Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

 Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.)
Сабақтың тақырыбы: Соғыс жылдарындағы Қазақстанның мәдени жетістіктері қандай болды?
Белгілі бір оқыту мақсаты: • ғылым салаларын дамытудағы қазақ ғалымдардың ролін анықтайды
• соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын түсінеді
Сабақтың мақсаты: 8.2.2.5 соғыс жылдарындағы өнер мен әдебиеттің халық рухын көтерудегі маңызын бағалау.

(Б) Сынып қабырғаларына, тақтаға тақырыпты бейнелейтін суреттер, плакаттар, карта, өлең, т.б. ілу.
Сынып тақтасында тақырыпты бейнелейтін суреттерді көрсетіп оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1. Суреттер топтамасында не бейнеленгенін анықтау
2. Суреттер арасындағы өзара байланыстарды түсіндіру
3. Суреттерге сүйеніп сабақтың тақырыбын анықтау
(Т) Оқушыларды топқа бөліп, алдына топ аттары жазылған анықтамаларды қою:
«Кино өнері соғыс жылдарында»
«Әдебиет майданға»
«Ғылым саласы Ұлы Отан соғысында»
«Саз өнері»

(Т)Топ атауларына байланысты төмендегідей тапсырмалар бойынша шығармашылық бағыттағы зерттеу жұмысы жүргізіледі.
Әр топқа мәтін беріледі.Мәтінмен танысқан соң, берілген тапсырмаларды орындайды.
Б Оқушыларға соғыс жылдарындағы мәдени жетістіктердің тізімін құрастыруға тапсырма беру. Сыныптық талқылау негізінде мәдени жетістіктерді маңыздылығына қарай орналастырып, өз ой-пікірлерін қорғауды ұйымдастыру.
Бағалау критериилері:
• Кино, әдебиет, ғылым, музыка салаларының жеңіске қосқан үлесін анықтау;
• соғыс жылдарындағы үздік туындыларды атап, сол кезең үшін оның 2 маңызын түсіндіру;
(Т) Оқушылардың тақырып туралы білімін жинақтап қорытындылау үшін Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және соғыстың алдындағы мәдениеттегі жетістіктерді салыстыру тапсырмасы беріледі.
ҰОС жылдарындағы Қазақстанның әдебиет, ғылым,кино өнері, музыка саласындағы жетістіктері

Бағалау критериилері:
• ҰОС жылдарындағы Қазақстан мәдениетіндегі 3 жетістікті біледі
• ҰОС алдындағы Қазақстан мәдениетіндегі 3 жетістікті біледі
• 3 айырмашылықты анықтай алады
• 3 ұқсастықта анықтай алады
Т.Әр топқа мәтін беріледі.Мәтінмен танысқан соң, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 топ. «Кино өнері соғыс жылдарында»
материалдарды пайдаланып, компьютерде соғыс кезін оның ішінде М.Мәметова ерлігін бейнелейтін «Батыр қыз» көркем фильміне сценарий құрастыру;
2 топ «Әдебиет майданға»
тобына өздеріне берілген материалдардан газетке мақалалар топтамасын дайындау;
3 топ. «Ғылым саласы Ұлы Отан соғысында» тобына сол кездегі қазақстандық ғалымдардың өмірі мен қызметіне байланысты буклет жасауды тапсыру;
4 топ.«Саз өнері» тобына соғыс кезіндегі белгілі қазақстандық сазгерлер мен олардың шығармаларымен таныса отырып, соғыс тақырыбында ән орындау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 079



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?