«Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы» (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

 «Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы» (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанға КСРО халықтарының депортациясы»
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Қазақстан территориясындағы демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістерді талдайды.
Сабақтың мақсаттары: • Ұлы Отан соғыс жылдарындағы КСРО- дан депортацияланаған халықтардың ұлттық ерекшеліктерін анықтайды.
• Тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады.
• Демографиялық өзгерісердің себептері мен салдарын анықтайды.
Бастапқы стимул тудыратын материал.
Оқушылар келмей тұрып сыныптың қабырғаларына, тақтаға тақырыпқа қатысты суреттер,өлеңдер,естеліктер, қағазға жазылып жапсырылады.

Қызығушылықты ояту.
(Б) Суретті көргеннен кейін, оқушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Бұл суреттен не көрдің?
2.Қандай қорытынды жасауға болады?
3.Қандай сұрақтарың бар?

(М) Кеңес халқының тылдағы ерліктері туралы слайд арқылы тақырыпқа шығу.
Мағынаны тану.
(М) Соғыстың алғашқы кезеңі және КСРО халықтарының депортациялануы туралы деректі материалдарға сүйенген бейнеролик көрсету арқылы оқушы ойын өрбіту.(Оқушылар қажетті мәліметтерді дәптерлеріне түсіріп отырады)

3-топ. «Біліктілігіңді көрсет» тапсырмасын орында.
1. Соғыстың қарсаңында және соғыс кезінде Қазақстанға қандай ұлттар күштеп көшірілді?
2. Олардың күштеп көшірілуінің себептері қандай?
3. Жоғарыда аталған ұлттар қай жерден келгені және Қазақстанның қай жеріне орналасқаны туралы не білесіз?
(Б) Картамен жұмыс.
Соғыс жылдарында Қазақстан территориясына көшірілген ауыр өнеркәсіптер туралы мәлімет бар мәтінді таратып, оқушыларға эвакуацияланған ауыр өнеркәсіптердің шоғырланған аймақтарын Қазақстанның кескін картасына түсірту. (Мұғалім тапсырмаға қатысты материал бар таратпаларды оқушыларға таратады)
(Т) Зерттеу және талдау.
Топтарға «Ойланудын алты қалпағы» тапсырмасын орындату.
( Топтарға тапсырмаларына қатысты мәтін тарату)

1-топ. «Ақ қалпақ» Фактілер келтіріп, объективті ақпарат беру
2-топ. «Қызыл қалпақ» Эмоцияларды сезіп, болжамдар беру
3-топ. «Қара қалпақ » Сыни аналитикалық талдау жасап, негативті пікір беру
4-топ. « Сары қалпақ » Шуақты оптимизм, позитивті пікір беру
5-топ. « Жасыл қалпақ » Идеялар беру, шығамашылық көрсету
6-топ. « Көк қалпақ » Үдеріске шолу жасау, шешім шығару.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 671



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?