмаса, ақ батасын беретіндігін айтты. Апта соңында жігіт қызды үйіне әкеліп, ата-анасымен таныстырды. Олар өте бай адамдар екен. Оларға болашақ келіндері ұнады. Жігіттің әкесі қызға сұрақтар қойып, танысып жатыр:

— Қызым, Әкең — анаң бар ма?
— Анам бар, әкем жоқ.
— Жә, өмір ғой, — деп жігіттің әкесі ойланып қалды.
— Қызым тегің кім? Анаңның есімі кім?
— Тегім Хасенова, Анам — Үміт, — деді қыз.

Осы сөздер жігіттің әкесіне қатты тиіп, жүрегін жарып шықты. Себебі, алдында отырған қыз — оның тастап кеткен, туған қызы. Ойланып мұңға батты, бірақ ештеңе айтпады.

Жігіт қызды үйіне апарған соң, өз үйіне оралды. Әкесі ұлына:

— Ол қызға үйленбейсің, ол — кедей, бізге лайық емес, — деді кесіп.
— Әке, олай деме! Бәрібір, мен оны сүйем.
— Ұлым, бірнәрсе айтам, тек сен ренжіме жарай ма?
— Иә айтыңыз...

Әкесі бәрін айтып берді. Жігіт жылап, әкесіне қатты сөздер айып, үйден шығып кетті. Қызға айтуға батылы бармады. Тастап кеткен әкенің ұлымен жүргенін естісе — қыз жоламайтынын біледі. Қарындасын сүйгеніне қатты қиналып, хабарсыз жоқ болып кетті. Қыз алаңдап қоңырау соқты, өшірулі. Үйіне бармақ болды, барды да. Ұлдарын сұрап еді, әкесі жылап, қызға ақиқатты жайып салды. Қыз езіле отыра жылап, әкесін ұра берді. Сол уақытта ұлдары келе қалды. Жігіт қызды жұбатып, екеуі үйден кетіп қалды. Қарындасы әрі сүйгеніне ол:

— Біз кінәлі емеспіз үйленеміз, мен сені сүйем, — деді. Қыз:
— Жоқ! Жібер, сен менің — ағамсың! Үйленбейміз! Кешір мені.
— Олай айтпа, сен мені сүйесің ғой.
— Жоқ, қазір бәрі өзгерді. Енді маған жолама!
— Сонда, мен кінәлімін бе?
— Жоқ! Сен менің ағамсың! Арамызда махаббат болмауы керек.
— Мен сені сүйем ғой, — деді жігіт қинала.
— Сау бол! Анама ештеңе айтпаймын. Тек менен аулақ жүр! Ренжіме жаным, — деп, қыз жылап, кетіп қалды. Жігіт сезімін қанша айтса да, қыз тыңдағысы келмеді.

Жігіт сол күні көлік астына түсіп, қайтыс болды. Жігіттің анасы қызға хабарласып, өксіп жылап тұрып, ұлынан айырылғанын айтты. Қыз одан бетер қан жылап, анасымен қосыла жылады. Тасжүрек әке ұлынан айырылғанын естіп, сөйлемей, мылқау боп қалды. Жігіт жерге көмілді. Қыз өзін кінәлаумен жүр. Сағынды, қайта оралмайтынына сенбейді. Тұңғиық әлемде мұңмен күн кешуде. Жігіттің қабір басынан шықпайды. Әкесін жек көріп, халін де сұрамады. Әкесі — мылқау. Өз ұлын жұтқаны үшін, өзін жек көреді. Кім кінәлі?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?