Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

 Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ)  (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: ҚР дамуы (1997 ж-бүгінгі күнге дейін)
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары (1-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып, себептерін анықтау
Оқу мақсаты: 9.3.1.4 - әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстыру.
БЫМ сынып оқушыларына мынадай сұрақтар қойыңыз. Бұл сұрақтарды сынып тақтасына жазуыңызға болады.
• «Наразылық» дегеніміз не?
• Халықтың наразы болуына түрткі болуы мүмкін?
Жетелеуші сұрақтарды қою арқылы сыныптық талқылау ұйымдастыруға болады.
М Сынып оқушыларын сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырыңыз
Зерттеу сұрағы:
• Демократиялық қозғалыстар қоғамдық сананы қалай өзгертті?
Ж оқушыларға ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы саяси жағдайлар туралы ықшамдалған мәтін (1-қосымша) ұсыныңыз.
Тапсырма: Кестемен жұмыс.
р/с Тарихи оқиғалар себебі Қысқа мерзімді салдары Ұзақ мерзімді салдары
1 АзиЯ кітабы

2 Жаңаөзен оқиғасы
3 Целиноград оқиғасы
4 Жас тұлпар ұйымы
Дескрипторлары:
• Мәтін бойынша тарихи оқиғалардың кем дегенде 2 себебін анықтау;
• Тарихи оқиғалардың кем дегенде 2 қысқы мерзімді салдарын анықтау;
• Тарихи оқиғалардың кем дегенде 2 ұзақ мерзімді салдарын анықтау;
Б Оқушылар кестемен жұмысын аяқтағаннан соң, ерікті түрде 1-2 оқушыға жұмысын сыныпқа таныстыруын сұраңыз. Осы тұста оқиғалардың салдарларына талдау жасап, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушылардың барлығы өз пікірлерін айтуын қадағалаңыз.

Ж оқушыларға 1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясынан үзінді (2-қосымша) ұсыныңыз. Тапсырма: Оқушылар берілген деректерді оқып, сұрақтарға өз жауаптарын негіздейді.
А) Берілген деректермен өз біліміңді пайдаланып, ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы әміршіл-әкімшіл зардаптарын түсіндір.
В) «ХХ ғасырдың ІІ жартысында КСРО-ның басқару жүйесі демократияланды» деген тұжырым бар. Сен бұл тұжырыммен қаншалықты келісесің?
Дескрипторлары:
• КСРО Конституциясының әр бабына сілтеме жасау керек;
• өз ойына кем дегенде 3 дәлел келтіру қажет;
• тарихи оқиғаларды ХХ ғасырдың І жартысы мен ІІ жартысын аралығындағы сабақтастықты анықтау;
• ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы өзгерістерді сипаттау;
• Тәуелсіздік жылдарымен байланыс орнатып, өзіндік баға беру;....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 947



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?