«Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

 «Мәңгілік ел» мұраты және тұлға сабақтастығы

№30 мектеп гимназиясының оқытушысы Рақымберлі Парасат Мағауияқызы

Мәңгілік ел - бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, канша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Бірақ осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшьшықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы жеңістер мен ауыр жеңілістер болды. Осы үздіксіз күрестің тарихи тәжірибесі «Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығы - халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи күн - Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап өту - өткен, осы және келер шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар көзі мерейтойлы күндерден бұрын есептелетін негізі мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. Тәуелсіз Қазакстанның Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың заманауи қазақстандық мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты мен стратегиялык көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды рәсімделген шекарасы бар, жемісті, тұрақты, беделді мемлекетке айналды. Қазақстандықтардың ұлттық идеясы мен тарихи санасын қалыптастыруда, және халықтың бірлігін нығайтуда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ерекше рөлін атап көрсету қажет. Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көпұлттың өкілдеріне Отан болып табылады. Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастыққа лайықты орын алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде - арғы жағында да арқасүйер, табан тірер не бар екенін қазақ жұрты мен қазақстандықтардың жарасымды тіршілігінің дәлелі болды. Бір кездері Алаш арысы Міржақьш Дулатов «Түрік баласы» атты жазбасында: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал балады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуга ыңғайлы болып тұрады»,-деп, сонымен бірге тағы жазған мақаласында: «Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларга сіңісіп, жұтылып жоқ болады»,-деді. Біздің Отанымыз Қазақстан - бүгінде тәуелсіз мемлекет. Елбасымыз өз сөзінде «Жер бетінде мыңдаған ұлттар мен ұлыстар бар. Біз - дербес мемлекет құру бақытына ие болатын 193 ұлттың біріміз.

Басқа бақыттың қонуы бір бөлек, сол бақытты бағалай білу бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың даңғылына түсе алган жоқ.Тәуелсіздік - тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол - өткен бабалардың алдындағы қасиетті борышы және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Біз Тәуелсіздігімізге тәубе деп, тәуекелмен болашаққа бет түзеп келеміз. Біз бүгін Ұлы тарихымыздың тағы бір шебінен сенімді өтіп келеміз»,-деген еді. Шынында да тәуелсіздікке қол жеткізуіміз, адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман-есен өтуіміздің өзі баға жетпес мұра емес пе?

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі - Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер тұлға бүгін Елбасымыздың әр ісінен көрініс тапқандай. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының тарихи жалғасы - бүгінгі өркениетті Казақстан. Еліміздің өзіндік стратегиясы қалыптасқан, әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарынан орын алуы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегі мен көреген саясатының жемісі деп білемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?