Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

 Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Сабақ тақырыбы: Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.6 - Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуындағы Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау;
10.3.4.7 - мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалардың мазмұнын зерттей отырып Қазақстан Республикасының даму бағдарларын болжау
Сабақ мақсаттары: Тәуелсіз Қазақстанның маңызды оқиғаларын білу, Тәуелсіздік алудың маңызын түсіну, Тәуелсіздік тарихындағы тұлғаларды білу, 1991 жылдан бергі Қазақстанның прогресін бағалау, Қазақстан Республикасының даму бағдарларына болжам жасау.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын айтып өту.
Сабақтағы жаңа ұғымдар мен терминологиямен жұмыс жүргізіледі.
Оқушыларды топқа біріктіру. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш таныған мемлекеттерді анықтап, сол бойынша топтарға біріктіреміз
Интерактивті тақтадан Қазақстанның тәуелсіздік шежіресі туралы бейне-фильм көрсетіледі. Оқушылар дәптерлеріне маңызды оқиғаларды, терминдерді жазып отырады.

Тапсырма 1. Хронологиялық кестемен жұмыс.

Жылы Оқиға
1991 жыл 1 желтоқсан
Семей ядролық палигонының жабылуы
Қазақ КСР-ның Қазақстан Республикасы болып аталуы
1991 жылы 21 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің бекітілуі
1991 жылы 2 қазан
Алматыда Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті
1993 жылы 17 желтоқсан

Бағалау. «Өзін-өзі бағалау» әдісі. Мұғалім дұрыс жауаптарын береді. Оқушылар өзін-өзі бағалап, қате кеткен жерлері болса дұрыстайды.

Мұғалім оқушыларды Н.Назарбаевтың кітаптарымен таныстырады. Слайдтардан көрсете отырып елбасының Қазақстанның Тәуелсіздік тарихындағы еңбектері мен бастамалары туралы әңгімелейді.


Тапсырма 2. Топтық жұмыс.
 Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады.
 Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
 Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері өтті
 Қазақстан елордасын Астанаға көшіру туралы шешім қабылдау
Мұғалім оқушыларға мәтін тағы басқа қажетті ресурстарды таратып береді. Топтар өздеріне берілген тақырыптар бойынша мәтінге және өз білімдеріне сүйене отырып презентациялар дайындайды, ортаға шығып қорғайды.

Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Топтар бір-бірінің жұмыстарына 2 жақсы жағын және 1 сұыныстарын айтып кері байланыс береді.

Тапсырма 3. Оқушыларға Қазақстанның даму стратегиясы мен бағдарламасынан үзінді беріледі. Қазақстан Республикасының дамуын болжап GAP талдауын жүргізіңіз деген тапсырма беріледі.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 534



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?