Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым
Ермұхамбет Арай
10 сынып оқушысы Ы.Алтынсарин атындағы
№ 49 мектеп-гимназия Жамбыл облысы Тараз қаласы
Жетекшісі: Ақылбаева Ләззат Кемпірбайқызы

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!». Осындай керемет ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туын желбіретіп, әнұранын әуелетіп отырған елміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне, міне, 25 жыл толады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Биылғы жылды Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын есепті жылы десек, қателеспейміз.
Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп:
«Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді»- деп, алдағы кезеңде әлі де кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырған болатын. Сонымен қатар, біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атқанын, сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туғанын мақтанышпен айта келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өткен еді. Қазір алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
«Тәуелсіздік» сөзінің астарына көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты жатыр. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз. Түп шежіресі тереңнен бастау алатын қазақ халқы өзінің жер бетінен жойылмай, іргелі ел, салиқалы салтын сақтап қалғаны – оның асқақ рухының арқасы. Ұшқан құстың қанаты талатын осынау кең даланы біздің ата-бабамыз ғасырлар бойы білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап келді. Бұл далада халқымыз сан мәрте соғысты. Тарихқа жүгінсек, ежелден қазақ халқы өздігінен ешқандай соғыс ашпаған, әрқашан бейбітшілікті ту етіп ұстаған бейбіт халық болған. Қазақ халқының ортақ ойы, арманы – бостандық, тәуелсіздік еді.
Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі, ол оңайлықпен келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, қайсар мінезді Қайраттар арқылы келді. ХVІІІ – ХІХ ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Халқымыздың басынан қара бұлт серпілмеді.
Дос іздедім жау тисе болысатын,
Қыс қыстатып, жаз бірге қоныстанатын,
Еділ, Жайық, Ертісті жағаладым
Үміт көрдім құдіретті Ресей атын, - дей келе, өздеріне қорған болатын ел іздеді. Бірақ, Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.
1917 жылдан кейін де еліміз қиын-қыстау күндерді бастан өткерді, мыңдаған жандар ата-жұртын тастап кетуге мәжбүр болды. Ашаршылық жылдарында да қаншама қандастарымыз опат болды.
1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті, елін қорғады.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
Осындай талай нәубетті басынан өткерген халық үшін азаттық, бостандық баға жетпес байлық екені даусыз. Қазақ елін бір тудың астына жинап, тәуелсіз ел болу үшін күрескен Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай,Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов секілді алаш арыстарының еңбегі өз алдына ерекше. Алаш ұлдарының арман-тілегі ұлттық сананы оятуға рухани түрткі болды.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Бүгінде Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері бай ел. Ендеше, қазақ халқы, барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздік алуымыздың өзі үлкен жетістік деп білемін. Осындай тәуелсіз елде өмір сүріп отырған ұрпақ шын мәнінде бақытты деп ойлаймын. 25 жылда тәуелсіз қазақ елінің қол жеткізген жетістіктерін аз деп айта алмаймыз. Осы жылдар ішінде қыруар істер атқарылды. Жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, ұлттық валютамыз, жаңа астанамыздың бой көтеруі - тәуелсіздіктің жемістері. Елбасының салиқалы саясатының арқасында мемлекетіміз өркендеп келеді. Ел экономикасы да жылдан-жылға ұлғайып келеді. Білім, медицина, мәдениет салаларында да керемет ілгерілеу бар. Бұл жағынан дамыған мемлекеттермен иық тіресетін жағдайға жеттік. Осындай табыстарымыз Елбасымыздың ерен еңбегінің нақты нәтижесі, жарқын көрінісі екеніне ешкім шүбә келтіре алмайды. Бүгінде еліміз тыныш, жұртымыз аман. Халқымыз тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елбасы жыл сайын халқына арнаған Жолдауларында еліміз үшін маңызды мәселелерге көңіл бөліп, олардың орындалуына баса назар аударып отырады.
«Алдымызда асу – асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп Елбасы айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді , аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған біздер – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматпыз. Біздің ең бірінші міндетіміз – тәуелсіз елдің өркені екенімізді ұмытпау, екінші міндетіміз – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенімізді дәлелдеу. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің басты бағытымыз деп есептеймін. Біз білім ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Тәуелсіздік біздің алдымыздан жарқын болашаққа үлкен жол ашып берді.
Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен тәуелсізбін, тәуелсіз елдің тәуелсіз ұрпағымын! Тәуелсіз елім , Қазақстан, жаса, жайнай бер!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?