Тәуелсіздік тұғырым
Досбергенов Мирас
6- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Біз тәуелсіздікті ақылмен,ата-баба
жолымен алдық деп ойлаймын
Н.Ә.Назарбаев
Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Біз өр Алтай мен Атыраудың сақтап қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Ақ білектің күші,ақ найзаның ұшы сынға түскен жаугершілік заманда,1458 жылы Әбілқайыр хандығынан іргесін бөлген Жәнібек пен Керей Моңғолстан жеріне Шу бойы мен Қозыбасқа ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік. Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлтты сейіліп,әнші бұлбұл шаттық әнін шырқады.
О,дүниеге жаңа сәби келді.Ол енді тәуелсіз елдің ұрпағы.Өлгеніміз тіріліп,өшкеніміз жанғанда,осы дүние есігін ашқан күнәсіз пенде.Осы сәбидің ертеңгі тағдыры үшін жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Ағы мен қарасы,жақсысы мен жаманы, жасағы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.
Ұлан байтақ жері бар,сабырлы да еркін халқы бар,үлкен мемлекетінің өзгеге ұқсамайтын тарихы,қалыптасу,даму жолы да ерекше болды.Атабабадан қалған ұлан- ғайыр жерді иіріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,өзгеге көңілімізді анық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз.Тәуелсіздік алып келген жетістікте, оң өзгерістер де мол.Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі-еркіндік!Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстырының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі.Соның біріАстана. Аз уақыт ішінде көркейіп, түрленген,тәуелсіздігіміздің түлегі.Отанымыздың жүрегі-Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай,тәуелсіздігіміз әйгілеп тұр.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақстандықтар үшін айрықша оқиға.Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күні ереуілге шықты.Қазақ елі басшысының қазақ болуын талап етті.Сол үшін Мәскеу қазақ жастарын жазалау шараларын ұйымдастырды.1991жылы 16 желтоқсан Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған армандарының орындалуы.Екі ғасыр Ресей империясының отары болған,жетпіс жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке еді.Қазақстан тәуелсіздігін алып ғасырлар бойы ұмыт бола бастаған тілін,салт-дәстүрін қайта жаңғыртып,тәуелсізік туын көкке көтерді Сол сандарлы кезеңде елдің елдігін,ердің ерлігін сынға түсірген шақта сыр бермеген егемен еліміздің биыл Тәуелсіздігіне 25жыл толып отыр.Биылғы жылдың біздер үшін ерекшелігі осында.
"Отан отбасынан басталады"дейді халқымыз.Расында,бала кезден құлаққа құйылып,бойға сіңген асыл сөздің астарында қаншама мән -мағына жатыр.Атақ та,бақыт та,бақ та Отанын сүюден басталады.Менің ОтанымҚазақстан.Елім барша ұлт өкілдерін бауырына басқан қаһарман халық Отаны.
Қазақстанның тәуелсіз республика болғанына биыл 25жыл дегендей,бұл қазақ жері мен елі үшін үлкен мейрам,зор қуаныш!Осы тәуелсіздікті атабабаларымыз қаншама уақыттан бері аңсап келді?!
Тәуелсіздік жолында қаншалықты қан төгіліп,қаншама өмір қиылып,халқымыз қандай қиындықты бастан өткізбеді.
1991жыл еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл.Сол сәттен бері міне 25жылда өте шықты.Қазіргі әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық,саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра,көптеген елдерден әлдеқайда алда.Еліміздің аяғынан нық тұруы,ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы-қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.
Бүгінгі Қазақстан-тек өзі тұрған аймақта ғана емес,бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел."Қаз тұрып,қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын бастап,осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты аттаған алып секілді,дәуір жалынан мығым ұстап,тізгінін бекем қаға білді"-деп Елбасымыз айтқандай,егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.
Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекеттермен ұлттық валютасы теңгені енгізу,көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу,Конституциямызды бекіту бар еді.Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды,бірақ өз жерінің бір сантиметрінде ешкімге бермейді.Мұндай істердің орындалуы ерекше тарихи жетістік.Айта берсек ХХІ ғасырға жеткен еліміздің жетістігі өте көп.Дегенмен,бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра,бұл егемендіктің қалай келгенін жақсы білемін.Қазақстан үшін,қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді.Халқымыз бостандықты аңсап,тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ.Тәуелсіздік атабабамыздың ежелден келе жатқан арманы.Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл күнге дейін ұмытылмас оқиғалар-ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге,өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға халықтың өзі де жандарын пида еткен.Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ-студент жастардың көшеге шығып үндеуі,егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-ең алдымен халқымыздың бақыты.Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу біздің буынның бағыты болуы тиіс. Осы тәуелсіздік біреу берген жай ғана сыйлық емес.Бұл тәуелсіздік атабабамыздың ерлігімен,бірлігімен,қайсар рухының арқасында келген -ұлы жеңіс. Ата-бабамыздың қан төгіліп келген бұл тәуелсіздігін әрқашан да мақтанышпен айтып жүремін. Мен осындай тарихыммен мақтанамын және де тәуелсіздігімізді қорғаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?