Асыл ана
Ана бұл – сен дүние есігін ашқанда бар мейірімімен қарсы алатын жан. Сені өмірінің соңына дейін бағып- қағып, өз бойындағы бар асылды сенің бойыңа құюға тырысатын жан. Сенің жан – жақты дамыған ойшыл, саналы адам болуыңа зор үлесін тигізетін жақын ұстазың. Сен ауырғанда оның жаны маза бермей, сен жылағанда жүрегі жылайтын жалғыз жан. Бұл өмірде әрине, бәрі уақытша, тек ананың шексіз махабатынан басқалары. Сені анаңнан артық тірі жан бұлай шексіз сүйе алмайды. Ана бар мейірімді бойына жинаған аяулы адам. Ананың балалары үшін қаншалықты қадірлі, қаншалықты қымбат екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүрінгенде демеу болар тіреуішің, сені әрқашан ынталандырып, жігерлендіріп отыратын да- ана.
Ана сенің жылағаныңа бей - жәй қарап отыра алмайды. Сенің болашағыңа алаңдап, өмірден көргенін өз баласына жеткізуге тырысады. Ананың табанының астында жұмақтың кілті жасырулы, сонда аяулы алақанында не жасырылған екен?Кім біліпті?! Әйел заты ең мейірімді, ең нәзік жан болғасын ана болу бақыты бұйырған. Үш қана әріптен тұратын ʺанаʺ сөзінде қаншама мағына жатыр.Ананың жүрегінің кеңдігінде бақыт орналасқан іспетті. Өзімізді анамыздың жанында бақытты сезінеміз. Ананың жүрегі әрқашан ʺбаламʺ деп соғып тұрады. Күні- түні баласын ойлап,сол үшін бар өмірін арнайтын жалғыз жан ол да – ана.
Сені адам қылған, ешкімнен қысылмай, еркін өмір сүруіңе қолынан келгенін жасайтын анаң. Ананың разылығы - Алланың разылығы деген. Ананы барынша қадірлеп, алақанымызға салып, аялап өтейік. Ана сенің бар еркелігіңді көтерді, ақ пен қараны ажырата алатындай дәрежеге жеткізді. Саған еш ашуланған емес, қателігіңді кешіре білді. Ана саған ең алғаш сөйлеуді үйреткен жан, анаға қарсы бірде- бір ауыр сөз айтпайық. Ананы бақытсыз еткен, екі дүниеде де бақытсыз болмақ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?